Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  116


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Төңкеріс жемісі

Жай халықтар кешегі,
Жауға бермей есені,
Қол бастайды құлшынып,
Сүхбаатар кесемі.
Ел күреске ұмтылды,
тілек тілеп, жыл тұрды
Жаңа мизам таңы атып,
Кедейлерге күн туды.
Теңкеріс кеп жеңісі,
толды елдің ерісі.
Базыналы бақытқа
Кеп кенелді ел іші.
Базар болып барына
дақ түсірмей арына.
Екіметтің билігін
Халық алды қолына.
Қанаты кең жайылды
ұлы мақсат қойылды.
Кезін ашып, оянды
Сауатсыздық жойылды.
Жойып таптық егесті,
бай мен кедей теңесті.
Қара кедей баласы
бай баламен тең есті.
Терезесі теңеліп,
Кесегесі кегеріп,
гүл жайнады еліміз
шұғылаға беленіп.
Саясатты ел ұқты,
еңбек билеп халықты.
Сырқаттардан кеп жылғы
құлаң -таза айықты.
Емір сүрді ел дұрыс,
Қонды бақ пен елге ырыс.
Зеулім мектеп кек тіреп
бой кетерді ендіріс.
Үгіт айтып жалынды
түзеп тербие, телімді.
Шипажайлар сап түзеп,
Ғимараттар салынды.
Баласы оқып сан үйдің,
Жарқырады шам игі!
Кек тіреді кез тартып,
бақшалары себидің.
Жетім мұңы сан қайғы,
Шаранадан шайқалды.
Бірлестіктер құрылып,
Қорасына мал толды.
Қырда толқып теңіздей
Жасыл егін жайқалды.
Жан аямай кесіп қып,
Белсенділер байқалды.
Ғылым, білім шыңдалды,
Кешті талай сындарды.
Тау қопарып, мыс қазып,
Игерді істі шымбайлы.
Жақсылықтыр жол алып,
Қаз-қаз тұрды қала алып.
Шетті ауызға қаратып,
Ғылымда ашты жаңалық.
Қолы жетіп табысқа,
Елім жетіп дамысқа.
Азаматын ұшырды
арман болған ғарышқа!
Дамысыма сырт күйді!
Техника есіп, кілт тиді.
Поездары аңыратып
Шойын жолмен жүйткиді!
Еркен алып сан салаң,
Арман асып, аңсаған.
Шелден құдық қазылып,
Электрі самсаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу