Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  195


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Ел үшін туған Ер

(Тасболат Қасеновке)
Тағдырласым, қандасым, Тасболатым!
Болашағым езіңнен басталатын.
Жал-құйрығым, жарығым, қос қанатым!
Кекшетауда кеші-қон басқаратын.
Жан екенсің жайдары, жаның ізгі,
Ел мақтайды парасат, арыңызды.
Қабақ шытпай қарсы алған берімізді,
Жұлдызымсың жылытатын жанымызды.
Ардағымсыз қонбаған кегіне түн,
Жалын атқан жырымсың тегілетін.
Азаматсыз аяулы, түсің игі,
Аузын ашса жүрегі керінетін!
Қаламыңды қолдады елің ұштап,
Оралманның келесіз жолын нұсқап.
Сағынамын арқалап, халық үшін,
Жүгіресің жүректі қолыңа ұстап!
Сейлегенің керемет дұрыс тілде,
Ұлтың үшін ұқсайсың Күміс күнге!
Жаралыпсыз жарқырап жалын атып,
Жан екенсіз лайық министрге!
Күш, қуатың, жігерің-жаның да ерен!
Жанарыңнан алаулы жалын керем!
Ер кеңілді бастықсың сезін тыңдап,
Мұңын шағып, халқының қамын жеген!
Бірегейі қазақтың баласысың,
Тал бойыңа жинапсыз бар асылын!
Келіп тұрмыз ер кеңіл сізге сеніп,
Қол ұшын бер қадірлі жанашырым!
Қазақ жанды қандасым, қаруласым!
Халық үшін қатты ғой жарым басың!
Аман болсын үй-ішің, бала-шағаң,
Басыңыздан бақ, деулет арылмасын!
Кеп жасаған адам бол емірі ұзын!
Қалсын меңгі тарихта теуір ізің!
Құтты болсын мейрамың келе жатқан!
Асыл інім! Оң болсын Наурызың!
16 наурыз, 2006 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу