Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  138


Автор: Берімбай Ысқақұлы

* * *

Бүгін думан , бүгін той!
Тек, ен-күйден бұйымтай!
Шаттық билеп, ер үйде,
Жасалуда жиын той!
Мол қуаныш! Той кеңіл!
Кетеріңкі жай кеңіл!
Дастарқаны даладай
Қанатын кең жайды емір!
Биыл құтты, мол жауын!
Жасыл шалғын жан-жағың!
Аққа тойып, ел аузы,
Керкем бие баулары.
Ел тынысты! Еріс кең!
Бал қымызын ел ішкен!
Кетере алмай желінін
мал қайтады ерістен!
Сайлап берген садағын,
Палуан жасап «сабағын»
Сейгүлігін жаратып,
елді ауызға қаратып,
Мейманхана дайын тұр
Қарсы алуға қонағын.
Асау сезім бұлқынып,
Кеңіл-жорға жұлқынып,
Ел мез-мейрам, кез тартып,
Стадион құлпырып!
Бойға күлкі шуақты ап,
Қолға қымыз, шұбатты ап,
Бүгін шаттық! Бүгін той!
Ел киінген сылақтап!
Бура санды палауанды,
Шабындырып алайық.
Қол кесердей кеңілін
бағындырып алайық.
Ән мен күйге халықты
Шомылдырып алайық!
Берекелі ел екем!
Кеңілдері кел екен!
Мінездері ер екен!
Жүрегі кең тер екен!
Құтты болсын тойыңыз!
Құтты болсын мерекең!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу