Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  134


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Бала күнгі өзіңнің бал күніңнен Ізгілікті алып қайтыңдар


Кеңіліңді қап-қара түн басқанда,
Тұла бойға арамдық жымдасқанда,
Шекшигенде қарамай құрдастарға ,
Иттігіңді білдірмей сырлас жанға.
Тез ауылға асығыс қайтыңдар да,
Себи барда күнесіз қартың барда,
Іздеңдер де ізгілік бала күннен,
Жеткілікті үлгі-енеге алып қайт
алып қайт, тартынбаңдар.
Кекіректі топастық билесе егер,
Еш адалдық еншіңе тимесе егер,
Тым болмаса иненің жасуындай
Ой санаңда жақсылық жүрмесе егер.
Тез! Кешікпей асығыс қайт ауылға!
Қою қара, кезіңді қан басса егер!
Қулық-сұмдық, арам ой арбаса егер,
Жетім, жесір, жеп мүскін несібесін,
Баса берсең ақшаны жамбасқа егер!
Қарапайым халықтан алшақтасаң,
Қара бастың қамын жеп жан сақтасаң,
Құлы болып құлқыңның жалтақтасаң,
Адалдықпен кек тиын мал таппасаң,
Тез, кешікпей, асығыс қайт ауылға,
Мұңыңды шақ, қатеңді айт ауылға!
Адамшылық ар-ождан , тербиемен
Кемектесер есеңді қайтаруға!
Мақтаншақтық дертіне ұшырасаң,
Қарапайым халықты қысып алсаң.
Үкіметтің деулетін ішіп алсаң
Асқақтаймын – деп, жүріп үсік алсаң!
Тез, кешікпей, асығыс қайт ауылға,
Жалбарынып, қатеңді айт ауылға.
Мұңыңды шақ, адалдық ар-ұжданмен
Кемекстесер есеңді қайтаруға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу