16.02.2022
  372


Автор: Гүлсім Оразалықызы

ТҮГЕЛ СӨЗДІҢ ТҮЙІНІ - ТОҒыЗыншы Тарау

Ш. Есенов: министр, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Ғылым Академия­ сының президенті, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлық беру комитетінің төрағасы, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлық комитетінің мүшесі, ака­ демик, Республика Компартиясы Орталық Комите­ тінің мүшесі, депутат, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі­ нің төрағасы, Кеңестер Одағы Компартиясы Орта­ лық Комитетіне мүшелікке кандидат, КСРО Жоғар­ ғы Кеңесінің депутаты, соның халық ағарту, ғылым және мәдениет жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды. Лениндік және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері болды, Ленин орденімен екі рет марапатталды.

 


 


Байқап қарасақ, арамыздан қандай-қандай асыл азамат- тар өтіп кеткенін аңдамаймыз. Солардың бірінің қадіріне жет- сек, екіншісін ұмытып та қалыппыз. Неге? Бұл да бір жауа- бы күрделі, тарау-тарау болып жататын сұрақ. Бұл сұраққа дөп басып, «мынау» деп жауап беру де қиын. Өйткені бұл көзге көріне бермейтін, адамдардың бір-біріне деген қарым- қатынасынан, пейіл мен ниетінен, көзқарасынан құралатын нәрсе. Сондықтан да түгел сөздің түйінін өзіміз емес, ака- демик Шахмардан Есеновпен бірге қызмет істеген, әріптес болған және сол кезеңде партия мен Үкімет қызметінде жү- ріп, Кеңестік дәуірдің қазанында бірге қайнасып, өкіметтік істер атқарған, мәселе шешкен мемлекет және қоғам қайрат- керлеріне түйіндетуді жөн көрдік. Өйткені олар бас билігі орталық қазыққа мықтап байланған, Қазақстанның ішкі сая- сатын бірге жасасқан адамдар. Халық: «Ханның айтқанын қара да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ» демеуші ме еді. Бізден гөрі сол кездері мемлекеттік биік мансаптарда қыз- мет атқарған, аузының дуасы бар мемлекет және қоғам қай- раткерлерінің өз дәуіріне, өздері жасаған қоғамға, өз әріптес- теріне өздерінің төреші болғаны орынды болар деп түйдік.


Академик Шахмардан Есенов өз дәуірінің қатардағы ма- маны, көп басшының бірі емес, мемлекеттік дәрежеде қыз- мет атқарған, ел мен жердің тағдырына араласып отырған басшы. «Адам деген жолаушы, бақытын талмай іздеген...» демей ме ақындар. Бақытқа жету жолын Шахмардандар ортақ іске үлес қосу, жеке бастың қамынан гөрі халықтық мұраттарды биік қою, ұлттық үрдістерді жандандыру, жал- ғастыру деп ұқты. Бұл сонау-сонау бабалардан келе жатқан жақсы дәстүр болатын. Үлгілі дәстүр болатын. Кейіннен оны Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай- лар... жалғастырды, олардың үрдісті ісін Рысқұлов, Сейфул- лин, Меңдешов, Жүргенов,..... кейіннен Исаев, Шаяхме- тов, Оңдасынов, Қонаев... және Сәтбаев, Шөкин, Есенов-


 


тер жалғастырды. Бірақ... ия, осы тұста «бірақ» дейміз де сөз желісін бұзамыз. Шындыққа орай. Сәтбаев тұсындағы


«халық үшін жан пида» деп, ғылым жолына қомағайлана түсіп, қиындықтарға қарамай, халыққа пайдасы тиер көп жаңалықтар ашқан ғалымдар пиғылы Есенов тұсында аз да болса өзгеріске түсіп қалған еді. Есенов президент болған 1967–1974 жылдар. Бұл кезде халықтың қарны тойып, ел еңсесін көтеріп, тұрмыстың тәп-тәуір жақсарған кезі бола- тын. Бұрынғы «халықтық» деген пиғыл ақырындап жеке бас- тың қамына қарай сырғып, мансап, билік аңсауға ұласып ба- ра жатқанын қоғамның өзі де алғашқыда аңғармай қалды. Бір кездері президент Сәтбаевты қолдаған «халықшылдар» президент Есенов тұсында көбі «мансапқұмарларға» айна- лып, жас президенттің халық үшін атқарсам деген талай ар- мандарының қанатын қиды десе де болады. Сөйтіп, оның өмірінде тосын оқиғалар мен күрт бұрылыстар көп болды. Ол өмірінде жадыраған жазды да, күркіреген күзді де, ақыр- ған ақ бораны мен аязды күндерді де көп көрді, басынан өткерді. Бірақ, бір білетін нәрсеміз – қандай қиындықтар мен қиянаттар болса да Адамдықтың ақ туын жерге түсірмей, жаны мен тәні қанша жерден қиянатты, әділетсіздікті көрсе де, нағыз хас батырларша қасқайып тұрып қарсы алып, ру- хын құлатпады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйе мойнына қан- ша жерден бұғалық салып, өз дегеніне көндіреміз десе де, биліктегілерге өтірік жағынып, жарамсақтана алмады, өз бол- мысынан ауытқи кетпеді, халық мүддесі үшін әділін, ашы- ғын айтты. Оның бақытқа барар жолы сондықтан да қиын, соқпақсыз болды. Бірақ ол сол тағдырына, өз өміріне өкін- бей өтті. «Күннің жарық сәулесін, соққан желдің зуылын, аққан судың сылдырын есту үшін күресу керек, жолдастар!» дейді екен Шахмардан қиын сәттерде.


Ел тұтқасы бола алатын тұлғаның, білікті басшының, ірі ғалымның шуақты күндер мен шырғалаңға толы ғұмырын суреттеген, замандастарының, әріптестерінің жадында жат- талып қалған естеліктердің біршамасын жоғарыда сөйлет- тік. Бірақ, бәрібір біздің санамыздан «Есенов соншама не- ге қудаланды?» деген сұрақ кетер емес. Бұл сұраққа жау- ап іздеушілер бізден бұрын да аз болмаған, оған осы кітап- ты жазу барысындағы ізденістеріміз үстінде көз жеткіздік. Ендігі кезекті біз сол кезде партиялық басшылықта бо-


 


лып, мемлекеттің маңызды істеріне араласқан азаматтарға көбірек сөз бермекпіз. Оның сыры мынада – олардың бәрі де партияның «қызыл солдаттары» болды, Қазақстанның жос- парлы экономикасы мен мәдениетін көтеруге қызмет жаса- ды, саясатын жүргізді. Сол кездің, сол ортаның, ел басқарған басшылардың мінез-құлқын, әрекетін олардың бізден жақсы білетіні де шындық. Тағы да «бұл шындық не үшін керек» дерсіз. «Тарихтан – тағлым!». Міне, осы үшін қажет.


Біріншіден, тарихты жасаушылар, яғни, ел басқарған адам- дар өздерінің әділетсіздік пен қатыгездіктері туралы «жыл- нама» жазылып жатпаған соң, ол туралы келер ұрпақ білмей- ді, өзіміз ғана білеміз, ертең ұмыт болады деп ойлайды. Бұл барша хандар мен патшалардың қателігі. Олар басқалардың да қызметтес екенін, сол уақыт саясатын бірге жасап, экономи- касын жылжытып жатқан жандардың бар екенін, партия мен үкімет адамдарының, тіптен көмекші, хатшылардың барын ес- кермейді. Адамның есі мен зердесі бар жерде ештеңе өшіп, жоғалып кетпейтінін бүкіл тарихын жадында сақтаған біз, қа- зақтар басқалардан жақсырақ білуіміз керек. Қысқасы, біздің қателік, кемшіліктерімізді, әділетсіздік, қысастықтармызды бізден басқа ешкім білмейді, келер ұрпаққа ол қажет емес, та- рих бетінде қалмайды деп ойлау барынша қате түсінік.


Екіншіден, бұл біздің басты мақсатымыз: өсіп келе жат- қан өреннің, ертеңгі Қазақстан қолында болатын жастардың өткеннің қателігінен, әділетсіз әрекеттерінен сабақ алып, со- ны қайталамаса екен деу. Тарихтан тағлым алу өсер елдің еншісі болса керек.


Әр басшының күндіз-түні қасында, бар шаруасынан ха- бардар болып отыратын «көмекші» деген қызмет бар. Ака- демик Шахмардан Есеновтің соңғы жылдары көмекшісі бол- ған, геология ғылымының кандидаты, доцент Асанов Мәде- ниет біраз шындықтың бетін ашқандай:


– Өз өмірімде абырой­беделі Шахмардандай зор басқа адамды көрген емеспін. Қайдан есітіп қоятынын қайдам, жұрт Шахтың Мәскеуге келгенін біліп қояды.Содан біреуі көмек, екіншісі қызмет сұрап келеді, шет елге шықсақ дейді... не керек қайтқанша қабылдауынан адам үзілмейтін. Тағы да бәрі беделді­беделді ғалымдар, мемлекет қызметкерлері.


Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, оның сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Сусловтың орынбасары,


 


Лениндік сыйлық комитетінің мүшесі еді. Мәскеуліктер арасындағы Шахтың аса жоғары беделі, олардың құрметі, сыйлауы біртіндеп­біртіндеп Қазақстан басшылығының қызғанышын тудыра бастады. «Не дейсің, Шахмардан Қо­ наевтың орнына дайындалып жүр екен» деген де қауесет шыға бастады. Өсек болса да, Қонаевқа ұнайтын өсек деп айта алмаймын. Ақыры солай болып та шықты.


Қызметке кіріскен бойда байқағаным, Орталық Комите­ тің Шахмарданға көзқарасы дұрыс емес екені. Бір күні Мәс­ кеуден, СОКП Орталық Комитетінен бір топ комиссия кел­ ді, қолдарында аты­жөні белгісіз біреудің Есенов Шахмардан үстінен жазған домалақ арыздары бар. Арыздың мазмұны: Есе­ нов көппен ақылдаспайды, пәтерді дұрыс бөлмейді, қазақтардан басқаны жұмысқа алмайды, тұрған бойы ұлтшыл... осы тек­ тес. Комиссияны Орталық Комитеттің қызметкері Шевченко деген басқарып келді. Бірақ біз мұндай тексеріске әбден үйреніп алғанбыз, тіптен бірін шығарып салып, екіншісін күтіп оты­ ратын жағдайға жеткенбіз. Қанша жерден үйренгенбіз де­ сек те, мұндай тексерістер жұмыстың берекесін кетіріп, Шах­ ты да шаршатқан болатын. Ақыры, бұл комиссия да бір ай­ дай тексеріп, қорытынды анықтамасын жазды. Арызда жа­ зылғандардың көбісі жалған болып шықты, дәлелденбеді. Тек бір ғана пәтер заңсыз берілгені анықталды. Ал, ұлтшыл де­ ген жеріне, Есенов керісінше «шовинист» екен, академиядағы ғалымдардан басқа қызметкерлерді қосқанның өзінде қазақтар саны 20 пайызға әрең жетіп тұр деп жазыпты олар. Бірақ, біздің Орталық Комитет бұған қараған да жоқ.


Шахаң президенттіктен босатылып, қайтадан Геоло­ гия министрі болып кеткенде, мен Геология институтының ғалым­хатшысы болып қала бердім. Бірақ, жаңа басшылық маған, ашығын айтқанда, күн көрсетпеді. Ондайға тап болған жалғыз мен емес. Бір күні Асқар Қонаев шақырып алып, арызыңды жаз да, қызметтен кет деді. Өз хақымды өзім білетін кезге келіп қалғанмын, мен «жазбаймын арыз­ ды» дедім. Бір кезде мен хақында: « слушай Шахмардан, где ты нашёл такого парня?» деп едіңіз ғой. Енді неге бұлай бо­ лып қалдыңыз. Қызметімді бір кісідей атқарып жатыр­ мын, кетемін деп арыз жазбаймын дедім.


Сөйтіп, алты айдай жүрдім, маған жұмыс та, тап­ сырма да бермейді, әйтеуір, келіп­кетіп жүрмін. Бірақ жұ­


 


мыстан бір минут та қалмаймын, тоғызда келемін, ал­ тыда кетемін. Шамалы тәртіп бұзсам болды, статьямен шығарып жібергелі тұр, сеземін. Бұлай қашанғы жүруге болады, жұмыс іздей бастадым.


Бір күні институттан шығып бара жатыр едім Шах­ марданның машинасы алдыма көлденең тоқтай қалды, жүр­ гізушісі «сені Есенов шақырып жатыр» деді. Сөйтсем, жұ­ мыс сұрап барған бір басшым мен кабинетінен шығысымен Шахқа телефон соғып Мәдениет жұмыс іздеп жүр депті. Шахқа кірісімен ішіме жиналып қалған өкпемді ақтарып­ақ жатырмын. Ол да шерін бір тарқатсын дегендей, үндемей тыңдады мені. Сосын маған айтқаны:


– Қой сен өкпені, қызбалыққа салынба, ол жақтан шық та, осында маған көмекші болып кел. «Битке өкпелеп тоныңды отқа салма» деген қазақта сөз бар ма, бар. Одан да мен осында отырғанда үйіңді алып ал, кандидаттығыңды қорғап ал, – деді. Академияда пәтер алайын деп тұрған жерімнен сызып тастаған­ды. Көмекші болып бір орыс­ тың жігіті жүр екен, оны тез басқа жұмысқа, жалақысы жоғары қызметке ренжімейтіндей етіп орналастырды да, мені қайыра өзіне көмекші етіп алды.


Бәрі баяғы қалпына келді. Бірақ маған Шахтың «мен осында отырғанда» деген сөзі ұнамаған. Дегенмен жұмысқа кірісіп кеттім. Шахты білемін ғой, мұнда да мәселені кө­ теріп, проблемаларды шешіп, жаңа бастамалар жасап, жұ­ мыстың көрігін қызыдырып­ақ жатыр екен. Қазақстанның Батысында да, Шығысында да, Оңтүстігінде де толған кен көзін іздеу, табылғанын өндіру... барлаушы мен геологтың тұрмыс жағдайын ойлау... Мәскеудегі Орталық Комитет­ ке, Геология минстрлігіне хат жазу, ұсыныс жасау, не ке­ рек, бітпейтін, шеті мен шегі жоқ шаруалардың ортасына қайта түстім. Қанша дегенмен, Шахаңда баяғы көңіл күй жоқ, бәсең.


Негізі Шах болашақта не болатынын болжаған сияқты, ақылды адам ғой. Маған «Мәдениет, ғылыми жұмысыңды тездет, қорғап ал» деді. Бір жылдың ішінде қорғап ал­ дым. Сөйтті де мені минстрлікке қарайтын Геологиялық басқарма бастығының орынбасары етіп, басқа жұмысқа ауыстырып қойды. Онда да әжептәуір жұмыс істедім. Бірақ көмекшілікті де қосымша алып жүрдім. Өзінің ба­


 


сы қатып жүрсе де, менің жағдайымды ойлап, шешіп бер­ геніне әлі күнге риза боламын, аруағының алдында басым­ ды иемін.


Есеновтің үстінен арыз жазу тиылған жоқ. Бәрі домалақ арыздар, жазатындары ұсақ­түйектің маңайы. Мемлекет­ ті ойлап, халықтың қамын жеп жатқан ешқайсысы жоқ, бәрінікі қатын өсек. Бір мысал келтіре кетейін. Өмірдің аты өмір, ол өз заңдылықтарын тоқтатпайды ғой.Шахтың да ұлдары өсіп, ер жетті, қызы өсіп, бойжетті. Бір күні ба­ лаларының тұңғышы, жалғыз қызы тұрмысқа шықпақ бол­ ды. Қай әке­шеше перзентінің қадамына қуанбайды, ұзату тойын жасап аттандыру ұйғарылды. Сол кездегі екінің бірі жасап жатқан қатардағы той өтті. Бірақ, осы той Шахқа үлкен бәле боп жабысты. Арыз жазушы өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай етіп көрсетіпті. Отыз телевизор, қырық кілем түсті деп, сыйлықтың бәрін ту­ ра өзі қабылдап тұрғандай бөсіпті. Күйеу баланың жолдас­ тары жиылып бір телевизор әкелген екен, оның өзін көпке көрсетпей, машинаға салып тастағанбыз. Сосын той үс­ тінде жарық бірер секундтай жалп етіп өшіп, қайта жан­ ған­ды. Соны «электр жарығы екі сағатқа сөніп қалды, барлық машиналардың шамын жағып, тойды тоқтатпай өткізді» деп те соғыпты. Сұмдық!


Не керек, жұмыстан да, өзімізден де береке кетті. Орталық Комитетке Шахты қайта­қайта шақырып, тү­ сінік жазғызып әуреледі, арасында мені де шақырады. “Шах­ ты, бұл орында да отырғыза қоймас, түрі жаман” деген ой сол кезде келді.


Сол тұста Алтайда геологтардың үлкен бір жиыны өтті. Оған одақтық Түсті­металлургия министрі Ломако, Орта машина жасау министрі, сол кездің өзінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Славский арнайы келіп қатысты. Қазақстан делегациясын хатшы Коркин бастап барды. Біз де бардық. Жиын біткен соң кешке үлкен банкет болды. Төрде Ломако мен Славский. Коркин олардан төмен. Шах­ мардан президенттіктен түскен кез, Коркиннен көп төмен жайғасты. Дастарқанды Ломако басқарып, жүргізуде. Бір­ екі мәрте Қонаевты мақтап, сол үшін деп, тост көтерт­ кізіп тастады. Сосын бір кезде орнынан тұрды да, «Слу­ шай, Шахмардан, тұр, тұр, менің қасыма келіп отыр» де­


 


ді де, болмай шақырып, қасына отырғызып қойды. Содан Ломако бірінен кейін біріне, өңкей Мәскеуден келген минис­ трлерге сөз бере бастады. Сәлден кейін Шахмардан тура­ сында жылы­жылы сөз айтып, тост берді. Көңлінің аса қошы болмай жүрген кезі, ол көп сөйлеген жоқ, тек Ло­ мако мен Славскийдің геология, металлургия саласына қос­ қан үлестерін айтып, сөзін бітірді. Қонаев үшін тост кө­ терткен жоқ. Қайтадан Ломако тосты мәскеуліктерге, басқа респубикадан келген министр, ғалымдарға бере бер­ ді. Коркин бір кезде «не, басқа сөйлейтін адам жоқ па?» деп, өзінің сөйлегісі келіп отырғанын жеткізді. Ломако оған жұлып алғандай: «Нет, нет, теперь никто не будет говарить, теперь будем есть и пить» деді де, тост беруді тоқтатты. Ломаконың мұнысы Шахмарданның шашбауын көтеру, оған жасалған әділетсіздіктерге наразылық секіл­ ді көрінді. Орталық Комитеттің хатшысы Коркинге сөз бермей, Шахмарданға беру оның абырой­беделіне құрмет секілді еді. Бұл Коркиннің намысына тимей қоймайтыны,


«Орталыққа» жақсы әңгіме айтып бармайтыны анық еді...


Жоғарыда әңгіме болған қыз ұзату тойы туралы Кәмила апайдың былай дегені бар:


– Шырағым, әсіресе қонақтарымыздан ұят болды. Ер­ теңіне біртіндеп­біртіндеп бәрін КГБ­ға шақырып сұраған ғой... қандай сый­сияпат жасадыңдар... не іштіңдер, не же­ діңдер.., – деген сияқты түкке тұрмайтын сұрақтарды қойып мазалаған. Рас, бір телевизорды күйеу баланың жол­ дастары жиналып әкелді, ауылдан келген ағайындар қолдан тоқылған бір кілем әкелді, олар одан басқа не әкеле алсын... жағдай белгілі ғой... Әйтеуір ұят болды...


Біз болсақ қазақта «тиісерге қара таппай отыр» де- ген сөз бар ғой, Шахаңа тиісудің желеуін таппай, жалақтап отырғанда қызыңыздың ұзату тойы дөп келе қалғаны ғой де- генен басқа жұбатарлық сөз таппадық.


Бір қызығы Ш. Есеновті президенттіктен аларда да, ми- нистр қызметінен босатарда да Бірінші хатшы елде болмай, демалысқа кетіп қалыпты. Жәнібеков Өзбекәлінің бір сөзі ойға оралады:


«Орталық Комитеттің аппаратында қалыптасқан тәр­ тіп бойынша, алдын ала қабылданған шешімді босатыла­ тын қызметкерге көбіне бірінші хатшы жоқта, ол дема­


 


лыста немесе шет елде жүргенде, онда да жұма күні естір­ тетін. Бәлкім, әрі­бері жүгіріп, Мәскеуге шағым айтып әуре болмай, сенбі, жексенбі күндері ентігін бассын дегені болар. Әрі даушыны «мен жоқта шешілген екен» деп, шығарып салуға қолайлы болса керек».


Солай.


Қолыңыздағы кітапқа материал жинау барысында біз бір- талай адамдармен кездестік, сөйлестік, естеліктерін оқыдық.


«Есенов не үшін қудаланды?» деген сауалымызға бәрінің де бергені бір-ақ жауап: – қызғаншақтық, «мен біріншімін!» деген кеуде. Бұл кесепат ол кісіге қайдан жұққан? Бұрын мұндай емес еді ғой? «Көп мәселенің ішінен мемлекеттік күрделі, халыққа тиімді мәселені бірінші орынға қоюды Үкімет басшысына орынбасар болып жүргенде үйрендім» деп, кішіпейілділік танытқан ол, ел көсеміне айналған тұста өзінен кейін өсіп келе жатқан ізбасар інілеріне, ел тұтқасын ұстайды деген азаматтарға неге басқаша қараған?


Өз сұрағымыздың жауабын біз де беріп көрелік. Бі- ріншіден, сол кездегі хал-ахуал, экономикалық жағдай, ай- нала толған дефицит-тапшылық, күн ұзақ бір кило май мен ет алу үшін кезекке тұратын халық та шаршап, жүйкесі жұқарып, әбден созылғаннан үзілуге дайын жіптей ширыққан шақ болатын. Бір күні болмаса бір күні халық бомба болып жарылар ма екен деген қауіп Мәскеудегі кәрі-құртаң «Бірін- шілер» мен Саяси бюро мүшелерінде, министрлерінде, рес- публика басшыларының бәрінде де болатын. Қарапайым ға- на қағида, әлсіз, аш адам аяғында нық тұра алмайды ғой, сол сияқты сондай қоғам орнатып алған сол кездің “қызыл коммунистері” өздеріне де сенімсіз еді, аяқтарының қара жерде нық тұрмағанын сезетін. Бір данышпан айтқандай-ақ, барлық нәрсе салыстыру арқылы анықталады, ажыратылады. Қара халықтың аяғы жетпегенмен, ол кездің бастықтарының бәрі капиталистік мемлекеттерге іс сапарға шығып, «іріп- шіріп бара жатыр» деп бізге өтірік айтып келгенмен, Евро- па мен Америкаңыздың гүлденіп бара жатқанын көздерімен көріп жүрді ғой. Салыстырды. Іріп-шіріп құриды деген ка- питализмнің күн сайын дамып бара жатқанының себебі жеке меншік пен базарлы экономикада екенін көріп, түсініп тұрса да, түк көрмеген, білмеген болып, бесжылдық жоспарла- рын қабылдап, жоспарлы экономикасын қашан өзі қақырап,


 


құлап түскенге дейін жүргізе берді. Ал, сенімсіз адам секем- шіл келеді.


Енді сіз бұған орысша айтқанда «возрасть», қазақша айт- қанда «қарттық» дегенді қосыңыз. Шынын айтқанда Мәс- кеуден бастап, одақтас республикалардың бәрінде басшы- лық қызметте, партия мен үкімет басында көбіне-көп нашар денсаулықпен жағаласып жүрген шалдар отырды. Табиғат- тың заңы, жас ұлғайған соң, сіз қанша жерден ышқынға- ныңызбен, отыз бен қырық жастағының ойлағанын ойлап, істегенін істей алмайсыз. Қыранның да қанаты талатын, тұлпардың да тұяғының тозатын кезі болады. Сол сияқты Қонаев та биологиялық, физиологиялық жағдайдан тұратын табиғаттың бір бөлшегі. Ол да ақсақалдықтың аулына, қарт- тыққа келді. Бұл, ең әуелі өзіне деген сенімсіздікті тудыр- ды. Бұл оны елуінші-алпысыншы жылдардағы ойы сергек, жүрісі ширақ, шешімі тез, идеясы көп басшыдан гөрі сақ, секемшіл басшыға айналдырды. Қанша жерден «кемеңгер» деп қомпитып, қоқиландырғанмен, сіз бен біз секілді ет пен сүйектен жаралған жан екенін көрсетті.


Халықтың сол кездегі жағдайы, экономиканың құлды- рауы, саясаттың небір сұрқия тірлігі, адамдардың алауыз- дығы, маңайындағылардың мансап үшін бір-бірін арандатуы, қарттық, не керек, медицина тілімен айтқанда «организмнің қажуы» болды да қойды. Адамдарды тану қабілеті азайған ол айналасындағылардың сөзіне құлақ асты, тыңдады, бүгін берген уәдесін ертеңіне бұзды, қысқасы, Қазақстандай жер көлемі үлкен, байлығы шалқар, жерінің асты кенге, үсті астыққа толы және қырық «рудан» құралған, «достығы» жа- распаған көп ұлтты у-шусыз басқару қиынға түсе бастады да, «дос-жарандарының» пікірімен ел басқаратын болды. Осындайда ұлы Абай қалай айтушы еді:


 


Қартаң тартқан адамнан от азаймақ, От азайса, әр істің бәрі тайғақ.


Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып, Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.


 


Біздің, жеке басымыздың Дінмұхамед Қонаевта бес бе- ресі, алты аласымыз жоқ. Біз де сол кезеңнің төл перзентіміз. Қонаев атамыз трибунада, Одақ басшыларының ортасында,


 


олардан оқ бойы озық, маңдайы жарқырап тұрғанда ауылда жүрген бізді мақтаныш сезімі кернейтіні әлі есімізде. Батыс ойшылы А. Шопенгауэрдің: «өлгендерді асыра құрметтеу үшін тірілерге жалған сөйлеу де – ауыр қылмыс» дейтіні де есте. Сондықтан да, жалған сөйлеп қылмыс жасағымыз келмейді. Ел айтады: Қонаевтың Қазақстан экономикасына, мәдениетіне, өнеріне қосқан үлесі зор деп. Енді басшылықта 42 жыл, Бірінші хатшы болып 25 жыл отырған адам зор үлес қоспағанда не қоспақ. Жеке басымыз жақсылық та, жамандық та көрмеген біз, оның – Дінмұхамед Қонаев ата- мыздың әруағының алдында кешірім сұрай отырып, сол кез- дегі қоғамда кеткен кемшіліктерге, әділетсіздіктерге ол да айыпты екенін айтпай кете алмадық.


Қазақстан Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Сырт- қы істер министрі болған, үлкен үйдегі ішкі жағдайды кө- зімен көріп жүрген Михаил Есенәлиев бұл турасында ойын ашық айтады:


«Димаш Ахметұлында өзгелерге, әсіресе, өз бетінше ойлай білетін, жағымпаздық дегенді білмейтін өр кеуде тұлғаларға обьективті қараудан гөрі өзінің жеке басының мүддесін жоғарырақ қойып, өктем бағалау басым болды. Турасын айтқанда, ол басшы адам үшін «лауазымың не­ ғұрлым жоғары болған сайын қарамағыңдағыларға соғұр­ лым қайырымды және ізетті болу керек» дейтін ежелгі ұстанымды тәрк етті...Кездескен кедергілерді ол өз жо­ лынан алып тастап отырды. Осыдан соң «оның зиялылығы мен демократизмі қайда?» деп, таң қаласың?!


Өкініш те сонда, Димаш Ахметұлының аруағын қас­ терлей отырып, сарай ішіндегі жекелеген «сүйіктілер», сыбырлақтар және «сұр кординалдар» (қызметтен тыс кездегі ақылгөй кеңесшілер) айтқан ақпарға оның құлай сенгіштігін айтуымыз керек. Олар, әсіресе, кадр саясатын айқындауда трайбалистік­аймақтық психология мен тар пайымдаудан аса алмады. Міне, тап сол кезде, 70­ші жыл­ дары біздің сайқымазақшылар өмірімізді жайлаған сол бір қисық ұстанымды сын тезіне салып, «Биография жараса да географияң жарамайды...» деген әжуа нақыл шығарды. Өкінішті­ақ іс! Осы қағида бойынша кейбіреулерді күрт жоғарылатып, ал, енді біреулерді жылдар бойы «байлауда ұстап», өсуіне кедергі келтірді. Әлдебіреулерге ұсақ­түйек


 


кикілжің, түкке тұрмайтын дау­жанжал ұйымдастырды. Бұл, әрине, республиканың да, Димаш Ахметұлының да кә­ десіне аспай, беделіне нұқсан келтіріп, тұтастай алғанда ұлттың бірігуіне үлкен зиян болып тиді...


Оған бір ғана мысал келтірейін, Қаныш Имантайұлының ғылым дүниесінде ғана емес, күллі Қазақстан қауымындағы беделі мен танымалдығы өте зор еді. Сырттай қарағанда Үкіметтің төрағасы, содан кейін ширек ғасыр бойы Ор­ талық Комитеттің Бірінші хатшысы болған қайраткер мұндай ғылыми және қоғамдық алып адам үшін өз халқымен бірге қуанып, мақтаныш тұтуы тиіс болатын. Алайда, бұ­ лай болмады. Тіптен, Қ. Сәтбаев қайтыс болғаннан кейін де ол, мәймөңкесіз айтқанда, оның есімін әдебиетте, ки­ нода, бейнелеу өнерінде мәңгі есте қалдыруға аса ықылас білдірмеді. «Қазақфильмде» жасалған деректі фильмді республика басшылығы бір көргеннен­ақ оның кәсіби на­ шарлығынан емес, Сәтбаевқа табыну басым деген желе­ умен жауып тастады. Тап сондай себеппен Мәскеуде, орыс тілінде, «ЖЗЛ» сериясында жарық көргеніне қарамастан Медеу Сәрсекеевтің «Қаныш Сәтбаев» кітабын Алматы­ да қазақ тілінде жариялауға тиым салынды. Екінші бір та­ лантты ғалым, шығармашылығы сан қырлы академик, көп­ шілікке танымал Е. Бөкетовке Д.А. Қонаевтың жақын көмек­ шілерінің бірі баспасөзде дөрекі түрде жала жапты...»


(«Время и мы», 21.03.1995)


 


Қонаевтың кемшілігін айтқысы келгендердің бәрі қашан да оның «айналасына» кінә артады. Айналасы – олар кім? Бір жауабын мына хат айтады:


 


Ш.Е. Есенов жолдасқа


 


Сізге Д.В. Сокольскийдің бір қылығы туралы айтуды парызым деп білемін. Үстіміздегі жылдың ортасында ол, Ержанов және тағы бір қазақ (тапал, ОК қызметкері) жиі ұшырасып, бір хатты жазып жүрді. Әуелгіде мен оған мән бере қоймадым, бірақ бір сұмдық барын байқаған бой­ да, Д.В.­дан хатты маған көрсетуін өтіндім. Ол әрең­әрең көрсетті. Бұл Сізге және Сіздің жақындарыңызға жабылған


 


сұмдық жала екен. Мен оған тыйым салдым. Ол уәде берді. Мен Сіздің Д.М. Сокольскийге жақсылықтан басқа ештеңе істемегеніңізді түсіндіруге тырыстым. Еңбек Ері, депутат, бірінші вице­президент болғанын, тағы басқаларын айт­ тым. Ол маған: Сіздің қолдауыңызсыз­ақ (Сіз қарсы болып­ сыз) Еңбек Ері болдым, академиктікке өтуін қолдамапсыз, жалпы, оның ойынша Сіздердің барлығыңыз да оны бағалай білмейтін оңбағансыздар, барлығыңызды құрту керек екен, түптің түбінде ол хатты ешқайда жібермеймін деп уәде берді.


Енді біліп отырмын – ол хат Саяси бюроның барлық мү­ шелеріне және Сіздің Қазақстандағы барлық қастарыңыз­ ға жіберіліпті.


Өзіңіз білесіз – ол ауру адам. Ол өзін періште санайды.


Шындығында – арам.


Сокольская


* * *


Осынау қаһарлы хатты біз Кәмила апайдың қолындағы қолжазба-құжаттардың арасынан көрдік. Не айтарыңды да біл- мей, «жазаңды құдай берсін» деген қарғыс тіл ұшына ора- ла береді.


Орталық Комитеттің идеология жөнінен он бес жыл хат- шысы, Қонаевтың оң қолы болған С. Имашев та сол ортаның адамы болыпты. Ал оның сол ортаға ықпалы қандайлық болғанын М. Есенәлиев айтады. Оның сөзін де, пікірін де қоштайтын көп замандастарының көзі тірі. Тіптен, зор болғандығы сондай, кей сәттерде аңғалдау Қонаевтың өзін өз «шындығына» сендіріп, көзқарасын өзгерткен тұстары да аз болмапты. Кеңестік кезеңнің бүгінде ұмытылып ба- ра жатқан жағдайын, үлкен саяси ортаның «саясаты» қалай жасалатынын жоғарыда біз ауызға алған Михаил Есенәлиев былайша таратады:


«С.Н. Имашев көрнекті қайраткер, өз уақытының идео­ логы болды... Денсаулығының мықтылығын, соңғы уақытқа дейін қажырлы еңбектенгенін ескерсек, ол саясаткер ретін­ де нағыз кемел шағында өмірден өтті.


Барлығы күтпеген жерден болды. Жоғарғы Кеңестің сессиясына, Москваға аттанды және сол сессиядан соң пар­ ламент делегациясын басқарып, шетелге бару да көзделген


 


болатын. Сыртқы істер министрімін ғой, мұны маған Мос­ кваға жүрер алдында өзі айтқан.


Шетел сапарының орнына Кремль емханасына жүрек сырқатымен түсіп, содан Алматыға оралғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болды. Небір қатерлі аурулар емделіп жат­ қанын ескерсең, еріксіз көңлің бұзылады…


Оның еңбекқорлығы, сауаттылығы және байыптылығы қызметтестерін өзіне құрметпен қарауға мәжбүр ететін. Бірақ интеллигенцияның идеолог ретіндегі оған көзқарасы, бұрындары ғана емес қазір де, қарама­қайшы болды.


Бүгінде біз, көп жағдайда байыбына бара бермей, өтпелі кезеңге тән қалыпты бір идеологияның жоқтығын сезінсек те, бұрынғының барлығын бас­көз жоқ түкке тұрғысыз етіп жамандай беретін кезеңді бастан өткерудеміз. Солай дейтіндер сол кезеңде болса, өздерін қай қырларынан таны­ тып, қоғамға пайдалы не бітірерлерін кім білсін.


Сынаудың тиімді пошымы – өз ісіңмен сынау. Біреудің кемшілігін бетіне басудың орнына, дұрысы қалай екенін ісің­ мен көрсет, ал, халық әділ бағасын өзі береді. Олай жасауға қазір мүмкіншіліктер жеткілікті – бұрынғы қалыптасқан жүйенің тас­талқаны шықты, кеңестік идеологияны түкке тұрғысыз еттік, қысқасы өзіңді көрсеткің келсе, еш кедергі жоқ. Дегенмен соңғы кездерде, қазіргі тұрмыс жағдайынан ба, өткен уақытты еске түсіру жиілеген тәрізді.


Егер бұрынғы Кеңестік мемлекетті – революцияға (төң­ керіске) дейін және революциядан кейін, соғысқа дейін және соғыстан кейін, қайта құруға дейін және қайта құрудан кейін деген кезеңдерге бөліп қарасақ, Қазақстан жағдайында одан өзге – колхоздастыруға дейін және колхоздастыру­ дан кейін, тың көтеруге дейін және тың көтерілгеннен кейін деп аталатын кезеңдер болды. Саттар Нұрмашұлы Имашевтің еңбек жолы осы соңғы кезеңге, 50­80 жылдарға


– алғашқыда Тың өлкелік партия комитетінің хатшысы, одан кейін 15 жыл қатарынан Орталық Комитеттің идео­ логия жөнінен хатшысы, соңғы жылдары Қазақ республи­ касы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы қызметін атқарған кезеңге тура келді.


Бүгін, Д.А. Қонаев туралы, оның Қазақстанның даму тарихына, экономикасының, мәдениетінің дамуына қосқан орасан зор еңбегін атап көрсететін мақалалар көптеп жа­


 


рияланып жатқанда, барлық жағымды өзгерістерді тек сол кісімен байланыстырып, көлеңкелі тұстарды өзгелерге телу әділеттілікке қиянат болар еді.


Д.А. Қонаевтың да әрбір адам баласына тән әлсіз тұс­ тары болды. Оның субьективтілігі (субьективизм – біре­ уге бүйрегі бұру, әділетсіздік) қызғаныш, кей тұстарда аса қатал көзқарасы Қ. Сәтпаев, Ж. Тәшенов, Е. Бөкетов, Ш. Есенов, Е. Дүйсенов, С. Кенжебаев, Қ. Егізбаев, К. Ахме­ тов сынды дара тұлғаларға, олардың өміріне ауыр, қайғылы әсерін тигізді. Сондықтан, орынсыз әсірелемей, неғұрлым шындыққа жүгініп жазылса, солғұрлым Қонаевтың өмір­ баяны айқын да анық болады, тарих үшін де керегі осы.


Имашев басшы ретінде, идеолог ретінде де Қонаевтың көлеңкесі іспетті, оның ықтиярынсыз өз бетінше бір қадам да жасамайтын еді. Саясат, идеология мәселесінде Қонаев­ тың айрықша сеніміне ие Имашевтай ешкім болмады.


Саттар Нұрмашұлы идеология жөнінен хатшылыққа Д.А. Қонаев Орталық Комитетке бірінші хатшы болып екін­ ші рет келген кезде, 1965 жылдың басында сайланды.


Қонаев бұл таңдауды Имашевтің іскерлігін, білімділігін, еңбекқорлығын, кәсібилігін, адамгершілігін ескеріп жасады деп ойлаймын. Ол болса бастығының қалауын еш қалтқысыз, еш қарсылықсыз орындап қана қоймай, оның емеурінін қа­ жетті саяси­экономикалық пошымға ұштастыра оты­ рып, алдын ала болжап білетін.


Мына бір жәйтті де жақсы түсініп, білу қажет. Бү­ гінгі тәуелсіз республикада мемлекеттің сыртқы саяси аху­ алы тікелей президенттің құзырында, ал оны атқарушы – Сыртқы істер министрлігі. Сол сияқты ол кезде идеоло­ гия мәселесі Орталықтың, Орталық Комитеттің бірін­ ші хатшысының құзырында, ал оны іс жүзіне асырушы Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы. Бұл іске басқа біреудің араласуына жол берілмейді. Ал, егер он­ дайлар болып жатса, дер кезінде «орнына» қойылатын. Бұл турасында С. Имашев қайраткер ретінде де, адам ре­ тінде де, өзінің де, өзгенің де бар әрекетін жіті зерделеп қадағалайтын барынша сақ адам еді. Мінезі мен әрекет­ теріндегі бұл ерекшеліктер сірә оның жас кезінде қалып­ тасқандай. Отан соғысының бас кезінде ұшқыш­десант­ тар училищесін бітіріп, әскери қызметін ол жас лейте­


 


нант десантшы ретінде бастады. Ал қарулы күштердің бұл түріне әр адамның жеке және жоғары моральдық­пси­ хологиялық ерекшеліктеріне қарай қабылданатыны белгілі. Ол республикадағы қоғамдық­саяси ахуалды және Москва­ дағы ғана емес, Алматыдағы да қамқоршыларының көңіл­ күй, ойларын өте сезімталдықпен аңғаратын.


Тың өлкесінде елді мекендер мен мектептерді ірілен­ діру (орталықтандыру) деген желеумен жаппай баста­ уыш қазақ мектептерін жабу науқаны басталды. Негізін­ де, кесірі осы уақыттарда тиіп жатқан, жергілікті ұлт үшін ана тілінде оқу жүйесінің түп тамыры осы кезеңде зақымдалды. Қазақ классиктері өлеңдерін сағаттар бойы жатқа айтатын Имашев, бұның артының неге соғарын, қазақ халқының қандай құндылықтан айрылғалы тұрғанын сезбеуі мүмкін емес еді. Бірақ Орталықтың мұндай жой­ қын саясатына қарсы келерліктей қайсарлық онда жоқ бо­ лып шықты.


Д. Қонаевтың оған деген сенімі соншалықты, Имашев Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағалығына сайланғаннан кейін де, Орталық Комитеттің саяси құжаттары қарап, толықтыру үшін соған жіберілетін. Аса жауапты, сая­ си салдары болуы мүмкін мәселелер турасында Орталық Комитет жетекшілері Имашевтың уәждеріне құлақ аса­ тын.


Бұған бір мысал. Сол кездің өзінде қазақ интеллигенциясы арасында белгілі ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбергенұлының еңбектерін басып шығару мәселесі туындады. Бұл тура­ лы Д. Қонаевтың атына аса салиқалы, дәлелді жеке жол­ дауын жазған көрнекті башқұрт ақыны Сәйфи Құдаш еді. Қысқасы, Шәкәрімді сөз жүзінде емес, оның әдеби мұ­ расын жарыққа шығару арқылы ақтау қажет болды. Бір­ де, сол кезде Орталық Комитеттің мәдениет бөлімінің мең­ герушісі ретінде, Имашев жоқ кезде, белгілі жазушы Ға­ биден Мұстафинмен бірге Д.А. Қонаевқа бардық. Шәкәрім еңбектерін жарыққа шығару қажеттігіне оның көзін жет­ кізіп, келісімін алдық. Димаш Ахметұлы біздің келгеніміз, өзінің келіскені жөнінде Имашевқа айтыпты. Содан Сат­ тар Нұрмашұлы мені өзіне шақырып алып, Шәкәрімнің ең­ бегін басып шығаруға қарсы емес екенін айтып, бірақ әзір­ ше асықпауды талап етті. Тура осы арада аттары мәлім


 


А. Бөкейханов, М. Жұмабаев және басқалардың еңбектерін цензураның өткізбейтіндігін айтты. Біз өзара дауласқандай болдық. Имашев ол қайраткерлердің барлығының ақтала­ тынын, бірақ әлі де оған уақыт керектігін, оған қоса Шә­ кәрімнің өліміне себепші адамның әлі тірі екенін, ол тірі тұрған кезде бұған байланысты әрекеттердің барлығының бекер екендігін ескертті. «Сендерге, Мұстафин екеуіңе, ешнәрсе де болмайды, ал Қонаевқа жауап беруге тура ке­ леді», деп тоқтады. Ал осы мәселемен екінші рет Қонаевқа кіргенімде ол кісі: «Күте тұрыңдар, Имашевтікі дұрыс» деп шығарып салды. Әрине, бұл шешімге Мұстафин қатты ренжіді»...


(«Уақыт және біз», қаңтар, 1999ж.)


* * *


Олар сырт көзге Бірінші хатшының айтқанын ғана істеп, айдауына жүріп отырған адам сияқты көрініп, ал, шындығына келгенде небір үлкен істерді осылайша шыр көбелек айнал- дырып, кейбір мәселелерде бас пайдаларына, көңілі жақын тамыр-таныстарының есебіне шешіп отырды.


Жазушы Медеу Сәрсекеевтің «Ебіней Бөкетов» атты ғұ- мырнамалық деректі хикаятында мынадай бір көрініс бар. Басына бұлт үйіріліп сергелдеңге түсіп жүрген Ебіней Бө- кетовті Орталық Комитетте нұсқаушы болып қызмет іс- тейтін досы бір күні оны таудағы саяжайына әкеп қонақ етеді. Мақсаты үлкен үйде болып жатқан әңгіменің шет жағасын білетін досы Бөкетовке келіп жатқан қырсықтың, өкпек желдің қай жақтан соғып тұрғанын ашып айтпақ. До- сы аты-жөнін көрсетпеуді жазушыдан өтінеді. Біз де кім екенін жобаласақ та, есімін атамауды жөн көрдік.Академик Бөкетовтің сол досы былай депті:


«Ағасы бардың жағасы бар» дегенді қазақ біліп айтқан... Апырай,артынан ерген жалғыз інісін Академияға президент ету үшін, мәймөңкелеп қайтеміз, бұл енді саған да, маған да, дүйім жұртқа мәлім оқиға: дөй ағасы екі бірдей жампоз ға­ лымды ғылым басшылығынан тайдырды. Ал, сен сол екеуін, Шөкин мен Есеновті айтамын, очеркіңде асыра мақтапсың. Мен ойладым: Димекеңнің соларды сонша тұқыртқан әрекетін білмегенсіп, тіпті ерегіскендей мейлінше әсерлеп жазыпсың. Әсіресе, Шахмардан досыңды. Сүйсіне оқыдым. Бірақ... бұған


 


да ойлануың керек еді. Нәтижесінде қаламыңнан кемістік ізде­ ген жұртқа айғақты өзің ұстаттың. Онда да бұрмалап, сый­ паттап Біріншіге жеткізді сол маңайдағы сыбырлақтар. Бір де. Екінші, өзімен жұмыс бабында келісе алмаған ғалымдарды асыра мақтап, жалғыз інісін қасақана атамай кеткеніңді, өсекші жұрт сөз қылғандай, «Асқардың ғылыми парасат­ бітімі таяз» дейтін сөзді айтсаң да, айтпасаң да, саған таңып жүрген жағдайда – мұның үлкен қателік! Димекең саған сол үшін өштесіп отыр...» деді, Ебінейдің босқа күйіп кеткелі тұрғанын, үлкен үйдегі оған ұйымдастырылып жат­ қан қысастықты сезген досы жаны аши тұрып. «Ұқтың ба, қазақ ғылымының жарық жұлдыздарын күллі Одаққа таны­ там деп жүріп, нені бүлдіріп қойғаныңды?!» – деді сөзінің соңында».


Көрдіңіз бе, жауласудың басының қайда жатқанын. Өр кеудеден шыққан өштесудің екпіні қатты. Ол Сәтбаев, Шө- кин, Есенов, Бөкетов, Жәнібеков, Тәшенов, Есенәлиев...мені неге қолпаштап, марапаттамайды. Мен емес пе осы респуб- ликадағы Бірінші адам, мен емес пе оларды өсіріп, қызмет берген, атақ берген. Әйтпесе, көптің бірі болып жүрмес пе еді, ел ортасында деуі мүмкін-ау, әрине. Дұрыс дейсің. Бірақ, ел билігі қолына тиген адамға, оның ішінде кез келгеннің үлесіне тие бермейтін «Бірінші» басшыға қандай мақтау, қан- дай марапат керек. Отырған орнының өзі бар марапат, атақ- даңқтан биік емес пе! Қайта, дарынды адамдарды даралап, халық шаруашылығының күрделі-күрделі жұмыстарына же- гіп, ел экономикасын көтеру «Бірінші» басшының басты па- рызы емес пе?! Бірақ, біздің де басшыларымыз, кеудесін те- мірге толтырған Брежневке еліктеп, өзімшіл болмады ма, сол тұста. Амал қанша.


Тарихқа үңілсең патша, король, хандардың дерлік жүріп өткен жолдары бір-біріне ұқсас: халықты қанаған, дарынды адамдарды асқан, атқан, әке мен бала таққа таласқан, бір-біріне у берген, өлтірген...тағысын тағылар. Біздің «хатшылардың» олардан айырмасы, таласып-тартысқандарды партиядан шы- ғарып, жындыханаға тыққан. Партиядан шығу ол кез үшін бүкіл болашағыңа жол жабылды деген сөз. Сен де бір, сүтке тиген ит те бір болып өмір кешесің.


Есенов қасиетсіз адам емес қой, өзіне көрсетілген Қонаев шапағатын өмірінде жоққа шығарған емес. Жас демей 33 жа-


 


сында министр еткеніне, өзіндегі дарын мен таланттың ашы- луына мүмкіндік жасағанына ол қашан да риза-тын. Бірақ ол ешқашанда да Қонаевқа қарсы ешқандай жаман сөз айтып, іс істеген емес. Біріншіден, бұл Шахмарданның табиғатына жат, «өлсем де досымды сатпаймын» дейтіндердің сорты- нан. Екіншіден, қандай қызметте отырса да, ол белсенді, жаңашыл болды. Оның сыры – Қонаев сенімінен шығу, ұят- қа қалдырмау. Тапқан, таңдаған кадрың сенімді ақтап, жұ- мысты жүргізіп жатса, басшы атаулыға бұдан артық не ке- рек. Алайда, Есеновтің белсенділігі, жаңашылдығы басын- да ұнады да, соңында неге ұнамай қалды? Сұрақ көп, жау- ап та көп. Бірақ, сол көп жауаптың тоғысар жері – орнымды алып, «біріншіліктен» айрылып қалам ба деу. Ол Шахмар- дан Есенов мүмкіндіктерін, дарынды тұлға екенін аңдай ал- май қалған секілді. Шын мәнінде ол ел басқаратын, жұртты жөнге салатын нағыз Басшы еді. Кәрі кетеді, оның орнын жас басады. Өмір заңы, оны өзгертуге құдіретің жетпей- ді. Қонаевтың қателігі де осы жерде болып тұр, одан да ол табиғат заңын мойындап, жұрттың сөзіне ермей, өз орны- на Есеновтей тұлғаларды дайындағанда, мүмкін Желтоқсан оқиғасы болмас па еді?!


«Шәкіртсіз ұстаз тұл». Біреу айтса сенбес едік, өз көзі- мізбен көріп, құлағымызбен естідік, Горбачевтың өзі Қонаев- қа «Республикаңда ылайықты кім бар басқаратын» дегенім- де, ол «ешкім жоқ, Орталықтан болмаса» деді деп соқты ғой көгілдір экран арқылы бүкіл Одаққа. Егер солай деп айтып жатса, шынында да билікте 42 жыл, оның ішінде Бірінші хатшы болып 25 жыл отырған Қонаев мемлекеттік дәрежеде ой-ойлап, «тон піше алатын» біраз Есеновтерді тәрбиелеп, әзірлеп отыруы керек еді. Бұл сонда нағыз кемеңгерлік бо- лар еді.Және өмірді көрген, тарихты білетін адам ретінде де жоқтық пен тапшылықтың арты жақсылыққа апармайтынын пайымдап, шәкірт тәрбиелеп, қандай бір жағдайларға да әзір- ленуі керек еді-де. Бұл ол кісінің басты кемшілігі болып та- рихта қала береді.


Высоцкий: «бізге бір төңкеріс пе, бір серпіліс пе, керек- ақ!» десе, Есенов: «Қазақстанның асты да, үсті де тұнған байлық, ал, халық неге қайыршы?» деген сұрақты өзіне де, өзгелерге де жиі қойып,«қайнайды қаным, ашиды жаным» деп, Абайша күйінді. Жоғарғы Кеңестің мінберінен, халық


 


қалаулылары алдында талай рет айтты да. Бірақ оған көңіл қояр адам болған жоқ.


* * *


Қоғамдағы әділетсіздікке бойы үйреніп қалған саяси жә- не зиялы орта Шахмардан басына түскен қиянатқа ләм-лим демеді. Бірде-біреуі жаны күйіп, «бұл дұрыс емес қой, оның халық үшін атқарған еңбектерін неге ескермейміз!» дей ал- мады. Мұның бәрі сол кездегі баршаға дерттей жабысқан –


«үндемеген үйдей бәледен құтылады», «бәледен машайық қашыпты» деген құлдық психологияның әсері еді. Дәл осы тұста «Қаныш Сәтбаев», «Ебіней Бөкетов» атты деректі хикаяттардың авторы, белгілі жазушы Медеу Сәрсеке пікір- імен қосылмасқа амалыңыз жоқ. Сол қоғамның психология- лық хал-ахуалын ол дәл беріп тұр.


«...бір рет жазасыз өткен, жолы болған қитұрқы амал екіншіде, үшіншіде... бөгетсіз іске асты. Күллі қауым соған еті өліп, жергілікті үлкен­кіші билеуші өз дегенін астыр­ тын қастандық ұйымдастыру жолымен жүзеге асыра­ тын болды; бақилыққа өткен соң ширек ғасыр уақыт Сәт­ баевтай ұлының қадірменді есімінің сирек аталып, ол ту­ ралы естеліктер мен әдеби еңбектердің жарыққа шықпай


«құлыпқа» түсуі, Шапық Шөкин, Шахмардан Есенов сияқ­ ты Қанышқа ізбасар ғалымдардың Академия билігінен тай­ дырылуы да зиялы қауымның нақ осы үндемеу, көрсе де көр­ мегенсіген бейтарап та әлжуаз саясатының нәтижесі!».


Ия,«халқы қандай болса, патшасы сондай!» деген сөз бар баяғыдан келе жатқан. Билеушілерге «ләппай, тақсыр!» де- гіш бағынушыларымыз көп болып, небір талантты, дарын- ды адамдардың жолын да, өмірін де қиды. Әйтпесе, Есенов- тей білгір ғалымды, білікті басшыны ел басқартып, маңызды мансаптарды беріп, жауапты қызметтерге жегудің орнына кезінде, жиырма мен отыздың арасында атқарған экспеди- ция жетекшілігін беруді «әділетсіздік қой!» деп, ашық айта алмаса да, көпшілік құптаған жоқ.


* * *


Содан тарих сахнасына көптен күткен 1986 жылдың желтоқсаны келді. Жиырма бес жыл Қазақстанның Комму- нистік партиясын басқарып, үш рет Социалистік Еңбек Ері


 


атанған Д. Қонаевты алып, орнына өмірі табаны қазақ то- пырағына тимеген Колбин дегенді тағайындады. Онсыз да тұрмыс тауқыметі титықтатып тұрған халықтың бұл намы- сына тиді. Ұлт ретінде жойылудың аз-ақ алдында тұрған қазақ үшін Колбиннің келуі оның наразылығын тудырып, жастар алаңға шықты, көптен күткен сілкініс пен серпіліс болды... Әрі қарай не болды деңіз, әрі қарай өте ұят іс бол- ды. Құдайдай сеніп жүрген Қонаевтың адамдары, құдайдай


«сенгендері»: көмекшісінен бастап, орынбасарлары, сенім артып қойған облыстағы кейбір хатшылары ұятқа қалдырды, әшкереленіп, қылмыстары ашылды. Көмекшісінің сотына куәгер ретінде шақырылып, қатысып отырған Д. Қонаев өзі- нің сыртынан «Бірінші айтты, біріншінің сұрауы» деп, біреу- ге пәтер әперіп, біреуді қызметке өсіріп, тіптен хатшының қабылдауында болу үшін пәре алғандарын естіген кезде, есі- нен танып, жүрегі ұстап, жедел жәрдем шақырып, әрең есін жиды. Бұны кейіннен орталық газеттер жазды да. Өзінің де, Есеновтің де түбіне жеткендер өзінің «сенгендері» екені- не, шамалы болса да, көз жеткізгендей болды. Тамақты жы- бырлатып шындық болмайды: «Адам танитын, іскер азамат- тарды саралай білетін «Біріншінің» кемеңгерлігі, ұлылығы қайда сонда?» деп күмілжисің, жер шұқисың.


«Жұт жеті ағайынды», сатқындықтан есін жия алмай жүргенде өмірдің ыстығы мен суығына қатар төзіп, өзіне адал жар болған Зухра Шәріпқызы о дүниелік болды. Жы- ғылғанға жұдырық, жарының қазасы Қонаевқа қатты соқ- қы еді. Бір кездері отбасымен араласқан, «сіз-біздері» жарас- қан, Зухра жақсы көріп, өмірінің соңына дейін хабарласып, хал сұрасып тұрған Кәмила қызын іздеді, Шахмардан есіне түсті. Содан, бар өкпені итеріп тастап Димекеңнің өзі Шах- марданға телефон соқты. Шахмардан ауыр қазаға жүрегі ауырды, Қонаевтың өзінің телефон соққанына таң қалды.


– Ия, бізге дегенде ол кісілердің ықылас­пейілі ерекше бол­ ды, бірақ соны көре алмай, сөз аралатып, өсек таратқандар табылды... Шахаң айтатын: «Батыр, Зухра жеңгеймен ха­ барласып тұр, менің көңіл күйіме қарама және мен жайын­ да ештеңе айтып, сұрап, өтініш жасаушы болма, мен өз мәселемді өзім шешемін. Біз барлық жағдайда да адам бо­ лып қалуымыз керек!» дейтін. Мен Зухра жеңгеймен хабар­ ласып, кейде Димекең Мәскеуге, шет елге кеткенде үйіне ба­


 


рып та жүрдім. Ол кісі қайтыс болатыннан бір күн бұрын бардым, бірақ менің алдымда ғана дәрігер келіп, укол салып, ұйқтатып кеткен екен, тілдесе алмадым. Ертеңіне Зухра жеңгейдің қайтыс болғанын Димекеңнің өзі Шахаңа теле­ фон соғып, хабарлады – дейді Кәмила апай.


Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, професссор.


С.М. Оздоев сол сәтті әңгіме етеді:


« – Бір күні Шахмардан Есенұлы телефон соғып: «Қазір ғана Димаш Ахметұлы хабарласып, Зухра Шәріпқызының өмірден озғаны туралы айтты. Ол кісімен қоштасу рәсіміне шақырды. Кел, бірге барайық, Зухра Шәріпқызын соңғы сапарға шығарып салайық» деді. Қазаның алдында бәріміз де кішіміз ғой, Шахмарданның «барайық» дегеніне таң қал­ ған жоқпын,ол сондай ұлы болатын, ал, шынымды айтсам, Димаштың өзінің телефон соққанына ойланып қалдым. Ол екеуінің ара­қатынасы қандай екенін білеміз ғой...


Жерлеу рәсіміне келген кезімізде Шахмардан Есенұлына жақын келіп, сәлем берген адамдардың саны тіптен көп болды, сонда мен бұл азаматтың жұрт арасындағы таны­ малдығы мен беделінің зор екендігінің тағы бір рет куәсі болдым.


Уақыт өткен сайын ұлт пен елдің қандай мықты адам­ дарынан көз жазып қалғаныңды түйсіне түседі екенсің. Сөйтсек, өмірден тамаша ғалым, геолог, жоғары кәсіби әкім­ ші және жарқын жанды адам өтіп кетіпті ғой. Шахмар­ дан Есенов өмірін халқына арнаған адам еді.


Есіме көрнекті табиғат зерттеушісі, академик Алек­ сандар Леонидович Вернадскийдің сөздері түсіп отыр: «Біз­ дің планетадағы тіршіліктің ең қымбат, ең зор құндылығы жеке адамның өмірі. Планетада ол кездейсоқ пайда болған жоқ, егер жоғалтып алсақ, толықтай орнына келтіру мүм­ кін болмайды. Өмірден озғандарды еске алудың ең дұрысы олардың үлгермеген істерін жалғастыру болып табылады»


– депті.


Д. Қонаевтың, бір кездегі өзінің Димаш ағасының он жылдан соң бірінші рет телефон соғуы да, қайғылы хабарға да Шахмардан сәл-пәл қобалжып, тұрып қалды. «Өмірдің өткінші, фәнидің жалған екенін кеш түсінетініміз жаман- ау» деп, әлі ызғары көңілден кете қоймаған өткен күндердің оқиғасы бір сәтке ойға оралды. Соңғы рет, екінші рет министр-


 


ліктен кететін кезде Димекеңнің қабылдауына қаншама рет сұранып, кіре алмай, ақырында «ақтық» сөзін айта да ал- май, қызметтен кете барған-ды. Институтқа мұғалім болып орналасқан соң да ағасымен – Димекеңмен тілдеспек болып, түсіністікке жеткісі келіп талпынып көріп еді, көмекшілері мен орынбасарлары онда да маңайлатпай қойған. Содан кейін Шахмардан да ат құйрығын біржола кесіп, хабарласу- ды тоқтатқан. Тек, Кәмила ғана Зухра жеңгесімен хабарла- сып тұрды. Бар өмірін Димекеңе арнаған Зухра жеңгейдің де ішкі армандары көп еді, ұрпақ көрмей, балалардың шаттық күлкісін ести алмай, мейірленіп немере сүйе алмағанына, қанша үлде мен бүлдеге оранып отырса да, төменетектеніп жүретіні бар-тын. Обалы не керек Зухра жеңгей: «Димаш жоқта үйге келіп тұрсаңдаршы» деп, әсіресе, Кәмила қызына өтініш жасап жататын. «Өмірдің аяғы өкініш!». Ақырында ажал «сіз-бізге де», шыж-быжға да, бәрі-бәріне соңғы нүк- тесін қойды.


Заман өзгерді, онымен бірге басшылыққа жаңа адам- дар келді. Баяғы Шахмардан басына үйрілген қара бұлт Ди- мекеңе де үйірілді. Оған: «республиканы тоқырауға ұшы- раттың, экономикасын құлдыраттың, лауазымды қызметтер- ді туған-туысқаныңа бөліп бердің...» деп дігірледі келген- дер. Респуликадағы «мен біріншімін» деп, нық жүрген адам жаңа қоғам үшін бір күнде қажетсіз болып, Горбачевтар бә- рін де жоққа шығармақ болды. Не керек, Бұхар жырау айт- қан « қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан ша- лар» болды.«Өмір кезек», «бұл дүниенікі о дүниеге кетпей- ді», «өмір деген бумеранг сияқты, жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да қайтып өзіңе оралады». Бұл біз ой- лап тапқан пәлсапа емес, сан ғасырдың елегінен өтіп, бізге жеткен даналар сөзі, тіршіліктен түйген түйін. Мүмкін, Ди- мекең бір кездері Шахмардан басына түскен әділетсіздік пен қаралаудың салмағын, біреулердің сөзіне еріп қателескенін, мансап пен атақтың да уақытша екенін түсінген шығар, кім білсін. Өмір бар жерде өлімнің де бар екенін, Алланың алдына барар уақыттың жақындағанын жары Зухра Шәріпқызының қазасы түсіндірген де шығар. Әйтеуір, талай уақыттан бері хабарласпай, қаралы күндерде Шахмарданды іздеуі тегін емес еді.


 


Көп нәрсені бүлдірген көмекші кетті сегіз жылға со- тталып, облыс хатшысы кетті жер ауып... не керек, сенген Қонаевты ұятқа қалдырып, отырғызып кетті бәрі де. Жаңа басшы Горбачевтің Қазақстанның басшысы Қонаевты сый- лағанынан немесе көп жылғы еңбегін бағалағандығынан емес (оған да «жылы» орын әзірлеп қойған-ды), тек оның қо- лының тазалығы арашалап қалды! Халық қазынасына адал болған, ұрлап-жырламаған елбасы Қонаевқа бұл үшін басың жерге тигенше иілуге болады!


Ақырында, 1991 жылы Кеңес өкіметі құлады да, орнына көбіміз, тіптен ханымыздан бастап, қарамызға дейін түсіне бер- мейтін, біріміз нарықтық, екіншіміз базарлы дейтін экономика- ны орнаттық. Академик Сағадиев айтқандай: «марқұм Қ. Сәт- баевтан бастап, шәкірттері Ебіней Бөкетов, Шахмардан Есе- новтер осы уақытты зарыға күткені...» рас-тын. Күткен нәр- седен жаңалық, жақсылық іздейтінің заңды ғой. Қазақтың күні туды деп ойлады Шахмардан. Кеудесін қуаныш кернеді. Бая- ғы Әбділда ағасының алдында көңілі босап, көзіне жас алдыр- ған күдік пен қауіптің бұлты тарап, ата-бабасы сан ғасыр ар- мандаған тәуелсіздік келді! Кеудеде қайнап, санада сай- рап жатқан нағыз елі үшін, халқы үшін пайдалы іс атқарсақ, өмірді гүлдендірсек, тұрмысты жақсартсақ деген асқақ ар- мандары бар азаматтар алға шықты.Жеріміздің асты да, үсті де тұнған байлық екенін білетін Есенов ендігі жерде есеміз- ді басқаларға жіберіп алмай, өз республикамызға, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға жұмсау керек деп ойлады...


* * *


Ойларымызды осылай түйіп отырсақ, бар шындықты академик Шахмардан Есеновтің өзі айтып, жариялап кетіпті. Біз оны «Зерде» (1989 жыл, №1) журналынан, тілшіге бер- ген сұхбатынан оқып, қанықтық.


Тілші: – Сіздің Қ. Сәтбаевтың шәкірті ретінде қазақ геология ғылымының басы­қасында болғаныңыз аян. Ака­ демия жұмыстарын алға сүйреп жүрген Сізді қалайша сол кезде, қазақша айтқанда, қайраңға тастады?


Ш. Есенов: – Мен өзім қазақтың біртуар данышпан пер­ зенті Қанекеңнің шәкірті болғанымды мақтан тұтамын. Қанекең деген молынан пішілген, қазақтың бүкіл жақсы қа­ сиеттерін бойына сіңірген дархан да жайсаң адам еді.


 


Ал, геологиялық барлау саласында оның білмейтін ұң­ ғыл­шұңғылы жоқ деуге болады. Асқан білікті, парасатты жан деп сол кісіні айтар едім. Қанекеңнің бір өзі жасаған Қазақстан металлогениялық картасы дүние жүзілік геоло­ гия ғылымы саласында теңдесі жоқ дүние.! Оны атақты ғалымдардың бәрі де мойындаған. Ал, біз Маңғыстаудың Оңтүстігінде аса ірі мұнайлы­газды аймақты, Жетібай мен Өзен мұнай кен орындарын аштық. Сол үшін 1966 жы­ лы Лениндік сыйлыққа ие болдық. Сонымен бірге бірне­ ше академиялық институттардың іргесін көтердік, Акаде­ мияның Орталық Қазақстандық, Шығыс Қазақстандық бө­ лімшелерін ұйымдастыру жұмысын негіздедік. Біршама іс­ тер атқарылды, бірақ...


1974 жылы Тың игерудің 20 жылдығына орай республика­ мызға Л.И. Брежнев келді. Онымен әңгіме үстінде Д. Қонаев өзінің інісін, сол кездегі Металлургия институттың дирек­ торы Асқар Қонаевты асыра мақтайды. Сонда тоқыраудың лидері: «Егер жігіт президенттікке лайық болса, ағайын­ жекжаттықтың қандай кедергісі бар» дейді. Дәл осы сөз­ ді әйгілі ақын В. Высоцкий, жағы түсіп сөйлей алмайтын басшымыздың мақамына салып, әжуа­мысқыл өлеңге айнал­ дырған. Сол өлең әншінің архивінде әлі сақтаулы көрінеді. Кейін лайықтының «талантын» ел­жұрт көрді ғой. Мен қосып­жарып ештеңе айта алмаймын. Тек сол шешімге Москвада М. Келдыш бастаған ғалымдардың қарсы болға­ нын білемін. Алайда, Брежнев жіберген бір функционер мені орнымнан босауыма мәжбүр етті.


Тілші: – 70­80 жылдары төл Академиямызға қамшы тілді сындар айтылды. Басты себеп ненде деп ойлайсыз?


Ш. Есенов: – Айтып отырмын ғой, біздің шамамыз кел­ генше көтерген мәселелеріміз далада қалды. Қазақ ССР Ми­ нистрлер Кеңесінің үлкен бір мәжілісінде республиканың өн­ діргіш күштерін дамытудың қадау­қадау мәселелерін қоз­ ғап, Үкімет басшыларына ащы сындар да айттым. Себе­ бі, Қанекеңнен бастап құрылған жүйе құлап жатты. Ащы партиялық сынды сол кезде кім жаратсын, артымнан құрық болып жалғанды. Менің ойым, республика экономикасын­ да алдыңғы қатарлы, шетелдік аренаға шығатын салалар­ ды дамыту. Әлі күнге дейін бізде машина жасау өнеркәсібі өркендемей келеді, бірде­бір автомобиль, радиотехника


 


зауыттары жоқ. Ал, Прибалтика елдері бұл жағынан біз­ ді әлдеқашан басып озды. Мәселен, «ВЭФ» заводының өнім­ дерін шетел жапа­тармағай сатып алады. Партиялық тұр­ ғысынан Д. Қонаевқа інісінің директорлыққа лайықсыз іс­ әрекеттерін айтып едім, ол да кейін өзіме пәле болып жа­ бысты. Ал, қазір Арал, Арал деп жүрміз ғой. Соны біз 60­шы жылдар басында­ақ үлкен проблема етіп көтергенбіз. 20­30 жылдан соң теңіздің бөлшектеніп кететінін нақты есеп­ теулермен дәлеледегенбіз. Кейбір Үкімет басшылары бұл дәлелді келемежге айналдырды. Тіпті осы күні қазақ кос­ монавтын космосқа ұшыру жөнінде де айтып жүр. 60­ шы жылдардың соңында Байқоңырға СССР Ғылым Ака­ демиясының президенті М. Келдыш келді. Сол жерде мен:


«Космос корабльдері Қазақстан жерінен ұшады, респуб­ лика жеріне қонады, мыңдаған қазақ ұшқыштарынан бір космонавт шықпайды деу жаңсақтық шығар» деп, ащы да болса турасын айттым. Ғұлама академиктер, обалы не ке­ рек, бұл сөзімді құптады, бірақ біздің сол кездегі республика әкімгерлері осы ұсынысты тойтарып тастаған еді.


Тілші: –Қазіргі кезде біз жаратылыстану, нақты және қо­ ғамдық ғылымдардағы «ақтаңдақтарға» айрықша көңіл бөлу­ деміз. Жазықсыз жапа шекендерді, тоқырау жылдарындағы келеңсіздіктерді ашып айтудамыз. Сіздің ойыңыз?


Ш. Есенов: – Бұл қазіргі жариялылық пен қайта құру кезеңінде өте дер кезінде көтеріліп отырған мәселе ғой.


«Кесені қолыма ұстап қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп» деген екен Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ай­ талық, кейінгі тоқырау жылдарында зобалаң көрген марқұм Ебіней Бөкетов қандай еді! Қазақтың маңдайына біткен ерен тұлға еді! Мен өзім оны кезінде Академияға физика­ техникалық ғылымдар саласы бойынша академик­секретарь етіп тағайындағым келді. Көп адамдар қолдады, алайда,


... жандайшап В. Владимировтан көріп жүр ғой, бірақ Ебі­ ней тағдырының тамыры тереңде жатыр. Тіпті Ғылым Академиясының өзі іргесін қалаған Орталық Қазақстан бөлімшесін басқарып кететін жөні бар еді, әттең... Қазақ­ тан шыққан тұңғыш профессор­математик Әлімхан Ерме­ ковті алалық. Ол кезінде толық ақталған, бірақ ол туралы, не оның еңбектері әлі жарияланбай келеді. Жалпы, Ермеко­ втер әулеті өте дарынды тұқым. Анау Әлімхан (Қазақ кен­


 


металлургия институтының тұңғыш ректоры), берідегі мал­шаруашылығы маманы Мүсілім. Қарағанды Политехни­ калық институтындағы Мағауия Ермековті Академия мү­ шесі етіп қабылдағаным үшін де көп сөз естідім. Есіңде бол­ сын, аса дарынды адамдар өз халқын жан­тәнімен сүйеді, сол үшін де олар күйеді. Енді ақтала бастаған Мағжан Жұ­ мабаев, Ахмет Байтұрсыновтар. Бұлар әрі жазушы, әрі ғалым адамдар. Солақай, ұр да жық шолақ белсенділердің айтақтауымен, «ұлы көсемнің» әмірімен талай боздақтар кетті ғой. Кейінгі жастар білсін, жақсы мен жаманды без­ бенге салсын деген мақсатпен «ақтаңдақтарды» ашып, жа­ зып жатқандарыңызды дұрыс деп санаймын».


Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ардақты ұлдарының бірі, академик Шахмардан Есеновтің айтпағы және көзқа- расы осындай. Ол: «аса дарынды адамдар өз халқын жан- тәнімен сүйеді, сол үшін де олар күйеді...» деп, өзіне қиянат жасағандарды ақтағандай болады.


* * *


«Туған жерге бүйрегі бұру» деген ұғым қазаққа ғана емес, “мен адамзаттың перзентімін» деп көкірегін кермек болған пенделерден басқалардың бәріне етене ұғым. Осыны ескере отырып, екі естеліктен үзіп-жұлқып үзінді келтірсек, мінде- тіміз орындалған шығар деп түйерміз.


... Шахаңның президент шағы болатын. Жетпісінші жылдары облысқа өзі басқарған бір топ ғалымдар келді, об­ лысыты аралады, ғылым күндері өткізілді, ғылыми конфе­ ренция ұйымдастырылды. Облыстың жер асты қазба бай­ лықтарының мол қоры бар екендігі айтылды, жаңа кен орындарын ашуды батыл қолға алу қажеттілігі дәлелденді. Көп ұзамай барлаушылар келді, талай жерді шұқылап көр­ ді, табиғатта қуыс орын болмайды деген болжам шындық­ қа айналды, келешек кен орындарының көзі ашыла баста­ ды. Арал төңірегінде кен қорын молайту мақсатында гео­ логиялық барлау жұмыстары қыза түсті.


Арал тағдырына байланысты да еске аларлық сәттер жеткілікті. Бір кезде әрі бай, әрі таза өлке бүгінде қауіпті аймаққа айналды, экологиялық қасіреттің құрсауынан жер азып, ел тозып барады. Арал теңізі апатқа ұшырап, күн сайын кеуіп, Сырдарияның лас суы алуан ауруларды тара­


 


тып, қаншама адамның өмірін қиюда. Осындай қасіретке ұшыраудың мүмкіндігін ғалымдар алдын ала болжап, Арал проблемасына байланысты арнаулы конференция ұйымдас­ тырып, Шахаң сол кезде­ақ үн көтерді, тиісті орындарға ғылыми тұрғыдан мәлімдеме жасапты, талай жиындар­ да сөйлепті, бірақ, тиісінше мән беріп, құлақ асушылар бол­ мапты. Осы жайлы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы кезекті сессиясында ашына сөйлегенін теледидар­ дан көріп, көзім жетті. Қайран ердің еш кеткен ерен еңбегі­ ай десеңші!


Жеріміз бір, суымыз бір болса да Шахаңмен бірге оқып, не бірге жұмыс істегенім жоқ, жиі кездестім деп те айта алмаймын. Бірақ ол кісіні танып білетіндей дидарлас бол­ дым. Әрбір кездесу, сұхбат, ретімен араласуды бір ғанибет, мереке, мектеп санайтынмын.


Шахаңды ең алғаш көруім, әрі кездесуім былай болды. 1973 жыл еді. Ол кісі Ғылым академиясының президенті. Мен Қызылордадан Алматыға қызмет ауыстырғаныма аса көп уақыт болмаған. Ұлтымыздың дәстүрі бойынша сәлемдесу ойымда болды да, телефон шалдым. Академиядағы кабине­ тіне келдім. Аса жылы шыраймен қарсы алды. Көрмесе де менен хабардар екенін, астанаға ауысқанымды білетінін аңғартты, ақ ниетпен сәт сапар айтты. Жасы үлкен, әрі ел ағасы деп ілтипат көрсеткеніме көңілі толғандығын байқатты, бұрыннан таныс, талай кездескен қимас жол­ дасымдай пікір алысты. Көп уақытын алмасам да ел­жұрт, қарбалас тіршілік, әсіресе, рухани жағынан есеюдің қамы, ғылым­білімнің жаңа салалары жөнінде әңгіме қозғалды.


Осы сәтте тағы бір сыр ойға оралады. Сол жыл. Бір күні Орталық Комитеттің Іс басқармасы бастығының орын­ басары Қазкен Садуақасов қонаққа шақырды, отырыста Шахаң болады деді. Оның мамандығы геолог, екеуі қатар оқып, сол салада көп жыл қызметтес болған, жақсы жол­ дастар екен. Мен болсам, Қазекеңмен бірге істеймін, әрі


«құдасың» деп әзілдейтін. Сөйтсем, ол менің жақын да жақсы ағаларымның бірі майдангер, ағарту ісінің ардагері Берді Баймішевтің қызын келін етіп түсірген екен. Берді аға мені сыртымнан (өзі ол кезде Қазалы ауданында тұратын, кейін дүние салды) жақын інім деп таныстырады екен.


 


Күз айы болатын, жұмыстан кейін сол үйде кездестік. Жақсы отырыс болды. Үй иелеріне рахмет айтысып тар­ қадық. Шахаңмен қатар тұратынбыз, бірге шығып, үйге беттедік, Шоқан Уәлиханов көшесіне түстік. Сол көше бойымен ілгері­кейін біраз уақыт серуен құрдық. Шахаң әлден уақытта бір сыр қозғады. Бұл көше Ғылым академиясының алдындағы Шоқан ескерткішінен басталып, панфиловшы­ лар бағына тіреледі. Шахаң осы көше бойын ғалымдар ал­ леясы жасау жобасы жасалып жатыр, бітуге таяу деді. Әрине жоба талқыланғанмен, әзір мақұлданбаған, еш жер­ де жарияланбаған кезі, Шахаң сол жобаның желісін қысқа­ ша шолып шықты. Онда ғылымның басты салалары, аты әлемге аян ғалымдар ескерілген. Әр ғалымға ретімен жеке бюст тұрғызылады, архитектуралық тәртіп сақталады, су жүргізіледі, алуан гүлдер отырғызылады, демалу орын­ дары болады, қысқасы бүкіл көше демалыс орнына айна­ лады. Әңгіме кезінде Шахаңа шабыт пайда болып, жүзі нұрланып, қажыр­қайраты сыртқа теуіп кетті. Мен бұл құбылыс ғылымға, Қазақстан ғылымына деген шын беріл­ гендік, дамуымыздың ғылыми негізін қалауға деген құлшы­ ныс, еліміздің болашағын тереңнен болжау қамы ғой деп пайымдадым.


Амал не, көп ұзамай Шахаң ойламаған жерден қызмет­ тен босады, жақсы ой, пайдалы пікір іске аспады.


Ол – елімізге белгілі, аяулы есімдердің бірі Мұстахим Біләлұлы Ықсановпен қатты сыйласты.


Сол кісі дүние салғанда қоштасу парызының марқұмның атына, елге сіңірген еңбегіне лайық болуына барынша күш салды. Әрине, құдай қосқан құдалық жағынан да міндеті бо­ лар. Ал мен өзім бұл тіршілікті одан тереңірек, жоғарырақ қойдым. Мұсекеңді ақырғы сапарға шығарып салуға деген кейбір немқұрайлылыққа шыдамады, бел шешіп кірісіп, бас­ тан­аяқ атқарып шықты, қоштасу сөз, еске алу отырысын да өзі басқарды, – деп еске алады философия ғылымының кандидаты Айдаров Дәуірхан.


Енді ғылым әлемінен алыс жүрген, бірақ ұйымдасты- рушылық жұмыста талай тер төккен еңбек ардагері И. Қа- лиевтің лебізін оқып көрелік:


– Қазақстан Компартиясының ХІV съезінде Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Х. Бектұр­


 


ғанов сөйлеп, «көршілес жатқан Ақтөбе мен Оңтүстік Қа­ зақстан облыстарының жер қойнауы зерттеліп, ел игілігі­ не асырылып жатыр, ал екі облыстың ортасында біз «ақ­ таңдақ» болып қалып қойдық» деді. Бұл пікір ертеңіне­ақ


«Правда» газетінде де жарияланды. Орынды айтылған пікірге алғашқы болып Геология министрі Шахмардан Есе­ нов үн қосты. Ол артынша­ақ Қызылорда қаласының іргесі­ нен геологиялық барлау эспедициясын құрып, оны жаңа тех­ никамен жарақтады, геофизикалық және лабораториялық аппараттармен, көліктермен қамтамасыз етті. Барлау жұмысы күрт, әрі қызу басталып та кетті. Осының нәти­ жесінде аз уақытта­ақ облыс көлемінде мұнай мен газдың мол қоры барлығы және қорғасын, мыс, уран, кварц, суль­ фат... сияқты пайдалы қазбалардың барлығы анықталды. Шахмарданның істі ұйымдастыру қабілетіне қайран қалып, риза болдық.


Облыстық партия комитетінде өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі болғандықтан, Шахмарданмен жиі кездесуі­ ме қызметім көмектесті. Қашан, қай кезде барсаң да есігінің алдында сарғайтып отырғызып   қоймай,   жы­ лы қабылдап, өтініш­тілектерімізді тез шешіп беретін. Соның арқасында Шалқия кенішіндегі құрылыс, Жаңа­ қорғандағы қиыршық тас зауыты, Қызылордадағы си­ ликат кірпіш зауыты жұмысын бұрынғыдан екі­үш есе жақсартты, Арал өңірінен сульфат өндірудің жолдары қарастырылды.


Әсіресе, экологиялық қатер аймағына айналған Арал жә­ не Қазалы өңірінен ауыз су көзін табуды қатты қолға алды. Барлаушылардың бар мұқтажын жеткізіп, тез арада жер асты су көзін табуды тапсырды. Тиянақты тапсырманың арқасында Байқожа, Қараұзақ су көздері табылып, сква­ жиналар қойылып, халық ауыз суға қарық болды да қалды. Мұны іскерлік емес деп қалай айтарсың...


Мұның үстіне Құмкөл мен Арысқұм мұнай­газ кендерінің табылуына қолындағы бар билігі мен өзінің күш­қайратын аямады. Осы екі кеніштің табысы облыс экономикасының көтерілуіне елеулі үлес қосып отыр. Шахмарданның туған жеріне қосқан үлесі перзенттік борышын өтеді деп есеп­ тейді қызылордалықтар...»


 


* * *


Өмірдің соңы өлім. «Жалған дүние!» деп талайлар кет- педі ме, «аһ» ұрып. Талайлар арманына қол созым қалған сәтте өмір үзіліп,жарық сәулесі сөнген. Өмір тәтті... тағдыр қатал... жарық дүниенің жұмбағы көп...


Шахмардан өзі айтпап па еді бір сұхбатында:«халық үшін өмір сүргендердің өмірі шырғалаңға толы, соқтықпалы-соқ- пақты жолы көп болады, менің өмірге өкінерім жоқ...» деп. Біз оған сенеміз. Американдықтар өмірінде ерекше орны бар президент Джордж Вашингтон: « Адамның мықтылығы қол жеткен табыстарымен емес, жеңген қиындықтарының саны- мен көрінсе керек» деген екен. Есенов өмірін бұл формулаға салсақ, көрген құқайы аз емес, әрине. Оның бәрін де ол нағыз Азаматқа тән мінезбен, ерлерге тән қайсарлықпен жеңе біл- ді. Өйткені оның бойында халқына, ұлтына деген құрмет пен ілтипат жатты, қиындықты, тіршіліктің тауқыметін көп көрген халқын бай, қуатты жасасам деген, жер байлығын ел игілігіне асырсам деген асқақ арманмен өмір сүрді.


Өмірі әділетсіздік пен қиянатқа толы болғанмен, оның жарқын жақтары да аз болған жоқ. Жастайынан геологияның нағыз кәсіби маманы болды, ең жас министр, сосын прези- дент атанды. Алған атақ-даңқы да жетерлік. Тізер болсақ: ол екі рет Геология министрі қызметін атқарды, Қазақ ССР Ми- нистрлер Советі төрағасының орынбасары, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, әрі оның президенті болды. Жеті рет Республика Жоғарғы Кеңесіне, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат, екі рет Жоғары Кеңестің төрағалығына сайланды, КПСС Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат, Қазақстан Коммунистік партиясы тексеру комиссиясының мүшесі болды, ССРО Ғылым мен техника саласындағы Ле- ниндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекеттік комитет мүшесі болды. Лениндік және Қазақ ССР Мемле- кеттік, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтардың лауреаты, екі рет Ленин орденімен марапатталды. Бірнеше рет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен на- градталды.


Оның қаламынан 16 монография, 200-ден астам ғылыми мақала, басқа да еңбектер туындады.


Ол жоғары дәрежелі тау-кен мамандарын даярлап, қа- білетті шәкірттері арқылы ғылымдағы үрдісті ісін жалғас-


 


тырды.Ұлағатты ұстаз атанды. Ең бастысы – Адамдықтың ақ туын құлатпай, жүзі жарқын, рухы асқақ өтті. Ұяттан аттап, намысын жер еткен жері жоқ. Дос түгілі, дұшпанына да адал болды. Ол адамгершілігі биік, кісілік келбеті дара, ғұлама ғалым ретінде қазақ халқының тарихында мәңгіге қалды.


Елімізде Ш. Есеновті мәңгі есте қалдырудың шарала- ры әлі жүріп жатыр. Қазірдің өзінде Алматы, Қызылорда, Жезқазған қалаларында оның есімінде көше, Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жә- не инжиниринг университеті бар. Және осы оқу орнының, Жезқазған университетінің озат студенттеріне, Ғылым Ака- демиясының аспиранттарына Ш. Есенов атындағы стипен- дия тағайындалды. Өзі оқыған «Тартоғай» орта мектебіне есімі берілді. Қызметтес болған ғалымдардың ұйымдас- тыруымен «Біртуар Шахмардан», «Главный геолог» атты екі кітап және «Академик Шахмардан Есенов» деген бір фо- тоальбом шығарылды.


Қазақтың данышпан ақыны Қадыр:


 


Ұятсызға қай кезде де күліпті – АР, Мансабына тәуелді ғой ұлықтар! –


 


дейді де, артынша оған жауапты өзі қайтарады:


 


Бұл табиғат берген болса саған бас, Мықтап тұрып есіңде ұста,


Қ а л а м д а с! – Ешқашанда, Ұлылықтың күмбезі


Зұлымдықтың кірпішімен қаланбас!


 


Шахмарданның ұстанғаны да ұлылықтың күмбезін зұ- лымдықпен емес, адалдық, әділдікпен құру болды. Біз бүгін оны сол биіктерден ізейміз, бағалаймыз, сосын, осылай ма- рапаттаймыз. Марапат әруаққа айналған Есеновке емес, тірі бізге, болашақ жастарға керек. Кейде бізге бүгін жастар жол айрығында тұрған жолаушыдай, қай жолға түсерін білмей жан-жағына жалтақтап тұрғандай көрінеді. Академик Шах- мардан Есенов ғұмыры сондай жастарға бағдаршам іспетті. Ол өз Отанын, туған жерін, қазақ халқын барынша сүйді. Елін


 


бай, жерін қуатты етсем деген арманмен өмір сүрді, қызмет етті, ғалымдық, ұстаздық ғұмырын арнады. Сондықтан да оның өмірі бүгінгі және болашақ жастарға үлгі боларлық ғибратты ғұмыр!


 


P.S. Қолжазбаның соңғы нүктесі қойылып, редакцияла- нып, басылып шығуға әзірленіп жатқанда Шахмардан Есенов ағамыздың адал жары, досы, жанашыры болған Кәмила апай сексен үш жасында дүниеден өтті. Өкінішті. Жазылған тарау- ларды оқып шығып, сындарлы сын мен мәнді пікір айтқанда Кәмила апайдың тегінің асылдығына таң қалатынбыз. Үсті- міздегі жылғы қаңтардың 10 күні телефон шалып: «Гүлсім қалқам, кітаптың шығуын өзің қадағаларсың, саған сендім, менде шама қалмай барады... кеше ауруханадан үйге шық- тым... Батырдың қолжазба құжаттарын Шайзада екеуің мем- лекеттің архивіне тапсырыңдар... саған аманат» деді. Апайдың тілегін үнсіз қабылдадым. Қаңтардың 25 күні ол кісі жарық дүниемен қоштасты.



Біз соңғы бірер жылдың ішінде танысып, жиі кездесіп, көптен білетін ескі танысқа, кей тұстарда сырлас-мұңдасқа айналып кетіп едік. «Қалқам, бар шындықты өзіммен бір- ге алып кетпейін, саған айтайын, Батырдың басынан өткен жақсылық жетістіктері өсіп келе жатқан жастарға үлгі, көр- ген әділетсіздіктері сабақ болар, шындықты айтсақ қалай бо- лады...» деп ой тастаған да өзі болатын. Біртуар азамат Шах- мардан Есенов өміріне біраз қанық болып қалған біз мұны- мен келістік, емеурінін орындауға тырыстық. «Біз екеуміз әлі Батырдың табаны тиген Жезқазған, Маңғыстау, Шиелі өңіріне барамыз. Тек сен кітапты тезірек бітірші» дейтін ша- бан жазатын бізге наз айтып. Өкініштісі сол, қолжазбаны оқып, өзі қол қойып кеткен дүниенің кітап болып шыққанын көре алмай кетті. Өкінішті-ақ! Есесіне сол кітап Сіздің қо- лыңызда, құрметті оқырман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу