Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  126


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Түс

(Баллада)
Басымыз түгел аманда,
баяғы еткен заманда,
үш бастық болған сұмпайы
сан жылдар бұрын қоғамда.
Пұшық, таз, қыңыр қырт быдық,
Қылығын кезге түрткі қып,
Орынсыз, олақ, істерін
Мазақтап жүреді жұрт күліп.
Қырт быдық – жынды, есуас,
тебел таз – топас, бітеубас,
Пұшығы – зелім, зымиян,
үшеуі – арсыз ұялас!
Сезінде тұрмей сырғиды-ай,
Етірік соққан шылғидай.
Зомбылық, зина, парамен
Халықты қырған қырғидай.
Асыра сілтеп қашаннан,
Шашын ал, – десе, бас алған.
Меңгере алмай жұмысын
қиянат кепке жасалған.
Ел бастап сіре, оңдырмас,
Қос үйді қоса қондырмас!
Халықтың шелін қандырмас
Шырағын кептің жандырмас!
Құр пасық менсап кек тесер,
Керінген жанмен кектесер.
У жылан оймен, жат қолмен,
Ойран салып, от кесер...
Бес баттам қолы күс екен,
Жандары да арам кісі екен...
...Қараңғы түннің іші екен,
ояна келсем: – түс –екен.
15. 09. 1982ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу