Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  141


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Тау жайлап талай қазақ қыр қыстады

Бұйырмай ата мекен бір пұшпағы,
Тау жайлап талай қазақ қыр қыстады.
Армандап, ата бабам аңсап етті,
Туған ел топырағынан бір құшқалы.
Бұйырмай атамекен бір қыстағы,
Бейнетті тартып келді тұрмыстағы.
Жылытып жүрегімді қуантады:
Аз-аздап оралғаны «жыл құстары».
Ағайын ағайынан жырақтанып,
Тұра лмай туған жерде тұрақтанып.
Табылмай бір ықтауға тал, қайыңдар,
Зар болған ұрттам суға таңдайым бар.
Туған жер тегіп тұрса шұғыласын,
Кіршіксіз рияға жылынасың...
...Шашылып, шалғай кетіп шетте жүрген
Қазақтың шаттығынан мұңы басым.
Ез ұлтын бас қосуға тырмысқаны,
Белгілі моңғолдардың Шыңғысханы...
...Аялап атажұртын шыр-шыр етіп,
Құс-екеш келін қорғар қызғыштағы.
Кеп болды ұлттығыңды сезінгелі
Кеп болды бодандықтан безінгелі.
Абылай ақтуының астын да енді
Қазағым бас қосатын кезің келді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу