Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  111


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді

Болашаққа ат басын бұрғызғалы,
Екі жасқа шат емір құрғызғалы,
Бебектерді қаз-қаз тұрғызғалы
Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді.
Кегершінді кегіме ұшырғалы,
Берімізге жақсы емір ұсынғалы
Самғасын – деп, ақ арман құсымдағы,
Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді.
Кедейлер мен байларды теңегелі,
Үлгі беріп ұрпаққа енегелі,
Халқымызды шаттыққа белегелі
Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді.
Бірлігіңді қастерлеп жүр! – дегелі,
Шалқысын! – деп, қазақтың іргелі Елі
Мертебесін, деулетін арттыруға,
Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді.
Астананы салуға қатысуға,
Айналсын! – деп, аңызға аты шуға.
Несібесін Елімнің тасытуға
Жыл келеді, жаңа бір жыл келеді!
20 желтоқсан, 2004 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу