16.02.2022
  523


Автор: Гүлсім Оразалықызы

ОТАННЫҢ ІРГЕТАСЫ – ОТБАСЫ - СЕГіЗінші Тарау

Шахаң тындырған толып жатқан тірліктер туралы шама- мыздың келгенінше біз де бүкпесіз айтуға тырыстық, жол- дастары, серіктері, қызметтестері де өз лебіздерінде, естелік- терінде ағынан жарылып ақтарылды. Бірақ өмірдің тағы бір даусыз ақиқаты бар. Отбасын құрап, отау тіккен екеудің бі- реуі керегесінің берік, шаңырағының биік болуының қамын жемесе, сол үшін қолынан келгеннің бәрін істемесе, ері бол- сын, зайыбы болсын қанша тыраштанып, тырмысса да, бе- рекенің мерекеге айнала қоймасы ақиқат. Ал Шахаңның от- басында ол қандай биіктерге ұмтылса да, қомдаған қанатын сылап-сыйпайтын, елі үшін ерен тірлікке бел байласа да, ар- тына қарайлап алаңдамайтын бір тірегі өз ошағының басын- да еді. Ол тірек Кәмила апамыз болатын. Ендігі сөз кезегін сол апамызға берсек, біз айтқан, басқалар айтқан лебіздердің бәрінен де бекем, бәрінен де сүбелі, салмақты болары анық. Сонымен Бегімбайқызы (кейбір құжаттарда Қарабалаевна деп жазылып келді) Кәмила апайымыздың сөзін тыңдалық.



  • Мен жастай жетім қалдым, әкем Бегімбай 1940­жы­ лы, соғыстың алдында бар­жоғы сегіз ай ғана ауырып, дү­ ниеден өтсе, анам Әсем әкем қазасынан 21 күн кейін төрт­ ақ күн науқастанып қайтыс болды.Ол кезде мен бар­жоғы 11 жаста, төртінші класта оқитын едім. Қазақта «же­ тім қозы тас бауыр» деген сөз бар, бірақ мен тасбауыр болмадым. Өйткені әкем алты ағайынды еді, алты ұл: Ах­ мет, Ақбенбет, Бегімбай, Абзал, Әбдіхалық, Даңбай және бір қыз – Ақілгек. Олар әкем мен анамның орнын толты­ рып, бар мейірім, шапағаттарын аямай өсірді. Әлі күнге дейін, «Айналайын!» деп, маңдайымнан иіскегендері ойыма түссе, жүрегім нұрға толады. Жарықтықтардың жанда­ ры жәннатта болсын, бәрі де о дүниелік болып кетті.


Қазақта жақсы дәстүрлер көп қой, соның бірі, бірі емес бастысы – әулеттің ұйымшылдығы. Әулет ұйымшыл болса, қандай қиындықтан да шығуға болады. Мен соны


 


көріп өстім, дәмін татып өстім. Біздің әулетті әкемнің ең үлкен ағасы Ахметтің әйелі Хадиша басқарып отыратын. Әжеме бір адам қарсы келмейді, ол қандай шешім шығарса да, басқалар бұлжытпай орындайтын.


Бір кезде соғыс басталды. Әулеттің ер­азаматтары соғысқа кетті, біз Тереңөзек жақтағы Майлықұмға көштік. Әкемнің қарындасы Ақілгек, Хадиша әжеміз, бізді асыра­ ушы немере апам Мәрипа (МТС кассирі болатын) бәріміз бірге тұрдық. Бір күні Мәрипа ауырып қалды. Не істеу ке­ рек? Ол кезде мен бар­жоғы жетінші класта оқимын, со­ дан немере апамның орнына кассир болып жұмысқа шық­ тым. Бас есепшіміз бір кәріс кісі, өте жақсы адам еді, ол ауданнан ақша, нанға берілетін карточканы әкеледі, мен оны жұмысшыларға таратамын. Кейіннен Мәрипаны ау­ партком секретарының хатшысы етіп алып кетті, ол орыс класын бітірген, орысша, қазақша сауатты болатын. Сөйтіп, менің бір жарым жыл кассир болып жұмыс істе­ уіме тура келді. Соғыс кезі емес пе, жұмыс қолы жетіспей­ ді, кімнің қолынан не келеді, соны істей бердік қой. Жалпы халық қиындықты көп көрді. Біз аса қиналмадық,өйткені жұмыс істеп, аз да болса табыс тауып тұрдық қой. Апайым Жәмиланың күйеуі Жамбыл облысындағы Мерке аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Не де­ генмен қолында билігі бар адам ғой, тамақтан, дүниеден олар таршылық көрмеді. Жәмила апам өзіне алған киімінен маған жіберіп тұратын. Әлі есімде, бір жолы маған қоңыр былғары плащ пен қоңыр туфли жіберіпті. Пединститутқа алғаш киіп барғаным есімде.


Әкемнің кіші інісі Даңбай мен жеңгем Дәметтің ба­


лалары болмады, содан мені бірден қолдарына алды, ерке­ летіп, сыпырғы ұстатпай, ыдыс жудырмай, нағыз бұла қыз етіп өсірді. Мектепте жақсы оқыдым. Ол кісілер оқуыма жағдай жасады, мектеп бітірісімен Қызылордадағы педу­ чилищеге түстім, оны өте жақсыға бітіріп, Педагогика ин­ ститутына түстім, оны да үздік тәмамдадым. Институт қабырғасында партияға өттім, Қазақстан комсомолдары съезіне делегат, қалалық Кеңеске депутат болып сайландым. Не керек өз заманымның талабынан қалмауды ойладым.


Бірінші курста Батырмен (Шахмардан) таныстым. Жасыратын несі бар, бір­бірімізді жақсы көрдік, жақсы көрмесе, институт бітіргенше мені күтер ме еді?! Шахаң­


 


дай жігітке көзі түспейтін қыз болмас, тек бізді қосқан бір­бірімізге деген таза сүйіспеншілігіміз болар деп ойлай­ мын. Сол сүйіспеншілігімізді жоғалтпадық, аялай білдік, құр­ меттеп, балаларымызға жұғыстыра білдік. Батыр өзі жал­ ғыз болғандықтан ба, әйтеуір балаларын өте жақсы көрді, олардың болашағына, өміріне жүрдім­бардым қараған емес. Жар таңдауларына араласа қойған жоқ, ал, мамандық таң­ дауға келгенде бағыт­бағдар беріп, ақылдасып отырды. Ұл­ дары: Мақсұтбек, Ескендір, Сұлтан, үшеуі де әкесінің ақы­ лына құлақ асып, геолог, металлург болды. Қызымыз Шәй­ заны да геолог етпек болып еді, мен биология факультетіне түскенін қаладым. Мұныма Батыр біраз ренжіп жүрді де,


«жарайды, қыз баланың дала кезбей, лабораторияда отыр­ ғаны да дұрыс шығар» деп, келісті.


Шахаңның анасы өте ақылды адам еді. Жас болдым, білгенімнен білмегенім көп кез. Даңбай ағам мен жеңгем Дә­ мет еркелетіп, үй шаруасын аса үйретпепті. Соны түсінген енем көп білместігімді кешірді, ақылмен үйретті. Алғаш келін боп түскен күндерім, Жезқазғанда тұрамыз. Менен апам сұрайды «пол жуа аласың ба?» деп. Мен «жоқ» дей­ мін. Онда мына 10 сомды ал да көршінің қызына бер, содан пол жууды үйреніп кел деді. Ешқандай зілсіз, шын ниетімен айтып тұр. Полды бұрын жумасам да, көргенім бар ғой, ешкімге барып үйренбей­ақ істеп кеттім. Менің балалық қылығымды қызық көрген басқа келіндер қатар­қатар та­ релкелерді кіре беріс есік алдына жерге жайып қойыпты. Қайтер екен деген болуы керек. Мен оны жинаудың орны­ на үстінен секіріп­секіріп өте шығыппын. Бәрі ішек­сіле­ лері қатып күліп жатыр. Апам оларға: «күлгенше үйрет­ пейсіңдер ме, өңкей шуылдақ!» деп, ұрсып жатыр. Басқа ене болса, «көргенсіз, түк көрмеген» деп, неше түрліні айтып ұрысып, жерден алып, жерге салар еді ғой. Жоқ, апам өз анамдай ақылын айтып, бір жылдың ішінде үй шаруасының бәрін үйретіп шықты. Балалардың бәрін баққан апам.Ойы­ ма түссе, көңілім босап кетеді, апам баланың сүт құйған бөтелкесін қойнына салып құшақтап жататын. Түнде жы­ лаған кезде қойнындағы жып­жылы сүтті бере қоятын. Апам: «жассың ғой, қызметіңнен қалма!» деп, бала үш­ төрт айға толған кезде жұмысқа шығарып жіберетін. Мектепте оқу ісінің меңгерушісі болдым. Алматыға келген соң ЖенПИ­де екі жылдай ғана сабақ бердім. Батырдың


 


қонағы көбейді, іссапарға көп шығатын болды, балалар өсіп, ер жетті, бақылау, қарау керек, апам, бұрынғыдай емес, қартайды, не керек, бітпейтін үй шаруасы көбейді. Содан, жұмысты қойдым.


Өмір қызық, жас ұлғайған соң бар бітірерің өткенді ай­ ту болады екен­ау.


Бір жылы Жезқазғанға төрт жеңіл машина «Побе­ да» келді. Үшеуін комбинаттың директоры, шахтаның бас­ тықтары алды да, төртіншісін экспедиция инженері Ба­ тырға берді. Ол кезде мұндай машинасы бар адам қазіргі самолеті бар адаммен бірдей. Содан машинаны алысымен, сонау Жезқазғаннан «Победамен» Қызылордаға, Шиеліге екі бала, апам, мен, Батыр жолға шықтық. Жол – кәдімгі даланың қасқа жолы. Жезқазған мен Қызылорданың арасы 500 шақырым. Орта жолда ғана бір малшының үйі отыра­ ды, одан басқа жол бойында бірде­бір елді мекен жоқ, мидай жазық дала. Анда­санда даланы жосып жүрген киіктерден басқа тірі тіршілікті көре алмайсыз. Егер машина бір нәрсе болып бұзылып қалды ма, әй, білмеймін, арам өлуге болады. Сол сапар туралы қазір ойласам, ойыма түссе, қорқып ке­ темін. Жастықтың арқасы ғой. Демалысқа шықтық, жаңа машинаның буы бар дегендей... Бірақ, сол жолы көп туыс­ тарды аралап, ағайын­тумаларды көріп, арқа­жарқа бо­ лып, бір жасап қайттық. Әсіресе, апам жарықтық жалғыз баласының өскен­өнгеніне марқайып, туыстар алдында шалқып қайтты.


Батыр ағайын­туғанға бауырмал, қамқор бола білді. Өзі: «Жасы үлкенге – іні, жасы кішіге – аға болуға жара­ сам болды» дегенді жиі қайталаушы еді. Енді барлап, ой елегінен өткізе қарасам, шынында да ол үлкенге іні, кіші­ ге аға бола біліпті. Шахаңның шарапатын көрген адамдар әлі күнге дейін менен қол үзбей, амандық­саулығымды біліп тұрады. Ал, жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын. Өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаруға тырысатын. Батыр өмірде тым қарапайым, өте кішіпейіл болды. Өзінің аспан­ дап тұрған қызмет­дәрежесіне, атақ­абыройына, бедел­бі­ ліміне қарай көкірегін көтеріп, менменсіген адам емес. Ол – бойындағы ілім­білімін, жүрегіндегі ізгілік, болмысындағы қажыр­қайратын елі үшін, халқы үшін жұмсады десем, артық емес.


 


Ол кезде Коммунистік партия қатарында болсаңыз болды, жұмысқа қайда жұмсаса, сонда барасыз. Мы­ нау маған ұнамайды, анау ұнайды деген таңдау берілмей­ ді сізге. Батырды министрліктен түсірді де, Балқашқа, гео­ логиялық экспедицияның бастығы етіп жіберді. Қазір ой­ ланып отырсам, Батырдың ерік­жігері қандай мықты адам деп, президент, министр болып, президумдарда оты­ рып жүрген адам бір күнде Бетпақтың даласынан бір­ақ шықты. Тағдырының осылай болғанына еш мойыған жоқ. Біріншіден, Батыр өмір бойы өзінің мамандығы – геоло­ гияны жанындай жақсы көрді. Сол жақсы көретін ісі­ не қайыра оралғанына аса ренжи қоймады, ал, геологтар шын мәнінде қуанды десем өтірік емес. Таңертең ерте тұрып гаражға барып, барлаушыларды машиналарымен тиісті жұмыстарына жөнелтіп, сосын өзі де жүргізушісін қасына отырғызып (неге екенін білмеймін, машинаны өзі жүргізгенді жақсы көретін), даладағы кен қазып жатқан геологтарды аралап, станоктардың қалай жұмыс жасап жатқанын өз көзімен жиі көріп қайтатын.


Ол кезде Мақсұтбек, Ескендір Мәскеуде оқуда, Шәйза тұрмыста, Алматыда тұратын, тек кенжеміз Сұлтан ғана бізбен бірге. Шіркін, жастық­ай! Үйде отырып жалығар дейтін болар, кейде Батыр даладағы экспедицияға мені де бірге ала кетеді. Аптап ыстық, тоқтауы жоқ аңыраған жел, бірақ қызық! Барған жерімізде геологтар арқа­жарқа болып қарсы алады, Батыр станоктарын аралайды, дала­ да отырып тамақ ішеміз, әңгіме­дүкен құрамыз, түннің бір уағында шаң­шаң болып үйге келеміз. Қонып та қалған кез­ деріміз болды. Қандай қиындықтар көрсе де, бір рет те шаршадым деп айтқан емес.


Екіншіден, Батыр атақ, лауазым, байлық қуған адам емес. Ол жан байлығын жоғары бағалайтын. Батыр оқы­ маған әдебиет, тарих жоқ шығар­ау! Жаны бай болған­ дықтан да, өз басына түскен ауыртпалыққа философия­ лық тұрғыдан қарап, пендешілікке ұрынған жоқ. Ешкімді сөге жамандап отырғанын көрген де, естіген де емес­ пін. Үшіншіден, айналасында өзіне адал берілген достары, әріптестері көп болды. Мысалы, Балқаш металлургия ком­ бинатындағылар Шахаңның жұмысын әуелден біледі, үнемі қарым­қатынаста ғой. Балқашқа келісімен, солар бар, өзінің геологтары бар, бірінен кейін бірі қонаққа шақырып, сый­


 


құрметтерін аямады, Батырға моралдық тұрғыдан қолдау көрсете білді.


Қызық болды, бір күні шақырған адамының адресін ал­ мапты, жобамен іздеп келеміз. Батыр: «есігінің алдын­ да ағаш жоқ болса, ол соның үйі» деп, айтқаны сол еді, ша­ қырған адамы есігінің алды тып­типыл үйден шығып тұр. Батырдың жоба­жорамалына бәріміз де күліп жатыр­ мыз. Балқашта орыстар көп. Олар есігінің алдына түрлі ағаштар, гүл отырғызып, жайнатып қояды ғой. Ал, біздің қазақтардың малдың қиын үйіп қойып отыра беретінін Ба­ тыр байқаған ғой.


Тағы бірде, Батырды бұрын білмейтін, бірақ сырттай есітіп, құрмет тұтып жүретін бір қария үйіне қонаққа ша­ қырды. Қойын сойғалы тұрып: «Айналайын Шахмардан, елдің атын шығарып жүрген азаматсың ғой, мына қойды тек қана алмаға байлап, өзім бордақыладым, саған арнайы сойып отырмын» деп, батасын сұрады. Міне, қарапайым жандардың осындай­осындай құрметі қандай қиындық, әді­ летсіздік көрсе де, құлап қалмай, сүрініп кетпей жүруіне күш­қуат беріп, үмітін алға жетеледі­ау деп ойлаймын осы күндері.


Әсіресе, Балқаштағы геологтар Батырдың келгеніне қатты қуанды, жұмысты құлшына істеп, жоспарларын асыра орындады. Бірақ, бұл да жоғары жаққа ұнамай, бір жылға жетер­жетпестен экспедиция бастығынан босат­ ты. Өзі оқыған Қазақ Политехника институтына оқытушы болғысы келді. Ол жерде де көптеген кедергілер болды, бірақ Батыр өзінің мықтылығын дәлелдеп, конкурсқа түсіп, жеңіп, кафедра меңгерушісі болып, өмірінің соңына дейін еңбек етті.


Қазіргі Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтанға да алғысым ерекше. Шахаңның еңбегін елеп, есімін қалдыру үшін сөз көмегін де, іс көмегін де аяған жоқ. Ердің қадірін ер ғана түсінеді.


Батыр үйде де, түзде де өте әділ болатын. Рас, ол ұлттық кадрларды көп өсірді. Өзге ұлт өкілдерін кеудеден итеріп, шетке шығарған жоқ. Талантты, дарындысы бол­ са, бәрін өсірді, көтерді. Ол мынау ағайын­тумам екен деп дарынсыздарды өсірген емес. Кім жұмысты белсеніп істеп, ортақ іске кімнің жаны ашыса, ол сол адамның қолтығынан демеп, абыройын асырып отырды. «...Шахаңның алдынан


 


үлкен де, кіші де риза болып шығатын. Ол шын мәніндегі азамат, қазақ халқының мақтанышы еді» деген пікірді мен емес, әріптестері, бірге талай жыл қызметтес болғандар жиі айтады және бұл пікірлерін баспасөз беттерінде жа­ зып та жүр.


Шахаңның ұстазы атақты ғалым Қаныш Сәтбаев екенін көпшілік біледі. Ұстазының жетекшілігімен Батыр Жезқазғанда он бір жыл қызмет істеді. Қатардағы барлау­ шыдан экспедицияның бас инженеріне дейін өсті. Ол Қа­ ныш ағаны өте құрметтейтін, сыйлайтын. Жұмыс бабы­ мен Жезқазғанға келген кезде қонаққа шақырып тұрдық. Бірде шақырушылар көбейіп, біздің үйден таңғы шайды ішетін болды да, сағат сегізде келді үйге. Мақсұтбектің 4 жасар кезі болатын, үйге кірген Қаныш ағаның алдынан жүгіріп шығып: «А, это вы, за вас мы не спали, готовились» демесі бар ма. Бала сөзі болса да Қаныш аға әжептәуір ыңғайсызданып қалды. Қаныш аға өте әңгімешіл, сөзге ше­ шен адам еді. Әр кез Батырға ақыл­кеңесін беріп, өмірден көрген­түйгендерін айтып отыратын. Бірде Абайдың:


...Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді, ішіне қулық сақтап,


Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, – Еңбегің мен ақылың екі жақтап,­


 


деген шумағын Қаныш аға Батырға қарап екі рет қайталап айтты. Кемеңгерлігін көрмейсіз бе, Абай арқылы өз ақылын жеткізіп отыр, әдемі айтып отыр. Аз сөзбен көп мағыналы ойды, өмір сүрудің дұрыс жолын көрсетіп отыр, асыл аға. Әлдекімдердей шіреніп өзінің академиктігін, президент еке­ нін бұлдамайтын, дастарқан үстінде өте қарапайым, кең отыратын. Кейіннен, Алматыға жұмысқа ауысып келген кезде де Шахаң ұстазы Қаныш ағамен жақсы араласып, әр уақыт жұмыс барысында ақылдасып, сыйласып өтті.


Батырдың өмірі ылғи жаз бен көктем болды десем өтірік болады. Жүйкесін жұқартып, денсаулығын құртатын небір оқиғалар өтті ғой. Жазықты болса бір жөн­ау, жазықсыз жазаланғаны жанына батып, миына салмақ түсті. Ауру­ ды содан тапты­ау деп ойлаймын. Бұл ойым үшін жара­ тушы мені кешірсін, бірақ, айтпасқа да болмайды. Ешкімге шағынбады, ешкімге барып өкпе­наз айтпады. «Қызмет –


 


қолдың кірі, ең бастысы адамдық қалыпты сақтау керек!» дегенді бізге де, өзгеге де жиі айтып өтті.


Өмірде: «мен өзімді өзім басқара алатын адаммын» дей­ тін. Сонысын өмірінің соңына дейін дәлелдеп өтті. Қандай ауыр төрт операцияны басынан өткерсе де шыдамдылық танытты. «Жаман – жан­жағын ала ауырады, жақсы – жалғыз ауырады» дегендей, тектілігін көрсетіп, ақыл­есі­ нен алжаспай, бар қиындықты бір өзі көтеріп, өмірден өтті.


Арқа сүйер асқар тауымыз құлағандай күйде көп жүр­ дім, ендігі жерде балалардың амандығын тіледім. Сөйтіп жүргенде, 2004 жылы ортаншы ұлым Ескендірбек қайтыс болды. Балам әкесі секілді ақжүрек еді, кезінде Чернобылда атом электр станциясында жарылыс болғанда көмектесуге барды. Әкесі алып қалайын дегенде: «Басқалардан менің жаным артық па... ұят болады» деп кете барды. Соның ақыры осындай болды, сәуле өтіп, денсаулығын құртты, біраз жыл науқастың азабын көрді. Қазақ «жұт – жеті ағайында» дейді ғой, сол рас­ау деймін. Ескендірбектен кейін үш ай өтер­өтпестен жан құдағиым, Мақсұтбектің жары Гүлнарымның анасы Сайда Шамсудинқызы қайтыс болып, одан сайын қайғыдан есеңгіреп қалдым. Әйтпесе, әжептәуір тың едім. Басқа салған соң бәріне де көнеді екен адам. Құ­ дағиым Сайда ақылды, парасатты адам еді. Сырласым да, мұңдасым да бола білді. Батырым қайтыс болғанда күндіз­ түні қасымда болып, қайғымды бөлісіп, күн сайын жағ­ дайымды сұрап, көңліме демеу берді. Өмірдің аяғы осылай болды...»


Шахаңның отбасы араласқанға үлгі екенін олармен ара- ласқандардың барлығы сүйсіне айтады.Ендігі кезекті соларға берсек дейміз. Сондағы мақсатымыз – жас ұрпаққа ғибратты ғұмырдың қандай болатынынан өнеге ұсыну. Жоғарыда Би- жамал Рамазанова апайымызға орайы келгенде сөз беріп едік қой. Енді сол кісінің лебізін жалғастырмақпыз:



  • Шахаңның отбасы үлгі аларлық жанұя еді. Жары Кә­ миланы институт бітіргенше күтіп, қарт анасын өзі бағып­ қағып, уәдесінде тұрып, отау құрған ғой. Кәмила да соны ақтады. Өз басым Кәмиланың әйелдік, аналық парасаты­ на таң қаламын, риза боламын. Қуанышта да, реніште де Шахаңа нағыз жанашыр, дос, жолдас бола білді. Балаларын


 


қандай тамаша етіп тәрбиеледі, жаман қылықтарын көрген де, естіген де емеспіз. Кәмиланың өзі мектепті де, инсти­ тутты да өте жақсыға бітірген. Соған қарамастан, кейбі­ реулердей «жұмыс істеймін» деп шалқақтамай, Шахаңның басын қадір тұтып, анасы мен балаларына өмірін арнады. Әйелдік, аналық парызын бірінші орынға қойды. Қазір соның жемісін жеп, балалары мен немере, шөберелерінің қызығын көріп, «Есеновтер әулетінің» басы, басшысы болып отыр. Әйел­ана бақыты деген осы емес пе?!


Мінезге бай, асықпай сөйлеп, ойын бүкпесіз жеткізе­ тін, киім киісі, жүріс­тұрысы сүйкімді жас Кәмиланы Ди­ маш ағамыздың зайыбы Зухра Шәріпқызы жақсы көріп, сыйлап жүрді. Бірде сол кісілердің дастарқан басында бірге қонақ болдық, сонда Зухра жеңгеміз: « Кәмила менің қызым болады, сәл ғана күрең түсі болмаса маған тартқан» деп, арқасынан қағып, қалың шашын сыйпап, мейірлене айтқан сөзі құлағымда әлі тұр.


Қанша жыл өтсе де Кәмила сол сыпайы, сырбаз қалпында. Шахаңмен 42 жыл отасып, бірін­бірі «Батырым» деп өтті. Қызы Шәйзаға, ұлы Мақсұтбек пен Сұлтанға бас­көз болып, әкелерін жоқтатпай отыр. Өмір бір сарында тұра ма, төрт­ бес жыл бұрын Ескендір деген баласы өмірден өтіп, қайғылы оқиға болды. Ақылды адам ғой, оны да сабырмен көтере білді. Үлкен ұлдары Мақсұтбек Шахаңның досы, мемлекет­


тік қызметте көп жылдар абыройлы істеген Ықсанов Мұс­ тахимның қызы Гүлнарға үйленді. Құда­құдағилар бір­бірі­ мен қаяусыз сыйласады. Әсіресе, Кәмила құдағиы Саида Шамсудинқызымен апалы­сіңлідей жарасып жүреді.


Ал ілкі беттерде бірталай сөз берген ағамыз – геоло- гия-минералогия ғылымының докторы С. Құрманов былай қайырады:



  • ...Шахаңның от басын да жақсы білдік. Жұбайы Кәмила жеңгей Шахаңның өзіне сай, ақылды да көрікті адам. Ашық, әр уақытта ақжарқын. Кезінде Шахаңа байланысты жақсы­ лықтардың бәріне де кең дастарқанын жайып, жұмыстас, жолдас­жора, қосшыларын жинап, талай дәм татқызған еді, жеңгеміз. Төрт бала тәрбиелеп, сайдың тасындай жұп­ жұмыр, тәртіпті етіп жетілдіріп, үй қылды.


Ғылым докторы Э.Ю. Сейітмұратова, әріптесінің ойын өрбіте түседі:


 



  • Менің ойымша дәл осы мейірімділік сезімі Шахмардан Есенұлы мен Кәмила Бегімбайқызының қарым­қатынаста­ рының негізін құраған болуы керек. Мұндай мейірімді, жү­ регі жылы сезімдерге толы адамды ұнатып, сүю де бір ғанибет шығар. Расында, бір­біріне деген жасандылықтан ада құрмет пен сыйластық бұл екі кісінің өмірлік қағидасына айналған еді. Есеновтер отбасымен таныс­біліс болған көп жылдар ішінде Кәмила Бегімбайқызы оның атын атап сөйлегенін көрмеппін. Бұл кісі Шахмардан Есенұлын «Ба­ тыр» немесе Шәке деп ұлықтайтын. Олар көпшіліктің қы­ зығушылығын туғызатын сұлу да, бақытты жұп болды.


Оның перзенттері – қызы Шәйза, ұлдары – Мақсұт, Ескендір, Сұлтан жоғары кәсіби мамандар, іскер, қуатты кәсіпкерлер. Үлкен немерелері де ержетті, кішілері өсіп кел­ ді, шөберелер дүниеге келеді. Кішкентай Сара Шахмардан Есенұлының бірінші немересі Ержанның қызы. Есеновтер отбасын ұйыстырып, бақылауда ұстап отырған Кәмилә Бегімбайқызы. Осынау әдемі, қуаты таймаған ақылман әйелден «Ошақты сақтаушы – От анасы...» деген ұғымның тірі бейнесін көргендей боласың. Есеновтер ұрпағын, олар­ дың дәстүрін жалғастырушы Кәмилә Бегімбайқызының жә­ не оның балаларының Шахмардан Есенұлын мәңгілік есте сақтау үшін атқарып жатқан қызметтері мақтауға да, алғыс айтуға да тұрарлық.


* * *


Абайша айтқанда, адам өмірде мәңгілік боларлық іс көп. Соның бірі – адам ұрпағымен мәңгі. Жезқазғанда дүниеге келген балалардың бәрі бұл күнде ер жетіп, бір-бір шаңырақ- тың иесі болған. «Жалғызбын» деп жабырқап жүретін Шах- мардан от басы бүгінде «Есеновтер әулеті» атанып, ордалы жанұяға айналған. Келіндер түсіп, немерелер келіп, үй-іші ақар-шақар шаттыққа бөленгелі біраз.


Мамандық таңдауда да олар – балалары әке жолынан алшақ кетпеді. Қыздары Шәйза биология факультетін бі- тіріп, ғылым кандидаты атанды. Үй болды, ана атанды, ұлда- ры Ержан мен Ғалымжаннан: Сара, Мағди, Әлен атты неме- релерін сүйіп отыр.


Мақсұтбек Мәскеудің Металл және қорытпалар инсти- тутын бітірді, ғылым кандидаты, білікті инженер атанды.


 


Қызық бір жағдай, Мақсұтбек әуелі Қазақ Политехника инс- титутының тау-кен факультетіне түседі. Өте жақсы оқыды. Бір күні әкесі Шахмарданға келіп:



  • Папа мен Мәскеуге барып оқығым келеді. Сіздің бе- деліңіз менің «бестіктерімнің» беделін түсіріп тұр, – деді. Әкеге ойын әзілмен жеткізгенмен Мақсұтбектің шыны еді бұл. Өз білімімен алған бестік бағасын көре алмаған кейбір студенттер «президент әкесінің беделі ғой» деп, намысына тие берген соң, осы шешімге келіп еді. Баласының әзілі де, шешімі де Шахмарданға ұнады да, бір сөзге келген жоқ:

  • Дұрыс, балам, әркім өз беделін өзі жинауы керек. Қазақ оны «әкенің малы балаға мал болмайды» дейді. Жолың бол- сын,–деді. Бір ғана әрекеттен, аз ғана сөзінен баласының бо- лашағын болжағандай, жеке өмірінің қабырғасын өзі қалағы- сы келетін ынтасына іштей шын қуанды.


Сол Мақсұтбек қазір Есеновтер әулетінің көш бастау- шысы. Жары Гүлнармен ынтымағы жарасқан жанұя. Қазақ тегін айтпаған ғой, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп. Сондай-ақ, Гүлнардың әкесі, өскен ұясы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсановтың отбасы. Анасы Са- ида да көргенді, өскен жердің қызы болатын. Сол ана мен әке Гүлнарға зиялы отбасының тәрбиесін, білімін бере біл- ді. Мақсұтбек пен Гүлнардың ұлы Тайыржан Бостонда білім алып, еңбекке енді араласып жатыр. Бұл күнде Мақсұтбек әке туралы былаша сыр толғайды:


– Менің әкем Шахмардан Есенов – ең әуелі үлгілі әке. Біз бала кезімізден өз әкемізге ұқсағымыз келді, үлгіні, тәрбиені әкеміз бен анамыздан, әкемнің анасы әжеміз Шәрипадан алдық. Әрине, әкеміз бізге алдына отырғызып қойып, сен­ дер ондай болыңдар, мұндай болыңдар немесе жақсы де­ ген немене, жаман деген немене дегеннен лекция оқып тәр­ биелеген емес. Ол өз әрекетімен, жүріс­тұрысымен, қарым­ қатынасымен бізге үлгі бола білді. Біз – балалары оған қарап бойымызды да, ойымызды да түзедік.


Менің анам Кәмила мектепті де, жоғары оқу орнын да үздік бітірген. Жезқазғанда мектепте мұғалім, кейін­ нен ЖенПи­де біраз сабақ берді. Себебі, төрт баланы тәр­ биелеу, қарт әжемізге қарау, әкеміздің қонақтарын күтіп, шығарып салу бәрі анамыздың мойнына түсті де, қызметті қойып, өмірін бізге арнады. Ол үшін біз анамызға өмір бойы қарыздармыз. Анамыз біздің тәрбиемізге аса жауапкерші­


 


лікпен қарады. Бір­ақ мысал, кейбір балалардың ата­анасын мектептен жылына бір рет көрмейсің. Ал менің анам мек­ тепке жиі келіп, жиналыстарына қатысып, ата­аналар ко­ митетінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстар атқарып жүретін. Бұл бізді тәртіпті болуға тәрбиеледі. Ойлаймын, әрбір ата мен ана өз баласына осындай жауапкершлікпен қараса, еш бала жаман жолға түспес еді деп.


Әжеміз аса мейірімді адам еді.Біздің әкеміз – жалғыз ұлының өсіп­өнгеніне риза болып, жаратушыға жалбары­ нып, дұғасына қосып отыратын.


Және біздің отбасының жақсы дәстүрі болды, жаз ке­ зінде бәрімз бірге курорттарда дем аламыз. Бізді әкеміз бен анамыз бір рет те тастап кеткен емес, қайда бар­ са да, төртеумізді ала жүретін. Үлкен тәрбие деп ойлай­ мын. Бала кезімізден ел көрдік, жер көрдік, барған жерден әкемді танитындар табыла кететін, олардың оған деген құрметін көріп өстік. Барған жеріміздің тарихын әкеміз бізге түсінікті етіп айтып отыратын. Суға түсеміз, фут­ бол ойнаймыз...басқа уақытта қолы тимейтін әкеміз де­ малысын бізге арнайтын.Өскен кезде бізді Мәскеу мен Ле­ нинградқа апарды, Третьяков пен Эрмитажды аралатты, өзі біздің гидіміз болып, ой­өрісімізді кеңейтті. Мұны мен ешқашанда да ұмытқан емеспін.


Әкеміздің ұстазы, қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаевты үйіміздің төрінен талай көрдік. Бойы биік, өзі әдемі адам болатын. Жиналғандардың бәрі жапырылып сол кісіге құрмет көрсетіп жататын, өскен соң түсіндік қой бәрін де. Мүмкін сол кісінің шапағаты бізге де тиген шығар, кім білсін. Әкем қалай құрмет тұтса, қазір біз Қаныш ағаны солай мақтаныш етеміз.


Үлкен әпкем Шәйза биолог болды да, біз: Ескендірбек, Сұлтан , мен сол Қаныш аға мен әкеміздің жолын қуып гео­ лог болып кеттік. Өкінішке қарай Ескендірбек өмірден ер­ те озды...


Әкем шет елдерде өткен түрлі геологиялық конферен­ ция, симпозиумдарға көп қатысқан адам. Содан, бір жыл­ дары іссапармен Канадаға бардым. Білсеңіз, мені әкемнің рухы жетектеп жүргендей болды, әсіресе, Торонтодағы геологиялық музейге барғанда осыны қатты сезіндім, тура бала кезімде көрген көріністер көз алдыма келе қалды. Ойы­


 


ма түсіп тұр, шет елге шыққан бірінші геологтардың деле­ гациясын әкем – Шахмардан Есенов бастап, Үндістанға бар­ ған­ды. Ол кезде шет елге шығу деген үлкен оқиға болатын, біздің де жадымызда қалуы сондықтан шығар.


Өмір деген өте қызық екенін енді түсініп жүрміз. Өйт­ кені біз де ұлғайдық, біраз өмір көрдік. Әкемнің өмір жолын кейде ой сарабынан өткізіп отырамын. Бағы өсіп, биікте де болды, көре алмаушылар, қызғаншақтар етегіне жар­ масып, төменге де түсірді. Оларды мен дәрменсіз, бейша­ ра адамдар деп санаймын. Әкем қанша әділетсіздіктерді көрсе де, бізге білдіріп, отбасының шырқын бұзған емес. Ол, «Мықты бол, геолог!» деген бір әннің сөзі бар емес пе, соны жиі айтатын және оны өмірінің өзегі етіп алды да. Әріптестер ортасына түскенде: «мен геологияның бар са­ ласында еңбек еткен адаммын!» деп қалжың айтып, орта­ сын күлкіге көміп отыратын. Өзі қарапайым геологтарды жақсы көретін, Балқашқа барғанда кілең жастар ортасы­ на түсті, маған тіптен сол кезде әкем жасарып кеткен­ дей көрінді. Үлкен ортаның өсек­аяңы әбден шаршатқан бо­ луы керек, өзінің маң даласына, Сарыарқаның самал желіне асығып тұратын.


Әкем дарынды адам болды, геологиядан басқа да нәр­ селерге қабілеті зор еді. Қазір өзім таң қаламын, Пушкин мен Абайды, екі тілде – орысша да , қазақша да жатқа сағаттар бойы оқи беретін. Әкемнің әкесі Жорабек атам, оның әкесі Есен, оның әкесі Деріпсал, бабамыз Маңдай ел ор­ тасында беделді, бетті, әділ адамдар болған екен. Тәтіқара ақын бір өлеңінде Маңдай мен Деріпсал бабаларымыз ту­ ралы айтып өтіпті. Қуанып қалдым, адамның жақсы, жа­ ман болуы тегіне де байланысты ғой, оны бүгінгі медицина әбден дәлелдеп отыр. Біздің де балаларымыз осал болмауы керек деп ойлаймын...


Әкем өмірден ертелеу өтіп кетті, ол ойыма түссе жү­ регім сыздайды, әрине. Біздің адам болғанмызды, немере­ лерін көрмеді­ау деп өкінемін» .


* * *


«Амансың ба, мама!


Денсаулығың қалай?


Мен бәрін де Макстан (Мақсұтбек) естідім, папам


 


екеуіңіз қатты күйзеліп жүрген көрінесіздер, менімше бәрі дұрыс болады, тек сабыр сақтап, өздеріңізді күтіңіздер.


Жақында мен Мәскеуге жетемін, сосын үйге қай­ тамын...


Ескендірбек».


 


Бұл Ескендірбектің студенттік еңбек практикасын Ар- хангелск облысында өткеріп келе жатқанда анасына жазған тілдей хаты. Әкенің басындағы шырғалаң балалардың да жү- регіне салмақ салып тұр. Тіптен Ескендірбекті ерте есейт- кен бе дерсің: «тек сабыр сақтап, өздеріңді күтіңдер!» дей- ді. Өмірдің ащысы мен тәттісін татып үлгерген адамның ай- татыны ғой бұл. Бұл отбасы басқаларға үлгі боларлықтай татулықта тұрды. Кейбір отбасында болатын – дүниені сол ғана тіреп тұрғандай, әке мансап соңында кетеді, әйелі ері тапқан табысты оңды-солды шашып, дүкен кезеді, ба- ла тәрбиесі далада қалып, әке мен ұл, ана мен қыз бір шаңырақтың астында тұрса да, бір-бірінен «адасып», ақы- ры аянышты болып жатады. Жоқ, бұл отбасында, Есенов- тер әулетінде, Сейітмұратова айтқандай, адам қызығарлық сыйластық болды, әлі де солай.


Шахмардан балалары жақсы мен жаманды көркем кітап- тардан ғана оқып білмей, өмірден, әке тағдырынан тұшынып өсті. Бұл оларды жас кезінен-ақ әділетсіздікке қарсы тұрып, шындықты қорғай білуге тәрбиеледі, дос пен дұшпанды ажы- рата білудің маңызды екенін түсіндірді. Не керек, әке басына түскен әділетсіздіктің, қиянаттың балаларына берген өмір сабағы аз болған жоқ...


Мақсұтбектің әрекетінен сабақ алған Шахмардан мен Кәмила Ескендірбекті бірден Мәскеудің атақты МГУ-іне оқуға жіберді. Ол да әке жолын қуып геофизик мамандығын таңдады. Сол салада көп жылдар қызмет етті. Жары Ғалиямен бірге екі қыз: Динара және әжелерінің құрметіне кішісінің атын Кәмила деп қойып, тәрбиелеп өсірді. Бәрі де ойламаған жерден басталды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдар орта- сында адамзат тарихында болмаған қайғылы жағдай – Чер- нобыль атом электр станциясы кенеттен жарылды. Жан-жақ- тан, әсіресе, туысқан республикалардан көмекке адамдар ке- ле бастады. Солардың қатарында Қазақстаннан барған Ес-


 


кендірбек те бар еді. Талай адамның тағдырын алып кеткен бұл апаттың соңы да жаман болды, көмекке барғанның көбі радиациялық сәулеге ұшырап, айықпас ауруға шалдықты.


«Айналдырған ауру алмай қоймас» деген, ақырында, 2004 жылы Ескендірбектің жас өмірін қиды. Артында қалған екі қызы әке өмірін жалғастырып, орындай алмай кеткен ар- мандарын іске асыру үшін талаптануда. Екеуі де шет елдің дәрежесі жоғары оқу орнынан білім алды, тәрбие көрді.


Шахмардан мен Кәмила кенже ұлдары Сұлтанды еркеле- тіп өсірді, сондықтан да болар оны алысқа шығарғылары кел- мей Қазақ политехникалық институтының геология факуль- тетіне оқуға түскенін қалады. Солай болды да. Мамандығы бойынша талай жылдар еңбек етті, қазір жаңа заманның та- лабына қарай бизнеспен айналысады. Сұлтан мен жары Ба- ян екеуі: Салтанат, Ким, Әсел, Дархан, Ақан деген балала- рын оқытып, өсіріп келеді.


Кәмила апай айтады: «Іздеп табар жалғаннан, Бала берген пенде едім...» деп Абай айтқандай, төрт баланы өсіріп, ер жеткіз- дік. Балалардың бәрі де мектепті жақсы оқыды, мамандықтарын өздері таңдап, тағдырларын өздері шешті. Еш уақытта Шахаң балаларына ондай болмаңдар, мұндай болыңдар деп уағыз ай- тып өсірген емес, ол ата-бабалары секілді өзінің іс-әрекетімен, қылығымен, қарым-қатынасымен тәрбиеледі. Балаларға да ана институтқа бар, онда барма деген әңгіме айтқан емес. Таңдауды балаларына беріп, сырттан бақылап отыратын.


Соның мысалын Кәмила анамыздың мына бір әңгімесінен аңғарамыз:



  • Жазғы демалысымызда балаларды алып Қырым мен Кав- казға кететінбіз. Алғашқы жылдары ғой, төрт бала және екеуі- міз, алты адамның билетін екі күнге бөліп әкеп тұр, мен:

  • Батыр, билет болмады ма? Неге бәрімізге бір рейске ал- мадың, – дедім, түкке түсінбей.

  • Батыр-ау, әдейі осылай алдым. Сақтықта қорлық жоқ. Техниканың аты техника...Бастысы – аман барып, сау қайт- сақ болды емес пе? Бір күннің әрісі мен берісі не етер дейсің,

  • деді, Шахаң.


Сонда ғана түсіндім. Алғашқы күні екі баласы: Шәйза мен Ескендірбекті алып ол ұшып кетеді, жетісімен телефон соғып хабарласады. Әрине, ол кезде сотка деген жоқ, кәдімгі қара телефон ғой байланыстыратын. Келесі күні мен ұшамын


 


Мақсұтбек пен Сұлтанды алып. Өте балажан еді, айналып- толғанып отырмағанмен бар жағдайын ойластырып, сабағын сұрап, «Батыр, балалардың сабағын қадағала, дүние білімге ауып бара жатқанын түсінесің ғой» деп қоятын анда-санда.


Демалыста балалармен қосылып доп ойнауды жақсы кө- ретін. Денесі зор болса да, балалардан қалыспайтын, допты өте шебер ойнайтын. Соған үйренген балалары «Папа, пошли футбол поиграем» деп, қиылып тұратын. Барған жеріміздің тарихымен танысып, оны балаларына баяндап отырғанды да жақсы көретін. Алматыда басымыз бұлай қосыла бермейді ғой, Шахаң жұмыстан кеш келеді, ерте кетеді, кей кездері балалар әкелерін апталап көрмейді. Сондықтан да жыл сайынғы жазғы демалысты бәріміз де күтеміз, жақсы көретінбіз. Өзімізбен өзіміз болып, әңгімелесіп, қыдырып, доп ойнап, суға түсіп, не керек, Шахаң бізге «олжа» болып, мәре-сәре күй кешетінбіз. Кейіннен балалар ер жетті, оқуға түсті, басқа қалаға кетті. Со- дан демалысқа екеуміз ғана баратын болдық. Бұл да өмір заңы шығар, ұясынан балапандарын ұшырған қоңыр қаздай қала бердік, екеуден екеу. Өткен күннің бәрі ыстық болады екен, сағынамын, көп ойыма аламын. Өкінішті-ақ, қайтып келмей- ді. Сондықтан да балаларыма, келіндеріме: «әр күндеріңді қа- дірлеңдер!» деп отырамын.


Таудан құлай аққан асау өзен күркіреп, көбігін көкке атып, буырқанып барып етекке жетіп, ентігін басып, жуасып, жайбарақат ағысқа түседі. Бір қарасаң, адам өмірі де осыған ұқсас. Шахмарданның өмірін анамыз ой елегінен өткізе бас- таса-ақ болды, жарқын күндері мен басына бұлт айналған тұстары тоқайласа келіп, қатар жарыса шабатыны бар.


* * *


1993 жыл... Оның науқасы өте сирек кездесетін ауру. Қо- ғамдағы адам қолымен жасалып жатқан небір әділетсіздіктер- ге, өзіне жасалған қысымшылық, қарсылыққа, күншілдікке тө- зе-төзе шаршаған жан мен тән ақырында иммундық қасиетін азайтып, денсаулығын бұзды. Ол – елі мен жұртының ен бай- лықтың үстінде отырып кедей болғанына күйзелді, ол – кен байлықтарының қалай болса солай қазылып, шашылып-тө- гілгеніне қайғырды, ол – «отаршылдардың» Отанын азды- рып, ұлтын тоздырып, тілінің жоғалып бара жатқанына жаны


 


күйді. Осыған орай ақиық ақын Тәжібаев Әбділда шыншыл да әдемі естелік жазып кетіпті. Шахмарданның сөзі, ойы арқылы жан-дүниесін, ішкі әлемін, жүрек сырын, қысқасы, Адамдық асыл қасиетін танып білуге әбден болады. Сөз ақында:


«Бір жылы Шахмардан екеуміз Алматыдан Қызылордаға бірге баратын сапарлас болып қалдық. Аз ғана күн болса да бірге жүретін болғанымызға екуміз де бірдей қуандық.



  • Билетті бір купеге аламын, бірге отырамыз, бірге жа- тамыз. Қызылордаға жеткенше басыңызды қатырамын.

  • Менің басымды қатыру үшін бірер күндік жол аздық қылатын шығар, – деймін, інімді сөз жарысына шақырып.


Бір вагонда, бір купеде туған жерге тартып келеміз.


Мен пойыз жүре бастағанда қисайған едім, әжемнің бесігінде тербелгендей лезде-ақ ұйықтап қалыппын.


Едәуір уақыт өтіпті, оянсам күн батыпты, түн басыпты, купеде шам жанып тұр.



  • Тамаша ұйқтадыңыз, Әбеке.


Мен бетімді салқын сумен шайып келіп, өз орныма отырдым. Екі кісіге шақталған кішкене столда қара көзі жа- удырап француз коньягі тұр, ет те туралыпты, шоколадтар да қойылыпты.



  • Бірінші тосты сіз айтыңыз, аға. Ана жылы Сәбеңмен (Сә- бит Мұқановты айтады) далада өткізген екі адамдық банкетте- ріңіз сияқты екеуміздің банкетімізді басталды деп санаймын.

  • Бұл ғажап болды, Шахатай! Улаған-шулағаннан кі- сінің басы қатады. Мен де Сәбит ағамыз сияқты осын- дай шағын банкетті жақсы көремін. – Ал, енді іске кірі- сейік, бағынышты адам қашан да жағынуға тырысады. Мен алғашқы тосты өзімді билеп, басқарушы Есенов Шахмардан жолдастың саулығына арнаймын. Менімен тоғыстырып бол- май, ішіп болмай сөйлеуіңе рұқсат жоқ.


Түн өтіпті вагонда, келер күнге ауысыппыз. Шахмардан екеуміз шайымызды ішіп болған соң, заулап бара жатқан пойыздың терезесінен дөңгелене түсіп қалып бара жатқан далаға қарап отырмыз.


Мен осы жол бойында есіме түскендерді Шахмардан сұ- рамаса да айта бастаппын.



  • 1926 жыл болуы керек, ұмытпасам... Онда Шымкент- тегі Ғани Мұратбаев атындағы интернатта тәрбиеленеміз.


 


Сол интернаттан жеті жылдық мектепке қатынап оқимыз. Жазда Ақмешіттегі шешеме барамын, күзде Шымкентке қай- тамын. Сондағы жол бойында көргендерім әлі есімде. Ұзын жолдың бойында қатар отырған ауылдың жалғасуы бір үзіл- мейтін. Жайылған малдың көптігі сондай, бұған есеп жет- пейтін шығар дейтінбіз.


Қырғыздың «Манас» деп аталатын дастанында қазақ ту- ралы қызық сөздер көп-ақ. Солардың ішінде менің есімде «қазақ көп пе, қамыс көп пе?» деген жолдары қалыпты. Дастандағы осы сөздер есіме түскен сайын сол жылдардағы Ақмешіттен Шымкентке дейін қатар отыратын күздегі қазақ ауылдары мен олардың сан жетпестей малдары да есіме түседі.


Қазақстанға, қанішер, бұзық Голощекин келіп, ашаршы- лыққа ұшырамасақ не болар еді?


Құдай бізді қорлық үшін, бейнет үшін Ресеймен іргелес қылған ғой.


Жерінің асты алтынға бөккен, үсті жарық нұрға малынған қазақты Ресей бірнеше рет құрттым, бітірдім деп ойлады.


Он өлдік, он рет қайта тірілдік. Өміршең халық екен- біз, аждаһа қанша рет жұттым, бітірдім десе де, біз бітпедік, таусылмадық.


Біз ән-күйімізді жоғалтпадық. Жылап жүріп ән айттық, күй шерттік, қатал тағдырмен беттесіп тұрып ұлы мекеннің иесі екенімізді дауыстап айтудан айнымадық.


 


Тағы да нең бар


Көрсетер маған, тағдырым. Қинайсың қанша


Қазақ болғаныма жазғырып? Мен өзгермейтін


Және мәңгі өлмейтін халықпын, Айыра алмайсың


Жылуынан мені жарықтың!


 


Шахмардан оң қалтасынан орамалын алып көзін сүртеді.



  • Мұның не, Шахажан? – деймін күліп.

  • Тағы да тыңдайын, қайта бір оқыңызшы жаңағы өлеңіңізді.


Мен екінші рет оқимын қайталап.


 



  • Өлең дұрыс айтады аға, біз мәңгі өлмейтін халықпыз.


Осындай ұлы мекені бар ел оп-оңай өле сала ма!


Мен «әрине» деймін інімді қостап. Бірақ ішімдегі ала- сапыран ойлар – жарық үміттер мен көлеңкелі күдіктер жү- регімді қаттырақ қақтырады.



  • Мен қойдым енді, Әбеке. Шаршатып алдым білем сіз- ді, демалыңыз, аға...


Екеуміз де үндеспей отырмыз, екеуміздің де көзіміз – сонау бізден зымырап қалып бара жатқан кең далада.



  • Сонау күннің шыққан жерінен, сонау батқан жеріне дейін бәрі біздің жер екен ғой, – дейді Шахмардан терезеден көзін ал- май отырып. – біз осы мекенімізге ие бола білуіміз керек.

  • Бола алады ма екнсіңдер?

  • Неге олай дейсіз аға? Сенбеймісіз болашағымызға?

  • Шынымды айтайын ба?

  • Әрине, екеуміз ғана отырып бірімізге біріміз өтірік ай- тамыз ба, аға.

  • Өте кеңбіз де, өте баймыз ғой, Шахажан. Біздің қазы- налы даламызға алып мемлекеттер қызығады. Мен солардан сескенемін, сенбеймін күштілерге.

  • Сақтар құдай, ағасы.

  • Сақтансаң сақтаймын деген де құдайдың өзі емес пе?

  • Дәл өзі, – дейді Шахмардан күліп.

  • Біздің жастарымыз барлық күштерін ғылымға салуы, ең мықты техника ойлап шығаратын дәрежеге жетуі керек.

  • Тағы бір он жыл бейбіт өмір сүрсек, әжептәуір іргелі елге айналып кетуіміз мүмкін ғой.


Шахмардан менің сары уайымға салына беретін сөздері- ме тойған болуы керек:



  • Жарайды аға, жатыңыз, демалыңыз. Мен бой жазып келейін, – деп шығып кетті.


Біз осылай Қызылордаға да жеттік. Үш күн бойы ініміз екеуміз осы Қызылордада бірге боламыз.



  • Мен, аға, мұнда көп жұмыс бітіруге міндеттімін, мен іссапармен келген адаммын. Бірақ сізбен бірге келгендіктен, жұмысым екі есе көбейіп тұр. Оған Сіз жазықтысыз аға!


Шахмардан кәдімгідей рахаттанып тұрып күлді.



  • Мінекей, тізімі. Бүгін үш үйге шақырылып едіңіз, мен екеуіне «отказ» жасап, біреуін ғана қалдырдым. Сөзін қимай, үшеуіне де барсаңыз қандай шаршар едіңіз.


 


Бір жағы қонақтап жүрсек те, қаламызға көктемде кел- ген қатер жайлы да көп әңгіме естідік. Тасыған дария қаланы басып кете жаздап, жұрттың зәресін ұшырыпты.



  • Дарияның табанын тазалау, тереңдету керек. Көп жыл- дар ағыспен көшіп кеп жиналған топырақ өзенді бөгеуге ай- налған, суы сәл тасыса, қалаңды басамын деп қорқытады.

  • Бұл халықтың баяғыдан көріп келе жатқан азабы ғой. Шиеліде күн жылып, су тасып жатқанда, Қазалыдағы аяз дарияны мұздан босатпайды. Осының бәріне төтеп беретін мықты техника керек.


Біз Шахмардан екеуміз ақылдастық та, әрқайсымыз өз тір- шілігімізді жасайық, бір-бірімізге бөгесін болмайық деп шештік. Институтта, мектептерде, кітапханаларда, шақырған жер- лерге барып кездесулер өткіземін, неше түрлі сұрауларға


жауап беремін, өлең оқимын.


Алматыға қайтатын мезгіліміз де шапшаң жетті.



  • Қайтамыз аға, самолетке билет алып қойдым десем ұрыспайсыз ба?

  • Сабауым да мүмкін, – деймін күліп, – өзің қалайсың, Шахажан? Келген сапарыңа ырзамысың?

  • Ырзамын Әбеке. Мен де жолдастардың сұрауы бойын- ша екі жерде жастармен кездесу өткіздім.

  • Қалай, ұнады ма жастарың?

  • Ұнады. Мен жасырмай шынымды айттым оларға. Ұл- тымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ертеңгі ұрпақ жау- апты. Ал ұрпақтың мықты боп жетілуіне бүгін біз жауапты- мыз дедім.

  • Бұл сөз жастар ғана емес, бүгінгі біз сияқты кәрілерге де сабақ.


Қызылордадан Алматыға дейін екі сағат ұшатын кіш- кене самолет бар екен, сонымен астанамызға жеттік. Бізді күтіп алған Шахмарданның қызметтес жігіттері әуелі мені үйге әкеп салды. Есікке дейін мені қолтықтап шығарып сал- ған Шахмардан:



  • Ертең еш жаққа кетіп қалмаңыз. Біздің үйде қонақ бо- ласыз. Мен бүрсігүні Жезқазғанға жүремін –деді.


Ертеңіне Шахмарданның үйінде түстік жедік. Кәмила ке- ліннің әдемі шайын іштік.



  • Жақсы отырдық, аға, Сіздің өте көңілді отырған ажа-


рыңызға қарап мен керемет ырза болдым, қуандым, келініңіз де қуанды. Жасай беріңіз, көбірек болыңыз ортамызда, Әбеке...


 


Бұл біздің ең соңғы рет бірге дәм татуымыз болатын. Мен жақсы інімді тірлігімде есімнен шығара алмайтын бо- лармын. Оның батырларға ылайық тұлғасы, нұрлы жарығы төгіліп тұратын сәулелі көзін қай досы болса да еш уақытта ұмыта алмайтын болу керек.


Тіршіліктің өз заңы, өз тәртібі бар, кеудесінде жаны бар, қимылдап жүрген адамды өмір сан түрлі алаңдаудан босат- пайды. Біз кейде жақындарымыздың да сыртынан күле сөй- леп отырамыз. Жүрген шығар қарақан басының қамынан ар- тыла алмай дейміз.


Инженер, кенші Шахмардан тіршілігіндегі көбірек сөй- лейтін тілі – орыс тілі болса да , өзінің ана тіліне барынша ұқыпты еді және оны қадірлей де білетін. Сирек кездесіп жүргеніміздің өзінде де, көріскен сайын тіліміздегі қызықты да қымбатты сөздерді көбірек естуге, есіне сақтауға құмар еді. Мен де оның осы қылығына қызығып, өзім білетін тәуір сөздерді оған көбірек естіртуге тырысатынмын. Мен осын- дай бір кездесудің үстінде:



  • Мен саған моңғол сөздерін үйретейін бе? – дедім күліп.

  • Үйренейін аға, – деп, маған қарап қапты.

  • Моңғолдар итті «ноқай», шошқаны «құқай» дейді екен.

  • Ағатай-ау, бұл өзіміздің сөз емес пе? «Ноқай» мен «құ- қайды» тартып алмаса, моңғолдарға бермеймін.

  • Сен, Шахмардан, елде көп жүресің, көбінесе қазақ ара- сындасың. Естіген жақсы сөздеріңді жазып алып жүрсең, фи- лологтарға да жәрдемдескен болар едің.

  • Оныңыз рас, аға. Жұмыс үстінде естіген қызықты сөз- дерді жазып ала қоюға уақыт бола бермейді. Әйтсе де кей- кейде жазып алған боп та жүрмін. Көрсетейін бе кейбіреуін? Көргіңіз келе ме?

  • Әрине.


Шахмардан қалтасындағы күнделік сияқты дәптерін ашып оқи бастады:


Бірінші:



  • Сыйыр мүйізді өгіздің Күші болмас.


Өгіз мүйізді сыйырдың Сүті болмас.


Екінші:


 



  • Ат болатын құнан Саяққа үйір.


Үшінші:



  • Жасында ұрыншақ, Қартайғанда сүріншек. Төртінші:

  • Жаманның көңлін ауласаң да, Дауын даулама.


Осылай кете береді аға.



  • Қандай жақсы сөздер жазып алғансың, Шахажан.

  • Сіз, аға, мен там-тұмдап жинаған әдемі сөздерді жа- зып алуға тырысасыз, ал, өзіңіз маған ештеңеңізді қимайсыз. Мен мұныңызды әділдік деп санамаймын.

  • Қатырдың ағаңды, бауырым. Ал жазып ал, мен де са- ған айтайын білгенімді, – деймін оған...


Соңғы жылдардың соңғы күндерінің бірінде Шахмар- дан маған сәлемдесе келген екен, мен дәрігерлерге көрініп келгенше, саяжайдағы үйде күтіп қалыпты.


Мен келсем, ол менің үстелімде кешегі жазғандарымды оқып отыр.



  • Аға, мен сізге жаңа бір өлең жазып қойдым, оқиын ба, тыңдайсыз ба? – деді күлімсірей.

  • Тыңдағанда қандай, – деймін отырып жатып. Ол оқи бастады:


 


Бірге тудым босағам­іргемменен,


Бір жасадым битіңмен, бүргеңменен. Жерім менен суымнан ауады олар, Қанша дәурен қожамсып сүргенменен.


 



  • Бұл не, аға? Неге сонша қатты жазғансыз? Бір уақытта ұлы орыс халқын мадақтаушы ақын емес пе едіңіз?

  • Иә, солай болған. Бүгін басқаша сөйлеймін. Өзгеруге, жаңаруға менің хақым жоқ па?

  • Сіз қалай сөйлесеңіз де еріктісіз, аға. Әңгіме Сіздің ер- кіңіз туралы емес қой...

  • Енді не туралы?

  • Кешіріңіз, аға. Егер мүмкін болса, бұл тақырыптағы әң- гімені осымен доғарайық.


 



  • Бір уақытта – қазақ болмаймыз, ұлы орысқа айна- лу керек деген ұран да тастағанбыз, біздің былшыл-ұятсыз- дығымызда шек болмаған. Сол кінәм үшін бүгінгі жас ұрпақ маған: «Сені дарға асамыз!» десе, мен басымды ұсынамын,

  • құлдық, қалқаларым! – деймін.

    • Түһ, аға, не деп кеттіңіз? Жалынамын, қойыңызшы ұшындыра бермей.

    • Қойдым, қойдым, бауырым.




Інім менімен қоштаса келген екен, қоштастық. Бұл соң- ғы көрісуіміз, соңғы рет отырып бір дастарқаннан дәм та- туымыз екен.


Адамдар арасында туыстықтан, достықтан туатын жа- қындыққа ештеңе жетпейді өмірде. Ақ пейіліңмен ақтарыла отырып сенген кісіңмен бір сырласудың өзі үлкен бір оқиға, кейде тарихи оқиға...».


Бұған басы артық анықтама, толықтаманың керегі жоқ. Бірі – ақын, бірі – ғалым. Айтарлары көп.Екеуінің де уайы- мы ел мен жердің, қазақ тілінің болашағы. Қайран, азамат- тар-ай! Сол уайым, қазақтың басындағы сол тағдыр сол күйінде қалып келеді-ау...


* * *


Ол – «ұлтымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ертеңгі ұрпақ жауапты. Ал, ұрпақтың мықты боп жетілуіне бүгін біз жауаптымыз», – деп, күндіз-түні ойланатын, миына ма- за бермейтін! Осындай-осындай ойлар, әділетсіздік пен ар- сыздықтың миға түскен салмағы ақырында айықпас ісікке айналды. Адам темір емес, қанша салмақ салсаң да майыса беретін. Соңғы жылда бір емес бірнеше мәрте операцияға да түсіп шықты. Соңғы төртінші операциядан кейін жалғанып келген үміт үзілгендей науқастың беті бері қарамай қойды. Ақылды адам ғой, бәрін де түсініп, бәрін де сезді. Келген жаққа кетерін, мәңгілік мекенге қайтыстың боларын болжа- ды. Жаратушыдан келіп, сол Жаратушысына қайту сапары тұрғанын мойындады. Сабырлы қалып, сырбаз мінез таныт- ты. Ағайын-туған, жора-жолдас көңілін аулап, жанына жа- лау бола білді, жалғыз қалдырмады.


Басына ауыр операция жасатып, ауруханада жатқан Шах- мардан Есеновке белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов көңіл сұрай барып былай депті:


 


Ардақты Шәке!


Сіз қазіргі халық зиялыларының алдыңғы легіндегі асыл азаматтарымыздың бірісіз.


Алтынның сынығысыз, Құрыштың қиығысыз.


Алғы лектегі асылдар азайып барады. Арттағылардан да шығатын ардақтылар аз болмас. Бірақ алтынды руда­ дан ажыратып, қалың халыққа жарқырата көрсету Сіз сияқты ел ағаларының борышы ғой. Сол борышыңызды ақы­ рына дейін аянбай орындауда жаныңызға жамандық кел­ месін деп тілеуші ағаларыңның бірі едім.


Алайда өмірдегі күншілдік пен қиянат, арсыздық пен әділетсіздік, озбырлық пен опасыздық сияқты қызыл көз пә­ лелер шаужайдан алмай, аяқтан шалмай тұра ала ма? Сол сайқалдар Сізге де жабыла шабуыл жасап, қорлық көрсет­ ті, ақыры сондай ауыр ауруға душар етті.


Бірақ:


Ер азамат аяқтан екі шалғанды – елемейді, Үш шалғанға – ұтылмайды,


Төрт шалғанға – төңкерілмейді, Бес шалғанға – берілмейді, Жеті шалғанға – жеңдірмейді.


Берілмеңіз, берік, бекем болыңыз, Бауырым! Жеңілмеңіз, жеңіп шығыңыз, шырағым!


Досты сүйсінтіп, Дұшпанды күйінтіп,


Өзіңіздің маңғаз қалпыңызбен, Жан­жағыңызға жылы жымиып, Жүректерге жылу шашып, Жадырап,


Жарқырап, Жайраңдап,


Қадірлі келінмен қолтықтасып, Қасқайып, үйіңізге қайтыңыз. Аман­сау халқыңызбен қауышыңыз, Мен осыны айтайын деп келдім Сізге, Аяғым жеңіл болсын,


Ағалық ақ тілегімді қабыл алыңыз!



  1. 8. 1992 ж.


10.00


 


* * *


Шаршаңқырап қалған Батырын төсегіне жатқызды, жас- тығын биіктетіп, суын бас жағына қойды. Осылай бәйек бо- лып жүрген жары Кәмилаға:



  • Батыр, отыр қасыма, – деді, Шахмардан. Баяғы қап- сағай денелі, биік бойлы Батыры жоқ, жүдеген, еттен арыл- ған. Кәмила салалы саусақтарын алақанына салып, баяу си- пап отыр. Екеуі де үнсіз. Кәмила Батырының айтпағынан қорқады, баяғыдағы үлкендер айтатын «арыздасу – соңғы сөзін» естуге жүрегі дауаламайды. Арыздасса-ақ болды, сол мезетте жүріп кететіндей жүрегі аузына тығылады. Бірін-бі- рі қимайды, жаратушы алдында дәрменсіз, шарасыз. Өкініш- тің өксігі Кәмила кеудесін кернеп, еркіне жіберсе болды-ақ, моншақ-моншақ болып ағылудың аз-ақ алдында. Осыны се- зе қалған Шахмардан:

  • Батыр, сен жылайтын болсаң, мен шаршап қаламын, сен жылама сондықтан, – деп, біраз дамылдап отырды да: Батыр, түсіме көкем кіріп жүр..., – тағы да үнсіздік. Кәмила


«әкей не айтты?» деп сұраған жоқ, бәрі де белгілі болып тұрған жоқ па, несін сұрайды. – Мені уайымдама, балаларың бар, құдайға шүкір, немерелер де келіп жатыр өмірге...Еке- уміз бір кісідей-ақ өмір сүрдік, ащыны да, тәттіні де бірге бөлістік... Шахмарданның ауруы содан болды, сол кінәлі деп ертең біреулерге өкпе артып жүрме, ол ұсақтық бола- ды, Алланың жазуы осы шығар. Ешкімге өкпелер жағдайым жоқ, Димекеңе не деп өкпелейін, жас демей министр ет- ті, президент қойды...айналасындағы өсекшілер ғой көп нәрсені бүлдірген...ал, кім-кім де өз күнәсі үшін өзі жау- ап береді ... «бұл дүниенікі ол дүниеге кетпейді» деп көкем жиі айтып отырушы еді. Сондықтан бәрінің де жауап бере- тін кезі келеді, әлі... Сабырлы бол. Сен жылап, азып-тозба... балаларға бас-көз бол. Бір-бірімізге артық-кем кеткен кезіміз болса кешіріммен қарайық, – деді де, Шахмардан бейне бір арыздасып, ақтық сөзін айтқандай болып және «бұныма не айтасың?» дегендей Кәмилаға қарады. Кәмила: «Сен де кешір мені?» деп, аузын ашса болды, ажал Батырын алып ке- тердей болып, үндемеді. Бірақ, осы үнсіздігі үшін әлі күнге


 


дейін өлердей өкінеді, арыздасып, бұрынғы-соңғының жо- лын жасамағанына өкінеді. Өмірдің соңы осылай өкінішпен бітетіні несі екен?!


Шахмардан осыдан кейін ұзақ жатқан жоқ. 1994 жылдың 23-тамызында дүниеден озды.


* * *


Жоғарыда біз Мақсұтбектің “Жорабек атам, оның әкесі Деріпсал, бабамыз Маңдай ел арасында беделді адамдар бол- ған екен... Адамның жақсы, жаман болуы тегіне де байла- нысты ғой, оны бүгінгі медицина әбден дәлелдеп отыр» де- ген сөзін келтірдік қой. «Бойы екі метрден асатын Шахмар- дан палуан денелі, өз тұлғасы өзіне жарасымды, сөйлескен кісілеріне лебінің жылылығы үнемі сезіліп тұратын ақпейіл жан еді. Мен Шахмарданға қарап отырғанда есіме оның әке- сі, біздің ағамыз Есенов Жорабек түсуші еді», деп жазыпты ақын Әбділда Тәжжібаев.


Біз де осы тақырыпты қозғамай кетсек аруақ алдында күнаһар болармыз деп білдік.


... Бір жылы Жорабек бастаған біраз ағайын Жөлектен


«Ащықұдық» колхозының екінші өндірістік бригадасы- на қоныс тепті. Олар: Жорабек, Палымбет, Әбіқан, Дәулет, Әшекей, Мәшен, Есжан, Қобланды, Ыбырай, Әли, Мұрат, Нұрмағамбет, Сәрсенбай, Асқар... Ұжымға қосыламыз де- ген ағайындар көбейіп, ақырында үлкен бір ауылға айнал- ды. Қауымдасып егін егіп, бақша өсіріп, мал басын көбейт- пек болды. Ащықұдықта мектеп болмағандықтан, ауыл ба- лаларының «Тартоғайға» барып оқуына тура келді. Дүние кем болғанмен, адамдардың пейілінің кең кезі ғой, Жорабек балаларын жақын бір ағайынның үйінде жатып оқуға жайғас- тырды. Екі ұлының арасы жақын болғандықтан Шахмардан оқимын деп қоймаған соң бірінші класқа бірге әкелді. Алда- рынан ақжарқын шыққан жас мұғалім Ержігітке Жорабек:



  • Айналайын қалқам, мынау менің үлкен ұлым Шаһыза- дан, мектеп жасында, ал, мынау кіші ұлым Шахмардан, бі- рақ бұның жасы әлі толыңқырамайды. Бірақ «оқимын да, оқимын» деп болмай тұр. Не істейсіңдер бұны, оқуға аласың- дар ма, әлде ауылға алып қайтамын ба? – деді.


 



  • Көке, қайтпаймын ауылға, оқимын, – деді бала жұлып ал- ғандай әкесіне өктем үнмен, мұғалімнің жауабын күтпей-ақ.

  • Аға, оқимын деген баланы алмағанда кімді аламыз. Бір-екі жас ештеңе етпейді, қайта екеуі бір-біріне серік бол- май ма? – деді мұғалім.


Бұған Жорабектің көңілі көтеріліп-ақ қалды. Шахмар- данның «оқимын!» деген ынтасын «мектепке жасы жетпей- ді» деп, қайтарып тастар ма екен деп келген Жорабек іштей


«бұл дұрыс болды» деп қойды.


Жас мұғалім көздері көкшілдеу, жүздері сары, бір-бірі- нен түрлері айнымай қалған екі балаға кезек-кезек қарап:



  • Сонда қалай, екеуің де Жорабеков боласыңдар ма, біз қалай ажыратамыз сендерді? – деп, жеңіл әзілдеген болды. Оны шын көрген Шахмардан:

  • Жоқ, мен атамның баласымын, мен Есенов боламын,



  • деді, мектепке алмай қояр ма екен дегендей бірден жау- ап қайтарып. Сөйтті де «дұрыс па?» дегендей әкесіне жалт қарады. Жорабек болса:

    • Әй, осы сарынікі дұрыс, болсын, болсын! – деді де, бала- сының арқасынан қағып-қағып қойып, кеңкілдеп күліп алды.

    • Аға, қысылып тұр едіңіз, балаңыз жөнін тауып кетті- ау деймін,– деп, Ержігіт мұғалім оған қосыла күлді.




Не керек, осы сәт, осы күнен бастап Жорабектің екі ұлы- ның үлкені Шаһызадан Жорабеков, ал, кішісі Шахмардан Есе- нов болып бірінші кластың «тарихына» есімдері жазылды.


Мұндай ауыс-түйіс, үлкендердің тұңғыш немересін ба- уырына басып, өз нәмдеріне жазуы қазақ үшін таңсық емес, әрине, қайта дәстүрі мен салты десе де болады.


* * *


Әрбір адам – тарих, әрбір адам – өмір! Академик Есе- новтің әкесі Жорабек екенін білдік. Енді білмегіміз, Жора- бектің әкесі Есен, Есеннің әкесі Деріпсал, ал, Деріпсалдың әкесі Маңдай... Олар туралы біз не білеміз? Шыққан тектері, ата-бабалары кім болған? Бабабек кім? Олар өмір сүрген қо- ғамның қам-қаракеті, тіршілік-тынысы қандай еді? Сұрақ көп. Жауап аз. Бірақ сол аздың өзінен құнды пікір тапқандаймыз. Орта жүздің айтулы ақыны Тәтіқара Сарыарқаны қиып өтіп,


 


Сыр бойына талай-талай келген екен. Жыр төкпесі Тәтіқа- радан мынадай жолдар қалыпты:


 


Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсал, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы,


 


Бізге керегі: «Деріпсал, Маңдайды айт Қыпшақтағы»! Хош деп тұралық. Жазушы, тарихшы Мұхтар Мағауин:


«...ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ халқының басынан өткен ұрыс-соғыстарға қарапайым жауынгер ретінде қатысқан Тә- тіқара көне заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ер- лік істері туралы жұрттың рухын көтеретін үлкенді-кішілі жырлар айтумен қатар өз жанынан күнделікті әскери өмірге қатысты, жауынгерлерді қиындыққа мойымауға, ерлікке, кү- реске үндеген өлеңдер шығарып отырған...» дейді. Демек, ақын Тәтіқара Маңдай мен Деріпсалды тектен-текке жы- рына қосып отырған жоқ, олардың ел мен жерін, халқын қорғаудағы ерлігіне сүйсінгендіктен қосып атап отыр. Ал, Маңдай мен Деріпсал Шахмарданның бабалары екенін кө- не көз қариялар Дәулетов Абдолла мен Ізтілеуов Серғара да айтады, «Қыпшақтар» шежіре кітабында да жазылған. Шах- марданның текті тұқымнан шыққанын қиыннан қиыстырып отырғанымыз жоқ, бар деректі баяндадық.


Баба Маңдай, Деріпсал мен ата Есен өте күрделі, қара- ма-қайшылығы мол кезеңде өмір сүрді, тіршілік кешті. Қазақ халқы өз дербестігін, бостандығын жоғалта бастады, орыс- тар қаптап қазақ жеріне кіре берді, кіре берді. Осы кездерде өмір сүрген Маңдай мен Деріпсал текке қарап жата бермеген болып тұр ғой. Бас көтеріп, елдің сөзін сөйлеп, халықтың қамын жеген батыр, кезекті сөзін ешкімге жібермеген ше- шен болғандай. Өз уақытының жақсы мен жаманын таразы- лап, жалпы жұртқа жариялап жүретін Тәтіқара секілді ақын- жыраудың назарына ілігуі тегін емес, әрине.


Амал қанша, патша әкімшілігі қазақ жерін отарлап, шұ- райлы жерлерін тартып алып, өз заң-зәкүнін орнатты, хандық билікті таратып, қазақ жерін бөлшектеп тастады. Қысқасы,


 


бар байлығы – жері мен тәуелсіздігінен айырылған қазақ хал- қы ХХ ғасыр есігін азып-тозып, аш-жалаңаш ашты...


Дәл осы тұста Деріпсалдың баласы Есен өз балалары Жорабек пен Бабабекті орыс оқуына – Жорабекті Тәшкеннің Діни семинариясына, Бабабекті Мұғалімдер семинариясы- на оқуға береді. «Балаларыңды кәпірдің оқуына бердің» де- ген қалың ағайынның қарсылығына қарамады. Әліпті таяқ деп білмеген Есеннің бұл әрекетіне бүгінгі біз де қайранбыз, әрі ризамыз. Ақырында оның балаларына берген бағыт- бағдарының дұрыс болғандығын уақыттың өзі көрсетті. Оқуын бітіріп, қазақ ортасына оралған олар, сауаттылықтың, білім- діліктің артықшылығын, өмірде қажеттігін іс-әрекеттерімен көрсетті, көптің көзін жеткізді.


Есен ақсақалды ол кезде қазақ үрдісінде жоқ – бала оқы- туға мәжбүрлеген кім немесе нендей себеп болды екен де- ген сауал тууы мүмкін. Бұл сұраққа нақты жауап табу бізге де қиын. Себебі, ол кезден қатталып қалған құжат, мұрағат бізде жоқ. Еріксіз халық даналығына, пәлсапасына құлақ түреміз. Халықтың данагөй жырауы Майлықожа ақын ай- тпай ма: «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге» деп. Осы тұжырым-түйінге біз де сүйене отырып, баба Маңдай, Деріпсал, ата Есен дүние- әлемнің білімін меңгермеген болса да, жаратушы ақыл-естен, түсінік-түйсіктен кенде етпеген-ау дейміз. Әйтпесе, ауыл- дағы көптің бірі болып, барды қанағат тұтып отыра берсе де, ешкім оларға ештеңе демес еді ғой. Жоқ, жаратушы бер- ген түйсік оған өмір ағысының өзгеріп бара жатқанын, ендігі жерде ел-жұрт болу үшін оқу мен білім керектігін түсіндіріп тұр. Бабалары Маңдай, Деріпсалдың батыр, шешендігіне, ата Есеннің көрегендігіне, Жорабек пен Бабабектің зерек, ал- ғыр, іскерлігіне, Шахмарданның шалқар білімі мен ғұлама ға- лымдығына қарап жақсыдан жақсы, тектіден текті туатыны- на, данагөй Майлықожа пәлсапасына мүлтіксіз сенесіз.


Есеннің үлкен ұлы Жорабек 1877 жылы, ал Бабабек 1880 жылы Шиелінің Тартоғайында дүниеге келді. Патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлауды қызу жүргізіп жатқан кезі. Орыс мұжықтары Шиелі, Тартоғайдың шұрайлы жер- лерін қайырып алып, егін егіп, бау-бақша өсіріп, түпкілікті


 


қоныстанды. Тіптен олар қазақ ауылдарының атауын орыс- тандырып, орыс мектептерін ашып, шіркеулерін де салып тастады. Бұның бәрі қазақ тіршілігіне, күнделікті өміріне әсерін тигізбей қоймады. Біртіндеп-біртіндеп сан ғасыр қа- лыптасқан қазақи тіршілік басқаша бағыт алып, орыстанып бара жатты.


«Жорабек қызметке кірісер тұста дін маманы болмай, пат- шалық Ресейдің приставына тілмаш, Кеңес өкіметі орнаған соң Перовскіде тілмаш, кейіннен Әскери-революциялық кеңес- те қызмет істеп, көтерілісшілерді көбіне бейбіт жолмен ба- суға бар білімі мен жігерін жұмсады. Ақтөбе облысында Анненков бастаған ақтар бүлігін жою үшін барлау отрядын басқарып, азамат соғысына қатынасты.Бұл жөнінде «Азамат соғысының ардагері» дегенді куәландыратын ресми құжаты да болған.


Ал, Есенұлы Бабабек, жоғарыда айтқандай, Мұғалімдер семинариясын үздік бітіргеннен кейін бірыңғай ағарту са- ласында жұмыс жасады. Алғашқы қызметін Сыр бойы- на белгілі «Хан мектебі» атанған, қазіргі атауы Шаған мек- тебінен бастаған. Әуелгі кезде орыс тілінен сабақ берсе, 1905-1908 жылдары сол мектептің директоры болып, қа- зақ балаларының сауат ашып, білімді болуына көп еңбек сіңірді.


Бабабек сәл кейінірек өзінің туған ауылы Жөлекке қыз- мет ауыстырып, сонау ХІХ ғасырдың аяғына таман, анығын айтсақ, 1893 жылы Жөлекте ашылған орыс-қазақ мектебін- де ұзақ жылдар директор болады, ұстаздық жасайды. Баба- бек алдынан көптеген орыс, қазақ, татар, ноғай, өзбек бала- лары білім алып, Кеңес заманы кезінде ірі-ірі мемлекеттік қызметтерге араласады.


Бабабек Раушан атты қызға үйленді. Одан 1919 жылы Аяш деген қызды болды. Жастай аурулы болған Бабабек 1926 жылы дүние салады. Оқшы ата мазаратына жерленді. Қызы Аяш Жорабек қолында тәрбиеленіп, кейін Қазақстан Ғылым Академиясының қызметкері Садықов Тәңірбергенге тұрмысқа шығып, Алматыға ауысты. Бұл күндері Аяш мар- құм. Ер жеткен ұлдары, қыздары, немерелері бар. Бәрі де Алматыда тұрады». Бұл қысқа мәліметті біз тарихшы Дуле- тов Абдолланың «Әулет» атты кітабынан алдық.


 


Есенұлы Жорабек туралы ел арасында аңыздай айтылып жүрген әңгімелер көп. Біз біразын ауыл ақсақалдарынан, көзін көрген қазыналы қарттарымыздан естідік. Жорабек ел ішінде білімділігімен, өткір, әділ, қайырымды мінезімен құрметті бопты.


Жас ұрпақты тәрбиелейтін бөгде елдің билері мен пат- ша, хандары емес, қашанда Жорабек, Бабабек сынды қалың халық ортасында жүрген арлы, намысты, ел болашағын ой- лаған аз да болса саз – білімді азаматтары! Елімізге отар- шылдар өңмеңдеп келіп, «төр менікі!» деген тұста талайын орнына қойып, демдерін басқан осы Жорабектер, ел ішінің намысты қолдан бермей кеткен нар тұлғалы азаматтары. Бұл пікірімізді ел аузында жүрген Жорабектің мына бір мінезі, әрекеті дәлелдейді.


Бірде Жорабектің көршісі Сәрсен ауылға көшіп келгені- не екі жыл болған жүндібас, сақал-мұрты беліне түскен, екі беті бауырсақтай майлы, өзі сары, көзі көк Иванмен жерге та- ласып қалады. Орысшасы жетпей, ақысы кетіп бара жатқан соң Жорабектен көмек сұрап, болған жәйді түсіндіреді. Олар Иванға келеді. Патшалық өкіметтің шексіз қамқорлығына мастанып алған ол бұлардың сөзін тыңдағысы келмей ке- те бергенде, Жорабек алып денесімен алшаңдай келіп, әлгі сары орыстың жолын қиып, талтайып, төбесінен төніп тұра қалады да:


 


– Прощай, немытая Русь! Страна рабов, страна господ. И вы, мундиры голубые,


И ты, им преданный народ.


 


Маған өкпелеме! Бұны айтқан сенің бауырың Лер- монтов! Сен тартып алмақ болған жер Сәрсеннің ата-ба- басынан қалған мұра. Сенің ата-бабаңнан қалған жер Ре- сейде! Бар да тауып ал! – дейді, дүрілдеген үнімен. Содан кейін еңгезердей денесімен Иванның тәштек бойына төніп,



  • Егер мұндай істі тағы қайталасаң, ендігі әңгіме басқаша болады! – дейді. Екі көзі тас төбесіне шыққан тәштек сары лып етіп жоқ болады.


 


Жорабек былай шыға бере Сәрсен көршісіне:


 


Ойында жоқ бірінің, Салтыков пен Толстой. Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бәрінде ой,­


 


деп, данышпан Абай айтқан. Сенің де қазағың оңып тұрған жоқ, бауырым! Сондықтан балаларды оқыту керек, бұларды біз солай жеңбесек, төбелесіп, не қорқытып жеңе алмаймыз. Қойын-қонышымызға кіріп алды ғой... – деп, абажадай ала- қанымен Сәрсеннің арқасынан қағып-қағып, дүрілдей бір күлді де, жөніне жүріп кетті.


Әйтеуір, бұл оқиғадан кейін Шиелі өңіріндегі қазақтар бір-біріне: «Жорабек сөйдепті!» деп, арқаланып, айбарла- нып қалса, орыстар: «сақ болыңдар, ол дүлей!» деп жатып- ты. Мұндай дау бұл өңірде бұдан кейін қайталанбапты.


* * *


Амал қанша! Жас Кеңестер Одағы үшінші бесжылдық жоспарын қабылдап, халық жаңа бір дәуірге ентелей еніп, екпінді еңбектің көрігін енді қыздырып, ұрандатып жат- қанда неміс-фашистері тұтқиылдан шекара бұзып, басып кірді. Майдан мен тылдың ұраны – «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!». Майдан даласынан алыста жатқан, шағын ауыл Тартоғайлықтар да таңды таңға, күнді күнге ұластырып еңбек етті. «Алпыс» деген жасты артқа «шеге- ре» тұрып, Жорабек ауылда қалған қарттар мен бала-шағаға бас-көз болды. Ауыл адамдары енді-енді басы көбейіп келе жатқан қоғамдық малды қыста қырып алмау үшін жаз бойы жемшөп дайындады, соқаменен жер жыртып бидай, тары, күріш екті. Күзде оны мемлекет қамбасына құйып, колхоз мүшелерінің үлестерін теңдей етіп бөліп берді. Ауыл адам- дарын шаршатқан бейнеттің ауырлығы емес, майданнан жет- кен «қара қағаздың» сұрқы еді. Елу-алпыс үйі бар Ащықұдық пен жүзден асатын отбасы бар Тартоғайдың әр шаңырағын соғыс оты шарпыды, бірінен кейін біріне «қара қағаз» келіп, азаматтарынан айрылып жатты. Ағайын-туманың қасіретін


 


көру Жорабекке оңайға түспеді, елді сөзімен де, ісімен де жұбатумен жүрді.


Ойына не түскенін кім білсін, бір күні Жорабек үлкен ұлы Шаһызаданға «үйленесің!» деді. Ол оған қарсы бола қойған жоқ, сөз байласып жүрген Құрманкүлге үйленді. Бірақ Жо- рабек шаңырағындағы шуақты күндердің өмірі «ұзақ» бол- мады. Шаһызаданның отау құрғанына жылға жетпей, яғни, 1943 жылы жасы 18-ден асар-аспастан әскерге шақырылды. Бірақ, бірден соғысқа әкеткен жоқ, Тәшкен маңында аса құпия түрде он ай әскери дайындықтан өткерді.Хабардың бәрін ата мен ана оның өлеңдетіп жазған хатынан біліп, қайта-қайта оқып, сағыныштарын басатын-ды. Ақырында, айтулы Го- мель қаласын азат ету операциясына қатысып, қайшыласқан қанды қырғында ерлікпен қаза тапты. Осылай делінген «қара қағаз» келді. Шаһызадан мына жарық дүниеге жарқ етіп келіп, өмірі лап етті де өшті. Қайғының қайсысы оңған дейсің, Шаһызаданның қазасы анасы Шәрипаны күйретіп кетті.


Отан қорғау әрбір азаматтың парызы деп ұрандатып- ақ жатамыз. Шындығында бәрі «парызым!» деп қабылдай ала ма, алды ма? Міне, мәселе осында. «Соғыс!» дегеннің аты да, заты да суық. Ол ел шетіне келмесін деңіз, егер келіп жатса «батырмын» деп жүргендердің біразы сыр білдіріп қояр-ау. Өйткені соғыстың екінші аты – Ажал! Ал, ажал аузына барып кімнің түскісі келсін... сол соғыс жылдары


«қашқындар» көбейіп, ақырында Қорғаныс Комитеті «О ле- гализации беженцев из рядов Красной Армии» деген қаулы шығаруға мәжбүр болды. Оның талабы қашқындарды ұстап, заң алдында жауапқа тарту.


Қаулы шығуын шықты-ау, бірақ оны іске асыру оңайға соқ- пады. Соғыстан қашқан адам қаулы шыққан екен деп өз аяғымен келіп, кінәсін мойындамасы анық. Олардың тығылатын, пана- лайтын жері: тау мен тас, орман мен тоғай. Оның қай жерін тінтіп, қалай ұстамақсың. Қызылорда облыстық қауіпсіздік комитетінің бастығы Жармағамбетов Тәңірберген өзіне тап- сырылған істі орындауда ел ішіндегі қадірлі азаматтарға арқа сүйеуді жөн деп тауып, Сыр өңіріне сөзге шешендігімен, екі тілде: орысша, қазақша шебер сөйлеуімен, ел ішінде беделді Жорабекке барып ақылдасуға келеді...


 


Талай жылдар Қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған полковник Ізтілеуов Серғара ағамызды Шиеліге арнайы із- деп барып, осы оқиғаға байланысты әңгіме сұрадық:



  • Шырағым, бұл әңгімені айтқанда біреуді қаралап, әйтпе- се, біреуді мақтап тастайын деп отырған жоқпын. Ол бір қиын кез еді ғой. Қиын кездің қилы оқиғасы болады, оған төрелік айту да оңай емес. Адам баласының басына бермесін...мыса- лы, біреу бір үйдің жалғызы, ол кетсе шаңырақ құлайды, екін- шісінің бес-алты баласы қалып барады артында...кімнің өлгісі келеді...соғыстың аты соғыс, әрбір сәт ажал аузын ашып тұрады. Сол ажалдан қашқандар соғыс жылдарында аз болған жоқ.


Қызылорда облыстық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Тәңірберген Жармағамбетов біздің ағамыз Жорабекке ке- леді. Жай-жапсарды түсіндіріп айтады. Жорабек батыр тұл- ғалы, орақ ауыз, өткір тілді болғанмен, орынсыз содыр- лық, басбұзар мінезі жоқ болатын. Қандай бір нәрсеге де


«тағдыр, жазмыш» деген тұрғыдан қарайтын. Мүмкін бұл семинарияның берген тағлымы, тәлімі шығар, кім білсін?!


Көпшілік жиналды-ау деген кезде нақ төрде, екі-үш адам- ның орнын бір өзі алып отырған алып денелі, екі иғына екі кісі мінгендей, жауырыны қақпақтай Жорабек баяу үнмен сөз бастады. Ол сонау Адам ата, Хауа анадан бастап, Нұқ пайғамбарға соғып, Ақтанбердіге келіп тоқтап:


 


Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап, Дұшпаннан көрген қорлықтан, Жалынды жүрек, қан қайнап, Елді, жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап.


Уа, жігіттер, жандарың Жаудан аяй көрмеңіз,


Әзірейіл тура келмей, жан алмас! –


 


деп, қашып жүріп қабанға жем бола ма, жоқ соғысқа барып аман орала ма, ол бір Алланың ісі...олардың да аналары «ұл таптым!» деп, қалжа жеген шығар, ел-жұрт алдындағы па- рыздарын өтесін, қарыз болмасын... «қашқындарға» Кеңес


 


заңының қатал екенін ширыға айтып тоқтапты. Ертеңіне, сәске кезінде Сырдың бойындағы ит тұмсығы батпайтын орман-тоғай ішінде жасырынып, Отан қорғау міндеттері- нен қашып жүрген адамдардың алды келіп, басын иеді. Осындай шаралар Шиелінің айналасындағы ауылдарда да өтеді. Бір жұманың ішінде Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасының бастығы Ерназаров және оның сақшылары елу жеті «қашқынды» алып, облысқа кетеді. Кейіннен олар- дың біразын майданға, біразын қара жұмысқа жіберіпті де- генді ғана естиді ел, – деп, Серғара аға әңгімесін үзді.


Қара сөздің қасиетін де, Жорабектің шешендігін, білім- ділігін де осы бір тарихи факт шыншылдықпен көрсетіп тұр. Соғыс шиеліліктерге аз тауқыметін салған жоқ. Ауыл адамдары ерте көктемнен егін екті, су суарды, шөп ор- ды, мал өсірді... Су демекші қаншалықты Сырдарияның жағасында отырмыз дегенмен де бергі, қырдағы елге су жет- пейтін. Тоған, арық-атыз қара кетпеннің күшімен, бала-шаға, әйелдердің қолымен қазылып, қырға су шығарылды. Сол күндердің куәсіндей болып, Шиелі аймағында, оның ішін- де Тартоғай маңында жон арқасын күдірейтіп, белдеу-бел- деу болып Жорабек қазған тоғандардың белгісі әлі жатыр. Халық жады жазылған хаттан да мықты-ау, шіркін! Ұмыт-


паған ел «Жорабектің тоғаны» дейді.


Біз Жорабек туралы көп естеліктер естідік, ол жайлы жазылған жазбаларды да оқыдық. Одан туған пікір мен ой



  • Жорабек шын мәнінде өз заманынан, өз ортасынан озып туған тұлға. Ол кісінің әр әрекетін, кесек мінезін, ұтымды сөздерін, көл-көсір білімін айта бергің, жаза бергің келеді, көпке өнеге-үлгі тұтқың келеді. Мүмкін біз адамдары ұсақ- танып, жан байлығынан көрі материалдық байлыққа құнық- қан, қанағаты жоқ қомағай уақытқа тап келгендіктен бе, әй- теуір, Жорабектей кесіп-кесіп сөз, есіп-есіп әңгіме айтатын, адасқанды жолға, шатасқанды жөнге салатын кесек тұлғаны көңліміз көбірек іздейді...


* * *


Шахмардан 1942 жылы жеті жылдық мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы мұғалімдер даярлайтын училище-


 


ге түсті. Соғыстың жүріп жатқан кезі. Білімі бар деген азаматтардың бәрі дерлік соғысқа кеткен. Олардың орнын жас та болса Шахмардан секілді зерек, алғыр жастар басып, ісін жалғастырды. Мысалы, Шахмардан училищені бітірген- ге дейін, қосалқы жұмыс ретінде Сырдария аудандық атқару комитетінде нұсқаушы болып қызмет істеді. Түске дейін сабақта болса, түс ауа аудандық атқару комитетінің тапсыр- масын орындайды. Тіптен науқандық жұмыстар кезінде іс- сапарға да шығатын, қол күші жетпей жатқан жер болса екі білекті сыбанып іске де араласып кететін. Мұндай елгезек, пысық, алғыр жасты кім жек көрсін, ақырында ол учили- щені бітіріп, оқуға кетемін деген кезде аудан басшылары жі- бергілері келмей, жағдайыңды жасаймыз, қызметке қал деп қолқа салды. Ол «Алматыға барамын, оқимын» деп, көнбеді. Алдына үлкен мақсат қойғанына бір жағынан сүйсінген бас- шылар «сәтті сапар!» тілеп, Шахмарданды шығарып салды. Сол жылдардың куәгері және соғыс жылдарында хат тасу- шы, кейіннен медицина ғылымының докторы, профессор болған Шәдібай Абдоллаев «Сыр елі» газетіне естелік жа- зыпты. Естелік шағын болғанмен, Шахмарданның қандай ортада өсіп, қандай тәрбие алғандығынан маңызды мағлұмат


береді.


«– Мен Есенов Шахмарданмен алғаш рет 1942 жылы кездестім. Ол Сырдария аудандық атқару комитетінің нұс­ қаушысы екен. Аудан орталығы Қызылорда қаласынан төрт­ бес шақырым жерде. Мен осы ауданның «Қарауылтөбе» ұжымшарында хат тасушы едім. Елдегі кәрі­құртаңнан басқа еркектің бәрінің майданға аттанған кезі ғой, жұмыс қолы кем. Сондықтан да ұжымшар басшылары мені кез кел­ ген жұмысқа жеге беретін. Мен де оған ренжімеймін, іс­ тей беремін. Шамасы, Шахмарданмен ауданға солардың тапсырмасымен келіп жүргенде таныссам керек. Дәл есім­ де жоқ. Он төрт жастамын. Баласынатын болар, атқару комитетіндегілердің көбі мені көздеріне іле қоймайды. Бір күні Шахмарданмен таныстым. Жылы шырайлы, көпшіл, өзі әдемі, бойшаң жігіт екен. Кездескен сайын елдің жағдайын, өз жағдайымды сұрайды. Айтқандарымның бәрін асықпайтыңдайды. Тіпті онымен кездесуді аңсайтын болдым. Аудан орталығына келсем болды оған соқпай кетпеймін.


Бір күні мені ағаларының үйіне қонаққа шақырды, со­ ғым сойылған екен. Дастарқан басында ұзақ сөйлестік. Сыр бойының өткені мен бүгінгісін көп жасаған қартша сайрап тұр. Елдегі қарттардың әңгімесін көп тыңдағаны, құйма құлақ болғаны көрініп­ақ тұрды...».


Шынын айтқанда, нұсқаушылық қызметтің жас Шах- марданға берген тәлімі, үйретері көп болды.Біріншіден, оны тәртіпке, жауапкершлікке тәрбиелесе, екіншіден, адамдар- мен араласып, істі ұйымдастыруды үйренді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу