Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  227


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Әділетсіз әділ қазыларға

Керісті де, оқытты жамап қайғы,
Іштарлықсыз қашанда таң атпайды.
Кісендеуі дарынды масқара ғой,
Мені неге бейгеге жолатпайды?!
Терешілер жапалақ жалақтайды,
Шығара алмай шешімін алақтайды.
Тыйым салып торқалы тойда елеңге,
Неге бізді бейгеге жолатпайды?!
Әділдікке жетпейтін ересі де,
Тас байланған қу құлқын еңешіне,
Күйкі болған күйкентай терешіге,
Бетке тартып, бетсіздік жасамауды,
Ескертемін осыны келесі де!
30 наурыз, 1999 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу