Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  140


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Жүрегімнің жаумай тұр жаңбыры әлі

Қайран менің жүрегім, қайран менің,
Түсіне алмай таусылды айлам менің.
Кейде жүйткіп, ағызып шабасың кеп,
Кейде тасып арындап ағасың кеп!
Алып байтақ далаға сыймай кетіп,
Шат емірді барасың қимай кетіп.
Кейде жаным тауларын бос қопарып,
Соғасың кеп аямай тасқа апарып!
Кейде асқақтап аспанға самғайсың кеп,
Теменгіге бірақ, кез салмайсың, тек.
Самғай алмай кей кезде тым биікке,
Батасың кеп тіреліп тұңғиыққа.
Кейде кетсе алаяқ пендеде ешің,
Ерге жүрмей қояды кейде кешің!
Қайран байғұс жүрегім шерлі менің,
Серпілмедің, неліктен сергімедің?!
Қайран менің жүрегім алқынғанда,
Тау, тау биік соғасың толқындарға!
Кейде дұрыс жолдарды қуалайсың,
Жақсы адамның жанына ұялайсың!
Кейде тасып керемет лепіресің,
Болымсызға қуанып секіресің.
Жүрегімді аямай ала ұшқанда,
Кеңілім қалды достан да, алыстан да!
Болар жақсы емірдің бір елесі,
Қайран менің жүрегім жүдемеші!
Шап жүрегім, зуласын кете берсін,
Асқақ,асыл арманға жетелерсің!
Қайран менің жүрегім шапқылай бер
Ақ, қараны айырып атқылай бер!
Болмашыға жүрегім, екпелеме!
Шарықтамай жатырсың кекке неге?!
Қайран менің жүрегім самғасаңшы,
Болашаққа жанымды жалғасаңшы!
Неге менің жанарым жаудырады,
Қайда менің кеңілімнің қалбырағы?
Неге менің жүрегім дір етесің,
Ақ кеңілді арсыздар қалдырады!
Жүрегімнің жаумай тұр жаңбыры елі,
Кеңіл құсым шағылдан сан құлады.
Келмегенде данышпан айтқандары,
Жамандардың келеді сандырағы.
Неге менің жүрегім жылап тұрсың?
Арман еді шаттығым ‒ бір ақ құсым.
Неге, неге тыншымай деңбекшисің,
Кімнен кемек құдай-ау, сұрап тұрсың?!
Бақыт, байлық, жүрегім, тұр ақылда,
Ақылды берер тосқауыл сұрапылға!
Езгеге емес, сен! Ез күш, қуатыңа,
Сонда ғана жетесің мұратыңа!
Талай жанның жанары мелдіреуде,
Бақ құсы боп, жүрегім, қон біреуге!
Сүйіктісін бағындыр алып есін,
Жүрегіне кемектес елжіреуге!
Қайран менің жүрегім жүдемегін!
Күт жанарға жақсылық түнегенін!
Не тілеген тілегін қабыл етіп,
Адамдарың бере кер, тілегенін!
Қайран менің жүрегім алаңғасар,
Сезік берсін, теңірім, санаңды ашар!
Бермесең де байлықты, ар сыйлай кер,
Пек адамдар ілгері қадам басар!
Бар жүрегім кемектес себилерге,
Аналарды түсірме ебігерге!
Маған емес, жүрегім, басқаға бар,
Қолұшын бер, шалқуға, деуірлерге!
Қайран менің жүрегім алас ұрма!
Бұл емірде орын кеп ер асылға!
Ез ұлтынан жерініп меңгүрт болған,
Тамшыдайын түйсік бер, санасызға!
Жүректердің жаза кер жаралысын!
Кеңіте кер сараңның тарамысын!
Арманым жоқ, жүрегім тазаласан,
Қара ниет адамның арам ішін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу