Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  242


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Бірлік туралы жыр

Ағайындар құрметті,
аландамай бұр бетті.
Атамекен ансаған –
саяла алтын діңгекті.
Қиыр қонған бар халық
топырағын қолға алып,
бір құшуға зар болып,
тоз- тоз болған күн кетті.
Желтоқсаннан жасқанып,
басқыншылар сұм кетті.
Бар қазағым бас қосса
бастырмайды күлбетті!
Ынтымақ пен бірлікті
Қастерлейтін жыл жетті.
Шекарадан ең соңғы,
Кешті асқанын тойлатсам,
бірі қалмай шет елмен
қоштасқанын тойлатсам.
бір арнадан ойлары
астасқанын тойлатсам.
Керер едім қалғанын,
болмас еді арманым:
Ата- жұртта бар қазақ,
бас қосқанын тойлатсам!!
Байтақ елін қорғаған
сан ғасырдан айналдым.
Жалпақ жерін аялап,
басып жатқан бабамның
жамбасынан айналдым.
Тұтам жерін бермеген,
Жан досынан айналдым,
Кешкен ұрпақ қамы үшін
Қандасымнан айналдым.
Кек байрақ пен елімнің,
Таңбасынан айналдым.
Нұрын теккен киелі
Елбасымнан айналдым.
Ынтымаққа талпынған,
айналайын халқымнан.
Бүгін елдің бірлігі
артық боп тұр алтыннан!
...Сабаздарды сарғайтты,
Зынданға сап нақақтан.
Боздақтарын бетке ұстар,
Шүршіп, шегір жат атқан.
Алаяқтар арандап,
Талайды ұстап мататқан!...
Талқан етіп қас жауды,
Құтылсақ та опаттан.
Құтыл алмай келеміз
алауыздық шатақтан!
Бүгін жиып есіңді,
түзе, халқым кешіңді.
Бірлік қана қазақты
құтқарады апаттан!
Қас дұшпаның қамалап,
дос күлмесін табалап!
Бірлігім мен берекем
болашаққа аманат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу