Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  135


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Халқым мені бағалайтын күн туар

Уақыт күншілдерден ешін алар,
Келіксіз қиянаттың кеші қалар.
Тіріде түсінбестер кез жұмған соң,
Күн туар, халқым, мені есіне алар.
Күндестер! Қызғаншақтар! Табалайтын!
Қарадай қан жаудырып қаралайтын!
Аузына ақымақтың құм құйылып,
Күн туар халқым мені бағалайтын!!
Күн туар топастар да тұралайтын,
Кез келер керенаулар қиялайтын.
Жақсы күн – алыс емес, елеңдерім ‒
Халқымның жүрегіне ұялайтын!
26 тамыз, 2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу