Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  117


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Жансырым

Керемет кештім теңіз сезім селін!
Ел білсін іш бауырым езілгенін!
Тағдырдан таяқ жедім безілдедім!
Қам жедім! Қапаландым кез ілмедім!
Бар елем ақиқаттан нер алса егер,
Тереңге тамырымыз таралса егер
Арманым бұл жалғанда болмас еді,
Бар адам еділеттен жаралса егер.
Шарпыды ұяластар оты ілезде,
У шашып түк қалмады басы ‒ кезден!
Қиянат шегіп келем күні бүгін:
– жылан ‒ ой, қасқыр ‒ ниет қатыгезден!..
Бақса да тұншықтырып қанша үнімді,
Тамызып кірпігімнен тамшы мұңды,
Аяулы, айналайын оқырманым
алдыңа жая салдым жансырымды.
Жау алды жүрек ‒ жайлау, қыстауымды,
Қу тағдыр талақ етті құштарымды.
Аяққа таптап асыл арманымды
Арсыздан аузым күйіп, «тіс қағылды»!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу