Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  130


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Өмір заңын өрнектеген от өлең

Ай мүйізді айшықталған от елең,
Оқырманы ойсыз, мисыз кетерем,
Жүректерге, бірақ демде жетер ең,
Жеткізбеген, жалған неткен бекер ең!
Жұтатын бал, незікке нер елеңдер,
Түсіне алмай, түйсік алмай кереңдер.
Тағзым алмай, тамыр жаймай емендер,
Адасып жүр, арбасып жүр тебеңде ел!
Талай ғасыр, жалғасар жыр сағымдай,
Тына алмайсың, тұра алмайсың сағынбай.
Күшін алмай, тұшын алмай қаңқа бас,
Кез іледі, езіледі сабындай.
Емір заңын, алтындаған қан – жырмен,
Қанатына жарқылдаған енді ілген.
Мың жылдан соң, шыңғырған соң замана,
Ұран салып, жыр-ен «сауып» таң күлген.
Аңырады-ай, мамыра жай тіл – бесік,
Тазалап тен, ажар ап жан күнде есіп.
Шұрқырасып, дидарласып, ғарышпен,
Арман бар ма, қалғандарда тілдесіп!
29 сеуір, 2000 ж.
23сағат 10минут




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу