Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  137


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Данышпансың елдегі

( Тасболат Қасеновке арнаймын.)
Тасболатым,
Қос қанатым!
Кеші-қонмен осынау
Кекше тұрғой
Дүйім елге жігітсің,
Бас болатын!
Ең аяулы адамсың – жиырма бірінші ғасырдың!
Жалынынан жаралыпсың, жалын шашқан жасынның!
Асқар, асқақ ата-анаң! Сынығысың асылдың!
Қасиетіңе бас ұрдым! қасиетіне бас идім!
Мүмкін емес сендей жанды хан тағына сайламау,
Мүмкін емес сендей жанды сарғайып бір сағынбау!
Нұр шаша бер, жарығым, мекемеңнен шағындау,
Жүре берші, бауырым, аман-есен жанын сау!!
Саған - деген сарғайған cағынышым сарқылды,
Ардақ тұтып халқыңды, асқақтаттың салтыңды.
Ішкен асын сен – десе, жерге қойған ел-жұртың
Жазсын саған, құдайым, шаттануды шалқуды!!
Ең силы да, сыпайы, ғажап жансың елдегі!
Сен – дегенде кернейді ыстық сезім кеудені!
Шыққан кеңіл мыңнан – шуағың мен шұғылаң ‒
Нұрландырған зердені данышпансың елдегі!!
Ізгі тілекпен, ыстық жүрекпен
Ақын ағаң, Берімбай Ысқақұлы
2007. 12. 14 ж. 13 cағ 10 минут, поезде жазылған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу