Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  149


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Іңкәр сезімді ақын

Бұл жалған баянсыз екенін ұқсын! – деп,
Емірді қадір тұтсын –деп,
Сақина тілегендер сау басына,
Түссін – деп, теубасына,
Қойдан қоңыр, бейуаз кегершін – деп,
Тұла бойың толған енерсің – деп,
Ақындықтан сан-саққа ауыса бергенде,
Кез майын ғылымға тауыса бергенде,
Қуашты ертерек екеткен сияқты.
Бетке тартқан бетсіздерден,
қиянат тартқан соң тексіздерден,
Тас керең, кер соқырдан,
жапа шегіп, биден терде отырған.
Шыбын жаны шұрқыраған соң,
Сай-сүйегі сырқыраған соң,
суқаны сүймейтін үшін зелімді,
сендіріп жігерін жалынды,
Қуашты ертерек екеткен сияқты.
Жемтік қуған құзғыннан да жексұрын,
Ұялатқан кезімізге кек шыбын,
Тұнығымызды лайлаған,
Арды таптап, ақшаға бас байлаған,
Әдебиетке ысқырып,
Қарамай пысқырып,
Қарақан басының қамын ойлағандарды,
Халықтың тағдырымен ойнағандарды,
Кезі шалмасын – деп,
Кеңілі қалмасын –деп,
Қуашты ертерек екеткен сияқты.
Қарапайым, қайран інім, жарықтық,
Тірілерді жүр – деймісің қарық қып!
Қолда барда бағаламай алтынды,
Енді, міне, бір керуге зарықтық!
Жаны жайсан жігіт едің келіскен,
Езің барда ерем биік, еріс кең,
Талай ыстық күндер етті керіскен,
Қайран Қуаш қасиетті періштем!
Кез тіріде ақындарды езді илеп,
Сырқат емес елтіреді сез түйреп.
Аяғыңнан іштей шалып тезірек,
Құлатады топас бастық безбүйрек!
Еш алаңсыз! Меңгі ұйықта, ақыным!
Қу дүние! Деңгелейді ақырын.
Бір-бірімен жұлысқаннан тып-тыныш
Мызғып жаның, қызғаныштан мақрұм.
Ете шықты емір – солай сағымдай,
Ар алдында жарқылдадың шағылмай!
Ақын ғұмыр содан шығар тым қысқа,
Қазағымның қамшысының сабындай.
Арманы асқақ , іңкер себи сезімді,
Қайран ақын ентек ерте кез ілді.
Аңсай-аңсай дарыныңды, езіңді,
Жан жүрегім елжіреді езілді.
Бос етпейтін бір жыл тұр ғой, бір аптаң,
Кез ілместен атырушы ең ұзақ таң.
Қандай құдырет бар екенін кім білсін,
Қасиетті, қимас ақын Қуат жан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу