Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  198


Автор: Берімбай Ысқақұлы

1921 жылдан кейін

Артта қалып, бар бейнет жыл бұрынғы,
Кедейліктен құтылып ел құрылды.
Армандаған ашты да түңлігіңді,
Жарқыраған арайлы туды күні.
Тартқанында сазайын жазасының,
Қарсыласып бай алды таз ашуын.
Мейірі қанып жұтады жас ұрпақтар,
Кеусар бұлақ білімнің «таза суын»!
Орнады да бірлестік ең алғашқы,
Екіметке бар мүлік ортақтасты.
Енеркесіп, ендіріс бой кетеріп
Аймақ, сұмын, қалаға ел топтасты.
Бүр жарғанда бақыты бүршігінің
Бостандықта ел қойды күрсінуін.
Шарапаты шалқыған шат заманда
Революция жақсарты тіршілігін.
Ырыс, құтқа ел жырғап кенеледі,
Тақыр кедей байлармен теңеледі.
Енер, ғылым, еркендеп медениет
кесегесі халықтың кегереді.
Шұғылалы шуақты нұрға толы,
Партияның бастаған сара жолы.
Моңғолия езгеріп танылмастай
Халқымыздың еркенге жетті қолы.
Молшылық кеп, дастархан астауыма
Аспа тек боп, ел тойды қас-қағымда.
Зор бақытқа халықтың қолы жетті,
Партияның кеменгер бастауында.
Ардагерлер ардақты ел еркесі,
Жас ұрпаққа мақтаныш енегесі.
Жүректерге жақсылық ұялатқан
Құтты болсын партия мерекесі!
Болғанымен бесеке аты шулы,
Кездемедік мін тағып, атысуды.
Партиямыз күнінде думандатып,
Мақсат тұттық жарысқа қатысуды.
28 ақпан, 2004 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу