Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  260


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Берімбай Ысқақұлы мен Құдағиының айтысынан үзінді

Б.Ы:
Көңілің болса кең жайлау тесінде кел,
Екінті ақшам тасалап бесінде кел!
Шыныменен жеңілсең, жас құдағи
Құдаңыздың қойнына шешінде кел!
Құдағи:
Жақсы адамның шалқыған тілеуінде,
Отыр аға ата-енем, күйеуім де.
Ұяламын халықтан, болса оңаша
Елемес ем құрдастың біреуінде!
Б.Ы:
Жан тартамын жанымды құйып тұрып,
Естідіңдер еніме ұйып тұнып!
Ұлы сезде ұят жоқ қымсынбай-ақ,
Мауқымды бас, бетімнен сүйіп тұрып.
Құдағи:
Той тойладық, ел жұртты жиып тұрып,
Қалай айтам:- кеңіліңді қиып тұрып.
Ар ұяттан адамдық аттамаңыз,
Непсіңізді езезіл тыйып тұрып!
Б.Ы:
Меселені жібермей ұшықтырып,
Орныңыздан, құдағи ұшып, тұрып,
Мейірімді, шіркін-ай, қандыршы бір
Алма кезек бетімнен құшып тұрып!?
Кұдағи:
Жан сырыңды жаныма түйіп тұрып,
Еркелейтін, басымды иіп тұрып.
Шамаң болса, құдажан, келші, кене!
Қандырайын мейіріңді сүйіп тұрып.
Б.Ы:
Әнге бастың, еріптес, қызықтырып,
жан сырыңды жүректен үзіп тұрып.
Ақ тесіңді айқара аш, аймалайын.
Айдындағы аққудай жүзіп тұрып.
Құдағи:
Несерлеттің, құдажан, несерлеттің,
Ертесімен болмайды кеші еңбектің.
Неге екенін білмеймін, мысың басты,
Дауыл тынып, дағдарып бесеңдеттім.
Б.Ы:
Таң атқанша айтыстым, несерлеттім,
Қиясына елеңнің неше ерлеттің.
Менгі қалсын, осы айтыс белгісіндей,
Ақ тесіңді жалаңаш тесей кеткін!
Құдағи:
Кеп алдында кепірмей бесеңдеткін,
Дұрыс сейлеп, еніңді есерлі еткін!
Терісіне симаған шу асаудай
Билеп апты, бойыңды кеселді екпін!
Б.Ы:
Тартысындай айтыстың еткелектің!
Кепірме!- деп кеңілімді кектеп еттің,
Кеңлің болса – деуші еді – кеш женекей
«Не себептен тартындың, екпелеттің?!»
Құдағи:
Жүйрік едім алдыма жан салмаған,
Болмаған ел, еніме тамсанбаған!
Аяқ асты тасырқап қалдым бүгін,
Ақын едім, атқақтап, ен саулаған!
Б.Ы:
Тасырқадың, елеңде, тастақтадың,
Шабыттандым, шалқыдым, асқақтадым!
Мелт-мелт етіп кездерің мелдіреп тұр
Жанарыңды аяумен қас қақпадым.
Құдағи:
Шарапатты құдадай шешен кепті,
Амал бар ма, елеңде есем кетті.
Әзіл күлкі едемі айтыс болды
Сен келтіріп, сазымен есемдетті.
Б.Ы:
Бұза керме! Айтыста шартымызды,
Ата дестүр ойлай жүр, салтымызды.
Жеңілмеңіз, осымен, айналайын,
Беріп кеткін, орамал-шаршымызды!
Құдағи:
Жырларыңмен жанымды жанап еттің
Естеліке орамал ала кеткін.
Қала кеткін. мейлі дала кеткін,
Мейман болып, дем татып, қона кеткін!
Кеңіліме кел-кесір қана кеткін,
Сыңғырлаған еніме сала кеткін
Сағынғанда сары жайлау самал кешін,
Сылқылдаған күлкімді ала кеткін!
Б.Ы:
Домбырамның бір күй бар шанағында,
Айталмаған бір ен бар тамағымда.
Май берсе де жей берер қонақта ес жоқ,
Не берсеңде, езің біл, қонағыңа.
Қытықтайды кезімді бексең, денең,
Айдын келге арман кеп жетсем –деген,
Ертеңгірдің жайлауын жайлап шіркін,
Емін-еркін аймалап етсем – деп ем.
Кекірегіңе кеңілімді құлыптай жүр,
Аймақ барып, қыдырып, жуықтай жүр.
Қайда жүрсең, аман жүр, айналайын,
Осы айтысты еске алып, ұмытпай жүр!
***
Ата жұртта шырқағанмен тап-таза ен,
Басымда үй, бауырымда жоқ қазан!
Кекке қарап ұлығанды шығардым,
Кеңіл күйден кетіп-ақ жүр кеп мазам!!
Бара жатыр күннен күнге күн азып,
Ақиқаттан қу қиянат жүр озып!
Әділетті таптаған соң табанға,
Жыным келіп құтырынам құлазып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу