Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  178


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Аман жүрсін қарттарым!

(терме жыр)
Еңбек етіп, түбі игі,
Маңдай терін сіңірді.
Талай-талай күрделі,
Бастан кешті ғұмырды.
Ол бірлікте: қырық кісің,
Жұмылдырған жұрт күшін.
Берекенің ұйтқысы
Мықтының ең мықтысы.
Елі- жұрты паналар,
Қариялар, даналар!
Қаһаралы аяз қарда ескен,
Сұрапылда саз кешкен.
Шайқаста бел шешпеген,
Бейнеті жоқ кешпеген.
Ақ арманға сүйреген,
Қатарлары сиреген.
Кеудесі кең даладай,
Мінездері баладай.
Елі, жұрты паналар,
Аман жүрсін, даналар.
Ақыл айтқан пайдалы,
Жаны жомарт жайдары.
Әр ауылдың кесемі
Үлгі ап, ұрпақ еседі.
Асқар таудай саялы,
Алақаны аялы,
Қадау-қадау тұлғалы,
Адалдық жол қуғаны.
Елі жұрты паналар,
Қариялар даналар.
Арқа тұтар ер ұя,
Кеңілі кел дария.
Жақсылыққа бас болған,
Жауға қатал қас болған.
Емір керкі – аналар,
Ана керкі – бабалар.
Бері үлгі ала алар,
Аман жүрсін, бабалар.
Елі жұрты паналар,
Қариялар, даналар.
Кенекезім кереген,
Арта берсін, енегең!
Бақыт сыйла, сая бер,
Құшақты кең жая бер.
Шуағысың, нұрысың,
Жүрек жарған жырысың.
Жалғастырған ұлы ісін,
Ірінің ең ірісің!
Елі жұрты паналар,
Қариялар, даналар.
Құлақ салғын сезіне,
Кекірек күй – шежіре.
Қамқорлықты аяма,
Қарт адамды аяла!
Бойларында бұла күш,
Балалары құрақ ұш!
Құтты болсын 70 жыл!
Құтты болсын қуаныш!
Елі жұрты паналар,
Аман жүрсін, даналар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу