Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  135


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Ұлы күні ұлыстың

Мез-мейрам, мере-сере іргелі елі,
Табылып жаңа жылда іздегені.
Наурыз құтты болсын думаныңыз,
Кісінеп жарқыраған жыл келеді.
Бақытты шат-шадыман ел екенбіз,
Тасқындап арта түссін берекеміз.
Шалқысын шарықтасын шаттығыңыз
Наурыз құтты болсын мерекеміз!
Жалындап жана жылда жайнадыңыз,
Думан той құшағында аймағымыз.
Жыл киелі мал-бас аман, ауыл – аман,
Наурыз құтты болсын мейрамымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу