Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  115


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Ары таза ару

Жайнап жүрген кіршіксіз арын сақтай,
Табылмайды сендей жан жалынсақ та!
Сені тапқан анаңнан айналайын,
Аққу саның аршыған сарымсақтай.
Қайырмасы:
Тілің балдай,
Белің талдай.
Ақ тамағын
Аппақ қардай.
Келде жүзген аққудай керінесің,
Кезге сұлу сағым боп ерілесің.
Ұшып кетсең ұядан алыс, шалғай
Ертенеді езегің езілесің.
Қайырмасы:
Маржандайын тістерің тізген керкем,
Жаңа піскен алмадай жүзің еркем.
Ұят, иман, жан таза пектігіңді
Жалғастырсын жас ұрпақ ізіңді ертең.
Қайырмасы:
Асылыма арналған арман, ойым!
Ардақтайын, сүйейін аймалайын.
Жүрегімнің теріне ұяладың
Қайда жүрсең аман жүр айналайын.
Қайырмасы:
Елігім меңгі
Еріттің жанды.
Тазасың мелдір,
Тамшы шық − таңғы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу