Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  165


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Кедей керей

Мақтанғанмен Керейлеп,
Халық кетті кедейлеп.
Жоғарғыға жаутандар
Тиын-тебен берер! – деп.
Босқа сенім артады,
Белгісіз шер тарқары.
Жұмыс шықса алдымен,
Қол қарнына тартады.
Ез туысын демейді,
Құр уеде кебейді.
Кекке мұрын шүйіріп,
Елемейді кедейді!
Парламентке жайланып,
Кезек-кезек сайланып,
Қандалаша халықты
Сорып жатыр айналып.
Дауасы жоқ дертінің,
Шектен асты еркі мың!...
Езі жетіп алған қыз:
“танымайды теркінін”!
16 мамыр, 2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу