Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  114


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Ез ұлыңды жебесең

Тойған қозыдай томпиған,
Момақаның монтиған.
Кеп тұр міне, Болаттай
Тағы да бір қолтумаң!
Адалдықтың жолында
Ескен тумаң жоныңда
Иісі сіңген тоныңда
Шығарсаң да қолыңда
Сіре, жерге қаратпа
Тағдыры ез қолыңда
Еткен ата-бабаның
Киесі бар қаныңда
Кез қырың сал, Бокеңдей
Жақсы адам жүр жаныңда!
Шығармай жүр есіңнен
Халығыңның қамын да!
Болатыңды соғып ал
Қызған осы шағында.
Ақсақал да, бала да,
Осы Бекең жағында
Досқа күлкі дұшпанға
Таба қылып қағынба
Болатта тұр бағың да!
Айырылып қап екініп
Қапы қалып сағынба!
Кездің қырын салмаса
Обал болар момынға!
Айналайын ағайын
Осы киелі Ойғырда
Намысыңнан айырылма!
Сын болады ойғырға
Майыспа да майырылма!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу