Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  135


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Замана кешін жетектеген жігіт

Танымаймыз біріміз бірімізді,
Жан екенсің сүйкімді жылы жүзді
Бірден баурап алатын қасиетті,
Нағыз жігіт екенсің інім, ізгі!
Ұлтшылдық от – сағыныш баса кектеп,
Туған жерді терк етіп, кешем ептеп,
Атамекен құшақты айқара ашып,
Қарсы алады алдымнан қошеметтеп!
Аспаны да кішпейіл таң керіле,
Орманы да жан тартып кемкеріле,
Ағайынның бізге ауып ықыласы,
Шақырады бабамның кең теріне!
Болмаса да езірше кесіп оңды,
Тартып алам тағдырдан несібемді.
Түзу алып барасың болашаққа
Жазылардай тарихқа кеші-қонды!
Жанарыңнан жақсылық ерілетін,
Келбетіңнен нұр шуақ тегілетін.
Кеңілің кел дария, дархан дала!
Аузыңды ашсаң жүрегің керінетін.
18 желтоқсан, 1998 ж.
Алматы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу