Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  146


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Алдаубекке

Алдау, бала, аман ба?
айтар сезің темам ба?
Ту бие, ту сиырға
Келмес, білем, шамаң да!
Келтіресің не пайда
Етірік айтып қоғамға?
Сен жетпейсің ұшпаққа
Қиянат жасап адамға.
Айтсам сездің расын
Келешегіңе алаңда!
Сыбыр етсем ерт шығар
Таныс қалың ағаңда.
Сосын бетті жыртасың,
Жақтасыңды құртасың!
Жалманыңнан түсесің
аспай жатып «қырқасын»!
Барар жері темірдің
ұста – бала демекпін.
Мұндай жаман қулықты
Таста! – бала демекпін.
Айтар ақыл езіңе
Қысқа – бала демекпін.
Омақасып биіктен
Ұшпа! – бала демекпін.
Бауыры едің нақ достың,
ағаң үшін кеп тостым.
Сезіне еріп жақтастың
екі жылдай ап қаштың!
− «Шамасы, енді, келмейді, −
− деп, ойлама, қақпастың»
Бергенімді есептеп,
Кеп тұрғам жоқ соттасқым!
Оңалмадың от бастың!
Шылғи сейлеп шоқ бастың!
Ту сиырыңды алмаймын,
демен: − Бие жалмаймын ,
Обалыңа қалмаймын,
енді, ойлама : − тағы да,
жаман шалды алдаймын!
Сыртқа салып жаяңды,
........
саптап кетсең «нояңды»
Түсіремін қояңды!
Саған тықыр таяңды!
***
Аямаған ез бетін,
Қан жоса ғып езге етін,
Кісі бетін түйедей
Тырнайды екен шиедей!...
11 сеуір, 2004 ж.
Таңғы 05 сағат 00




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу