Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  1145


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Қосағыңмен қоса ағар

Тату жандар қиындықтан аса алар!
Тату жандар ез үлесін қоса алар!
Кеңілдегі кең жайылсын «керегең»!
Қос құлыным, қосағыңмен қоса ағар!
Бақ сыйлапты сендер алғаш туғанда,
Жауап күшті! Дара болар тұлғаң да!
Екеулерің берінен де үлкенсің,
Менің қара шаңырағым тұрғанда!
Қызғаныштың қызыл итін жолатпа!
Сенімнен шық! Бізді жерге қаратпа!
Қасиетті шаңырақты аяла!
Болысады құдайың да жолы аққа!
Жарқыраған кездерде тұр ұшқын!
Екеулерің берімізге тыныссың!
Арман асқақ! Берік болсын босағаң,
Бақытты бол! Түтіндерің тік ұшсын!
Ере берме! Сумаңдаған есекке!
Жамандардың басы сыймас тесекке!
Ашу дұшпан, ақыл патша, сыйлап ет!
Адамдардың алдарынан кесе етпе!
Ақ кеңілің жарқыраған Күн – досың!
Жақсылықтың жаршысы бол күнде осы!
Нұрға белеп, жырға белеп құлпыртсын,
Былдырлаған себилердің іңгасы!
Екеуіңмен шат емірім жарасар,
Екеуіңмен болашағым бас алар.
Шаңырағың биік болсын жарығым
Қос құлыным, қосағыңмен қоса ағар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу