Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  153


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Аққу күйші

(толғау)
Қасиетті қайран Миқыбай!
Мінезі тұлпар жылқыдай.
Кеудеден аққан күй құлап
Керемет күйші, шіркін-ай!
Айдында жүзген аққудай
Кендірген күйді ырқын-ай!
Ауызға елді қаратқан,
Ортасы думан, жұрты май!
Күй тұнып, толқып тұратын
Талына ербір мұртының.
Іші де сом, сом, сом алтын!
Кез тартқан нұры сыртының!
Күмбірлеп, сылқым күй тетті,
Сұлу да, сері сымбатты.
Сегіз де қырлы, бір сырлы
сейлесе шешен тілжақты!
Саусақпен етіп ер таңы
зымырап ұшып жыл жатты.
Тыңдауға ғажап күйшіні
шалғайдан шалдар түн қатты.
Құдірет кезі алақтап,
Жүректе күйді сараптап,
Су жаңа аппақ атлас
Жейдесі, шықты бері аппақ.
Құйқылжып күйі құйылып,
Тамаша талай таң атты-ақ!
Қандырып құлақ құрышын
Парызын еткен ері ақтап.
Мейірі қанып халқының
жұтыпты күйден бал аппақ!
Тыңдарман ұйып тыңдайтан,
Құйылған қымыз, тамақ қап.
Тарихын күйдің толғайтын
Әр бірін есем парақтап.
Қырандай кекке шарықтап,
Шертеді сырды сабақтап.
Кекірегінен күмістеп,
Құс жолын түзер жолақтап!
Керуен кербез бір күйден
бір күйге кешкен сел аттап.
Жаңа күй тартса тебіреніп,
арманы аппақ, жаны аппақ
Құс жолы сынды күйдің де,
Жүрекке жетер жол аппақ!
Кеудесі алтын шежіре
Сеулесі аппақ,сана аппақ,
Несер күй сел боп жауатын,
Саябыр ғана толастап,
Жаныңыз жайлап жай табар,
Кеудеден кекті аластап.
Құландай қүйды құйғытып,
Бабалар етті сан асқақ,
Жүйткиді асыл аталар
Жалғаны жылда шолақтап...
...Бүгінгі кейбір күйшілер
барады босып бері ақсап,
...Ақсаса күйден ақсасын
жүрмесе екен ары ақсап!...
Жақсыға зар ма , О дүние
Қоймапты ажал балақтап!
Жалғаннан етті жарықтық
Емірге аз күн қонақтап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу