Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  142


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Іңкәр сезім

(Қыдырәлі, Қарақатқа)
Құйқылжыған тылсым ен,
Қос аққудай сыңсыған.
Тамсандырып талайды,
Жүректерді шымшыған.
Сезім отқа шарпылып,
Кірпікке жас сарқылып,
Іңкерлікті лаулатып,
Шарықтайды шарқ ұрып!
Шат емірге ұмтылып,
Қуанады құлпырып,
Шығады алдан себиі
Бір жығылып, бір тұрып!
Еш кіршік жоқ ойында,
Қол ұстасқан бойында,
Ұшып бара жатады
Емір атты айдынға!
Емір үшін, салт үшін,
Тамылжыған тал түсің!
Армандарың алаулап,
Шарықтасын! шалқысын!
08 тамыз,2008 ж.
Астана, Қара-Еткел




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу