Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  159


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Ағайыннан ағайын жырақтанып

Болмаған соң бұл жерде кісің оңды,
Еске аламыз алдымен кеші-қонды.
Еңіреген ерлердің ел-жұртына
Қойғаны ма жандары ашығанды?!
Келмеді ме, шамасы боздағыңның?!
Абақ керей! Тоз-тоз боп тозғаның мұң!
Алматыда үй сұрап жүр – деді ме,
Кептің қамын жоқтайтын аз ғалымың.
Менсапқорлар: Кешпе, не кеш! – демейді,
Түсінбейді жай халық ештенені.
Шетте қалу – шерменде жетім еткен,
Мұңымызды енді кім ескереді.
Ағайыннан ағайын жырақтанып,
Туған жерде тұра алмай тұрақтанып,
Беліп қалды, шекара! Жолап кетсең
Жан алатын езірейіл сияқтанып!
Түсіне алмай тағдарды, бастан кешкен,
Алаңдаған күй кештік кекей кескен!
Жау шаппай-ақ жолықтық зар заманға,
Астаң-кестең, дүние, астаң-кестең!
Сызда, менің жүрегім, сызда жаным
Сызда, менің жүрегім, сызда жаным,
Жүзін керіп жез екше – жүзі қараның!
Он екіде бір гүлі ашылмаған
түрін керіп шылқа мас қыз баланың.
Сызда, менің жүрегім, арсыз ұлға,
ата-анасы айналған жалшы қызға.
Бикештері кекектей «жұмыртқалап»
дақ түсірген қазақи салтымызға.
Сызда, менің жүрегім аласұр да,
жарамайтын туысқа, жанашырға.
Айуанға, адамдық ардан безген.
Қараниет қатыгез қарасұрға!
Сызда, менің жүрегім, маскүнемге,
балта шапқан езіне, қаскүнемге!
Сыздағанда ағайын есегіне,
«ез қолымды» езіме кестірем бе?
Сызда ұрыға саңылау жоқ жылынарға,
Қара таппай жүретін ұрынарға!
Жесір малын соярда, бейшараға,
баукеспенің бүйрегі бұрылар ма?!
Сызда менің жүрегім алаяққа,
Пайдаланған жетімді қолаяққа!
Сызда, менің жүрегім құзғындарға,
Қанішерлер емірде жан аяп па?!..
Сызда менің жүрегім сыздадың-ау,
ересізге екпелеп мұздадың-ау!!...
...Аласарды адамдар сонша неге?
Қарай берем : биік шың, құзға мынау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу