16.02.2022
  459


Автор: Гүлсім Оразалықызы

ҰСТАЗЫ МЫҚТЫ ҰЛЫ БОЛАДЫ - ЖЕТінші Тарау

«Ұстазы мықты ұлы болады!». Негізі бұл нақылды әуелі Шахмарданның өзіне, сосын оның шәкірттеріне айтуға бо- лады. Ұстазы Қаныштан алған үлгі-өнегесі оны біраз биік- ке көтеріп, тұлғалы ғалым атандырды. Енді өз ісін жалғас- тыратын шәкірт дайындауға мықтап та, нықтап та кірісті. Геология мектебін бірі құрып, екіншісі жалғастырып, ендігі жерде сол мектепті болашаққа ұластыратын ұландар даяр- лауды ойлады.


Нақ осы тұста, Шахмардан Есенов ұстаздық қызметке енді кірісе берген кезде, тағы бір қызық оқиға дейміз бе, әділетсіздіктің әпербақан әрекеті дейміз бе, әйтеуір, бір жа- ғымсыз іс тағы да басталды.


Бұл 1978 жыл болатын. Шахмардан жаңа қызметіне енді кірісіп, кафедра ұжымымен танысып, жоспарлар жа- сап жатқан-ды. Бір күні, тағы да Сізді Орталық Комитет- ке шақырады деген хабар келді. Әрине, бұл хабарды оған жағымды тиді деп айта алмаймыз. Шайлыққан жүрек «тағы не болып қалды екен?» деген түйткілмен келген. Кезінде ол


«Үлкен үйге», кінәсіз болса да кінәлі есебінде талай барған, та- лай түсініктеме жазған. Биліктен кеттім, енді маған маза бере- тін шығар деп жүргенінде, тағы да «кілем үстіне» шақырып тұр. Келді. Себебін естіді. Бұл жолғы шақырыстарының се- бебіне, шынын айтса Шахмарданның күлкісі келді, сосын өзіндік пікірлері жоқ, құлдық ғұмыр кешіп жатқан парток- раттарды аяды. Әйтпесе, «бұл мақалада тұрған ештеңе жоқ, қойыңдар!» деп біреуі бір ауыз қарсылық білдіруіне болушы еді ғой. Жоқ, ешкім ауыз ашпаған, бәрі де биліктің алдын- да дәрменсіз, бейшара халдерін әшкерелеп тұр. Бар оқиға былай болған, кезінде Шахмарданға сабақ берген ұстазы,


«Геологиялық барлау» факультетінің доценті, геология-мине- ралогия ғылымының кандидаты Г.П. Бурдаков институттың


«Инженер кадрлары үшін» деген шағын тиражды газетіне


«Біздің түлектеріміз енді бізге ұстаз» деген көлемі кіп-кіш-


 


кене ғана мақала жариялапты.Әдеттегі таныстыру. Біраз ла- уазымды қызметтерде істеп, ел үшін, жер үшін еңбек еткен адамның, академик Есенов Шахмарданның өзі ұшқан ұясына оралып, ұстаздық етуін ептеп қана мақтаныш сезімімен жет- кізу бар. Басқа асыра мақтап, марапаттау мүлдем жоқ. Бірақ, осы мақала Орталық Комитеттегілерге шаян шаққандай әсер етті. Қылмыскерлерді алдына шақырған тергеушідей боп, ертеңіне-ақ Орталық Комитетке әуелі институттың ректо- рын, сосын партия ұйымының хатшысын шақырды. Олар


«біз білмейміз» деп, ақталып, әуре болды. Ал, газет редакто- ры Досмұхамед Кішібеков «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ шығар» дегенді айта тұрып, былай тәжікелесті:



  • Ш. Есеновтің біздің институттың түлегі болғаны рас па? Рас!

  • Лениндік және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты болғаны рас па? Рас!

  • Ғылым Акакдемиясының президенті болғаны рас па? Рас!

  • Біздің институтымызға сабақ бергелі келгені рас па? Рас! Мақалада осыдан басқа еш нәрсе айтылған жоқ. Ал,енді ма- ған не дейсіз? Бұл мақаланың басылуына ректордың да, партия ұйымының да еш қатысы жоқ. Редактор болған соң мұндай майда-шүйде нәрсені өзім шешемін. Ал, сол үшін кі- налайтын болсаңыз, мені кіналаңыз, одан соң мақала авторын кіналаңыз. Бірақ, мен бұл мақаладан ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын», – деді, шектен шыққан әділетсіздіктері үшін терісіне сыймай түтігіп.


«Жауап» алып отырған Орталық Комитеттің қызметкері кәдімгі асылдың тұқымы Ораздың баласы Санжар Жандо- сов еді. Ол мұндай жауапқа не айтарын білмей, сасқалақтап қалды. «Отыра тұрыңыз, мен қазір келемін» деп, содан екі-үш сағаттан кейін бір-ақ келіп, «кете беріңіз, кейін әң- гімелесерміз» деп, көп күткен Кішібековке байлаулы бір шешім айта алмай шығарып салды. Бірақ, обалы не ке- рек бұдан кейін редактор Кішібековті Орталық Комитет- ке шақырмады, бірақ, Есеновті кафедра меңгерушілігінен түсіріп, кафедраның профессоры етіп қана қалдырды. Бә- рібір алмас пышақ қап түбінде жатпайды, келесі жылы кон- курсқа түсіп-ақ, кафедра меңгерушілігіне оралды. Тіптен, қанша жерден кемсітіп, етектен тартқанмен, академик Қа- ныш Сәтбаевтан кейін Шахмардан Есеновтен асатын іскер ұйымдастырушы, білікті басшы жоқ еді. Соны біле тұрып, белден басты, көре тұрып қиянат жасады. Амал қанша...


Есенов білгенін жастарға үйретіп, өзі жетпей қалған армандарына солар жетсе екен деген ниетте, ұстаздық қыз- метке де кәдімгі өзінің әдетімен бел шешіп кірісті. Біле біл- ген адамға, нағыз ғалым үшін, халқым деген қайраткер үшін осыдан артық бақыт та, мақсат та жоқ болуы керек. Ака- демик Шахмардан Есенов: «Мен министр болғам, прези- дент едім...» деп, кафедра меңгерушілігін қомсынбай, қай- та жастар тәрбиесін қайраттана қолға алды. Бір данышпан:


«ақша жоғалтсаң – көп жоғалтпағаның, дос жоғалтсаң – көп жоғалтқаның, ал, егер мінезіңді жоғалтсаң бәрін жоғалтқа- ның» демеуші ме еді. Есенов тумысынан өзіне серік болып келе жатқан жігер мен қайратын, мінезін бұл жолы да жо- ғалтқан жоқ, «құлатамыз» деушілер бұл жолы да құлата ал- мады. Өзі: «біз ертеңгі ұрпақ өміріне жауаптымыз!» дегенді жиі айтатын, сол ұрпақты тәрбиелеуге шын кірісті.


Негізі ол қай қызметте болмасын жастарға деген жауапкерші- лігін азайтқан емес. «Болашақ жастар қолында» дегенді құрғақ ұранға айналдырған жоқ, нақтылы шаралар ұйымдастырды. Маңғыстауда жүріп, мұнайшы маман-кадрлардың жетіспейті- нін көріп, мемлекет органдарына хат жазып, өзі барып, ақыры Алматыдағы Қазақ политехника институттының тау-кен фа- культетіне қабылданатын студенттер санын көбейттірді, дайын- дық курсын аштырды. Ғылым Академиясынан «жас ғалым- дар» қоғамын құрып, съезін өткізді, жастарды лауазымды жұ- мыстарға тартты. Әлем таныған әл-Фарабидің жерлесіміз еке- нін көпке мойындатты. Кім үшін, не үшін? Жастардың рухы асқақ, жүзі жарқын болу үшін. Абайдың, Жамбылдың мерей- тойларын өткізудегі мақсат та сол жастарды тәрбиелеу, ізгілік- ке баулу болатын. Осылай, ол қазақ ұлтының моральдық та, материалдық та азып-тозуға түспеуін әріден ойлады, бар әре- кетін, саналы ғұмырын арнады.


Кезінде, сонау алпысыншы жылдары Асқар Тоқмағам- бетов ақынның: «Қайда тұрып сайраса да, бұлбұлдың аты бұлбұл» деп, жырлағаны кейіннен қанатты сөзге айналып кетіп еді. Дарынды адам қашанда да, қай ортаға түссе де ерекшелігін көрсетіп, қой бастаған серкедей боп жүретіні шындық. Рас, әуелгі кезде Шахмардан қайнаған қоғамнан оқшау қалып қойғандай, бәйгенің дүбіріне құлағын қай-


 


шылаған сәйгүліктей елеңдеп біраз жүрді де, ұстаздықтың бір сарынды, тіршілігі тұрақты қалпына үйреніп те кетті. Қашан да, қай замандарда да өз маңызын жоймайтын: «Ұл- тымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ертеңгі ұрпақ жау- апты. Ал, ертеңгі ұпақтың мықты болып жетілуіне бүгін біз жауаптымыз» дегенді де нақ сол кезде айтып еді Шахмар- дан Есенов.


Ол: « Университет оқытушысы үшін оның мәдени дәре- жесінің деңгейі ғылыми дәрежесінен еш төмен болмауы мін- детті» дегенді үнемі әріптестеріне қайталап, өзі сол деңгейде жүретін. Қандай бір күрделі мәселелер мен күрмеуі қиын іс ортасында отырса да, Есенов әлдекімдердей ешкімге дауыс көтеріп, намысына тию дегенді білмейтін, байыппен сөйлеп, салмақпен шешетін, дейді әріптестері.


* * *


Ұстаз, академик,профессор Шахмардан Есенов:


«Қазіргі қайта құру кезеңінде біздің кафедра Қазақ гео­ логия басқармасымен тізе қоса отырып, республиканың бас­ ты­басты геологиялық объектілерін зерттеуді бір арнаға түсіріп жатыр. Атап айтқанда, Балқаш сегментіндегі жер қабаттарының геологиясы мен металлогениясын ұңғи зерт­ теу көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Бұл зерттеу Саяқ кенішінің шикізат базасын кеңейтіп, осы аймақта ашыла­ тын кен орындарын алдын ала болжауға мүмкіндік тудырар еді. Ал, «түсті және құнды металдардың кен орындарын барлау методикасы» тақырыбымен жүргізілген зерттеу­ лер табиғи құбылыстармен тікелей байланысты. Мұның ішіндегі шөгінді жиналуының магматизміне, метаморфизм мен тектоникаға кезінде геология ғылымының аса көрнекті өкілдері А.П. Карпинский, Қ.И. Сәтбаев, А.Е. Ферсман баса назар аударған. Барлаудың тектоникалық бағыты жер қа­ баты құрылымының ілімі негізінде кендердің аймақ бойын­ ша орналасу заңдылықтарын ашып берді. Ал, Оңтүстік Қа­ зақстан мен Арал теңізі төңірегінің палеозойлық және ме­ зозойлық қабаттарына дұрыс барлау жасасақ, мұнай мен газдың қисапсыз қорын табарымыз хақ» дейді.


Ол осылай, осы бағытта дәріс оқыды, ғылыми зерттеу- лерге басшылық жасады, кафедра мақсатын айқындады.


 


Ол жүздеген жас инженерді, жер қойнауын қопарып, бай- лық табар барлаушыларды тәрбиелеп, білім берді, ілім сый- лады. Он алты жыл ұстаздықтың туын жерге түсірмей, абы- ройлы атқарды. Ол оқыған лекцияны басқа топтың, басқа курстың студенттері де келіп тыңдайтын. Қызықтыратын! Қызығатын! Олардың біразы Қазақстан Ғылым Академия- сының академиялық жұмысын жалғастырса, енді біразы гео- логиялық барлауды дамытты, жаңа кен көздерін ашты, гео- лог-инженер атанды. Есенов өз ойларын үнемі айтып, жазып жүрді. Оның қаламынан туған елдік-жерлік мағынасы бар мақалаларды республикалық және Одақтық басылымдар: га- зет пен журналдар бетінен жиі көруге болатын. Мақалалары арқылы геология-барлау, геолог-инженер мамандарын даяр- лаудың, өндірістің күрделі мәселелерін көтеріп, қоғамдық пікір туғызып отырды.


Есенов қаламынан туған 200-ден астам мақаланың бі- разын оқыдық, қарап шықтық. Бірі ғылыми, екіншісі, пуб- лицистикалық жанрда жазылған мақалалардың тақырыбы біреу – Қазақстанның кен байлықтары. Бірақ, көтерген мә- селелері алуан-алуан. Әсіресе, өткен ғасырдың тоқсанын- шы жылдары жазған мақалаларында ой тәуелсіздігі, сөз бостандығы басым. Ол жаңа пікір, жақсы идеялар айтты. Проблема көтерді. Оның сыры – елімізге келе бастаған де- мократия Есеновтің ақыл мен ойына да бостандық әкелді.


«Шындықта да кемшілік бар, ол кешігіп келеді» дейді да- налар. Санасында сарқыла күтіп жатқан идеялар мен про- блемалар күркірей бой көтеріп, сөз маржан болып жарыққа шықты. Сондай бір мақаласында ол ата-бабадан қалған жер байлығы ел игілігіне жаратылса екен, шашылып-төгіліп, бей-берекет біреулердің қолында кетіп қалмаса екен деген- ді ашық айтты. Бұл үлкен жүректі Азаматтың жан айқайына көбірек ұқсайтын еді. «Ертеңін ойламаған ел болмас!» ат- ты сол мақала мынау:


«Қазақстан геологтары жерімізден мол минералды ши­ кізат қорын тауып отыр. Бұл арада ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі ұлан ғайыр. Ендігі міндет



  • жаңа экономикалық саясатқа сай, сол мол қазынаны есеп­ сіз оңды­солды шаша бермей, бір түйірін де шашау шығар­ май, орнымен жұмсап, ұқсатып, ел кәдесіне жарату. Ол үшін ең алдымен технологияны барынша жетілдіріп, қал­


 


дықсыз өндіріс дәрежесіне дейін жетуді діттеген жөн. Біз жоғарыда айтқандай құрамында бірнеше қоспалары бар құ­ ранды шикізатқа – оны барлап тауып, қазып алып, өңдеп, халық тұтынатын дайын товар дәрежесіне жеткізген­ ге дейін кешенді түрде келу қажет. Біз, өкінішке қарай, құ­ ранды рудадан оның құрамындағы 15­20 химиялық элемент­ ті түгелдей ажыратып алуды әлі үйренген жоқпыз. Тіп­ ті негізгі діттеген элементіміздің өзін жүз процент айы­ рып ала алмаймыз. Егер республикамыздағы аса мол қара, түсті және сирек металлдар кенішінен, басқа да пайдалы қазбалардан олардың құрамында жиі кездесетін литий, ру­ бидий, цезий, берилий, стронций, тантал, галлий, кадмий, таллий, селен, теллур және тағы басқа құнды элементтер­ ді айырып алып, кәдеге жаратсақ, онда біз қазіргі ғылыми­ техникалық прогрестің алғы шебі саналатын радиоэлектро­ ника, компьютерлі және лазерлі техника, оптика, маши­ на және прибор жасау, роботты техника сияқты сала­ ларды мықтап өркендеткен болар едік. Ал, бұл дегеніңіз



  • өндірісімізді жедел жолға қойып, халықтың әл­ауқатын шұғыл көтерудің ең сенімді жолы. Мәселен, дәл осы сала­ ларды өркендету арқылы әлемдік цивилизацияның алдына түскен Жапонияны алып қараңыз. Онда табиғи ресурс жоқ­ тың қасы ғой. Біз болсақ ен байлықтың үстінде отырмыз.


Әлгі жоғарыда айтқан, тау­тау болып үйілген қалдық­ тардың 4­10 процентін қайта өндіріске түсіргенде ғана 3 жыл ішінде 2,7 миллиард сом пайда тауыппыз. Ендеше шикі­ затты кешенді пайдаланудың қай жағынан алып қарағанда да, экономикалық жағынан болсын, экологиялық жағынан болсын, ең бастысы әлеуметтік жағынан пайдасы аса зор. Бұл дүниежүзілік тәжірибеде өзін­өзі ақтаған әдіс.


Ғылыми­техникалық прогресті жеделдетіп, республи­ ка халқының әл­ауқатын арттыру үшін минералды ресурс­ тарды тиімді пайдаланудың әртүрлі жолдары бар. Соның бірі – сан­салалы өндірісті шоғырландырып дамыту. Рес­ публикамыздың пайдалы қазбалардың түр­түрі көптеп та­ былатын әрбір аймағының мұндай көп салалы экономиканы дамытуға мүмкіндігі мол. Мәселен, құрамына Жезқазған, Қа­ рағанды, Павлодар кіретін Орталық Қазақстанды алайық. Бұл өңірді мыстың, қорғасынның, мырыштың, вольфрамның, молибденнің, никельдің, кобальттың, алтынның, темірдің, марганецтің, көмірдің қоймасы десе де болғандай. Мұндағы мыс­полиметалл кеніші болып саналатын Жезқазған­ Жәйрем мен оған жақын вольфрам­молибден рудасының мол қоры бар Қайрақты мен Көктіңкөлі жақында еркін эко­ номикалық аймақ болып жарияланды. Ал Қарсақпай бассей­ ні қара металлургия резерві болып табылады. Енді осыған әкелііп бұл өңірдегі мол көмір қорын қосса, көп салалы эко­ номикасы қарыштап дамитын өзінше бір аймақ болуға әбден жарап тұр.


Екінші бір экономикалық еркін аймақ – құрамына Маң­ ғыстау және Гурьев, Ақтөбе облыстары кіретін Батыс Қа­ зақстан. Жаңа мұнай және газ көздерінің табылуына орай бұл өлке осы сала жөнінен таяудағы болашақта Батыс Сі­ бірден кейін екінші орынға шықпақ. Аталмыш өңірде хром рудасы қорының еліміз бойынша 97 проценті, әлем бойын­ ша 74 проценті бар екені анықталып отыр. Ал Ақтөбеден 10 миллиард тонна қоры бар аса ірі фосфор бассейні та­ былды. Міне, бұл да бір көп салалы аймақ болуға дайын өңір. Батыс Қазақстан мұнайын игеру қазір көптеген шетелдік фирмалардың қатыстырылуымен жедел қолға алынуда.


Ал, құрамына Қостанай, Көкшетау, Целиноград кіретін Солтүстік Қазақстан аймағы болса – бұл республиканың ал­ тын және сирек кездесетін металдар өндіретін өңірі. Шығыс Қазақстан мен Семей облыстары бұрыннан­ақ түсті ме­ таллургия алыбы болып танылған. Қалдықсыз технологияға көшіп, экспортқа және халық қажетіне дайын бұйымдар өндіретін, ғылымды көп қажет ететін кәсіпорындар салу – бұл өңір үшін болашақтағы негізгі міндет болуы керек.


Жамбыл, Шымкент, Алматы, Талдықорған облыста­ рын қамтитын Оңтүстік Қазақстанды фосфорит және қорғасын­мырыш рудасының Бүкілодақтық қоймасы десе де болғандай. Мұндағы Қаратау бассейні келе­келе еліміздің бірінші фосфорит кенішіне айналады. Қазір Одақтағы то­ варлы фосфор шикізатының бестен бірі, сары фосфор тү­ гелдей осы қарт Қаратау қойнауынан шығып жатыр. Ал, Балқаштың оңтүстік жағалауы мен Талдықорған облысы­ нан көмірдің ірі қоры байқалып отыр. Алматы облысында фтор шикізаты бар екен. Оңтүстік Қазақстанның Арал­ мен астасқан жерінен мұнай мен газ көздерінің табылуы бұл өңірдің өсу­өркендеу перспективасын арттыра түсті.


 


Қаратау жотасының Солтүстік­батыс сілемінде де молибден­ванадийдің ірі қоры бар. Ол игеріле қалған күнде соның негізінде ыстыққа төзімді қорытпа өндіріп, аса са­ палы болат шығаруға болар еді. Міне, осылардың негізін­ де халық шаруашылығы үшін аса бағалы бұйымдар бере­ тін көп салалы қазіргі заманғы кәсіпорындар шоғырын са­ луға мүмкіншілік зор. Көріп отырсыздар, бірін­бірі то­ лықтыратын, бірінің қалдығы екіншісіне шикізат болуға әбден жарайтын,сөйтіп, біріге келе қалдықсыз технология құрайтын көп салалы экономикалық аймақтар құруға рес­ публикамыздың қай түкпірі болса да даяр. Тек қана еркін қимылдап, батыл басу үшін экономикалық дербестік керек. Ол үшін Орталықтың делбені біржола босатқаны жөн.


Республикамыздың экономикалық дербестік алып, еге­ мендікке қолы жетті деген сөз, әлбетте, жерді және оның қойнауына жанашырлықпен, иегерлікпен қарап, ондағы қаз­ ба байлықтарды бүгінде күйі төмендеп отырған тұрғын­ дарымыздың тұрмысын көтеруге тікелей пайдалану деген ұғыммен қатар жүрмек. Жылдар бойы қалыптасып қалған Орталық ведомоствоның озбырлығын тыю үшін шұғыл түр­ де Қазақ ССР­ының жер қойнауын пайдалану және қорғау туралы заңдар негіздерін жаңадан жасап, бекіту қажет.


Республикамызда Геология министрлігінің жабылып қалғаны белгілі. Сондықтан да бұл істі бетімен жібермей яки тек Одаққа ғана тәуелді болып қалмай, республиканың өз өндірістік геологиялық барлау қызметінің ұйымдық құ­ рылымын шұғыл жолға қойған жөн. Бұл орайда бұрынғы Геология министрлігі қайта құрыла ма, әлде республика Министрлер Советі жанынан Геология жөніндегі коми­ тет құрыла ма, әйтеуір, осы істің тізгінін жіті бақылап, бағдар беріп отыратын бір қолға берген дұрыс­ау деп ой­ лаймыз. Ал, жергілікті жерлерде облыстық атқару омит­ тетері жанынан кең өкілеттігі бар табиғатты пайдала­ ну жөніндегі депутаттар комиссиясы құрылса. Сонда жер­ гілікті жер табиғатын ұқыпты пайдалануда және қорғауда Советтердің де рөлі арта түсер еді. Бұл комиссия, біздің ойы­ мызша, тұрғындардың өмірлік қажеттіліктерін неғүрлым қанағаттандыру, табиғатты ұқыпты да тиімді пайдала­ ну, экологиялық проблемаларды шешу, т.с.с. үшін облыстың экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді дамытудың бес жылдық және переспективалық жоспар­ ларын жасауға міндетті түрде қатыстырылып отыруға тиіс.


Осы орайда, сөздің реті келіп тұрғанда мына бір жәйтті айта кетейік. «Разведка и охрана недр» журна­ лының биылғы жылғы 6­санында А.Н. Еремеевтің, Ю.А. Со­ коловскийдің және В.В. Кочеткованың мақаласы шықты. Онда олар әр республикадағы жер қойнауындағы байлық жалпыодақтық меншік болуға тиіс деген сыңаржақ пікір айтты. Өз басым бұған үзілді­кесілді қарсымын. Бұл дер­ бестікке бағдар алған қазіргі экономикалық саясатқа, жал­ пы саяси­әлеуметтік бағытқа мүлдем кереғар пікір. Әжеп­ тәуір атағы бар ғалымдардың бұрынғы ойлау машығынан арыла алмай, арқандаулы аттай өз қазығына өзі оралып, айналшықтап қалғаны өкінішті­ақ.


Үстіміздегі жылы СССР Геология министрлігі барлық Одақтас республикаларға жаңа жағдайдағы кешенді халық шаруашылығы міндеттерін шешуге бағытталған жер қойнауын геологиялық зерттеудің жаңа концепциясын ұсынды. Мұнда әр республикада территорияның әмбебеап геологиялық негізгі түріне жан­жақты ақпар беретін ма­ териалдар қорын жасау басты міндет ретінде көтерілген. Бұл халық шаруашылығына қолдануға әрі ұғынықты, әрі жарамды болуға тиіс. Жаңа кеніш көздерін, тіпті олар геологиялық­экономикалық, технологиялық және техни­ калық жағынан таяудағы болашақта игерілмейтін болса да, іздестіруге және барлау жасауға байланысты жұмыс­ тарды қаржыландырудың тоқтатылмайтын болып шеші­ луінің зор стратегиялық маңызы бар. Расында да, жаңа кен көздеріне жасалған барлау, болашағымызға, ертеңімізге жасалған барлау ғой. Ал, ертеңін ойламаған ел бола ма?


Сол сияқты қазіргі жұмыс істеп тұрған кеніштердің терең қабаттарында, жер­жер   астында   жүлге­жүл­ ге болып тарап жататын кен өрімдерінде кейде ру­ да қалып қояды. Бұл да туған жердің топырағына деген жанашырлық емес. Сондықтан геологияда тағы бір қол­ ға алынып жатқан бағыт – жұмыс істеп тұрған осы ке­ ніш маңайын әлі де барлай түсу. Сөйтіп, ол жердің қазба байлығын жұмыс істеп тұрған әзір техникамен түгін қал­ дырмай қырнап әкету. Бұл үшін кеніштің геологиялық құры­лымын, топырақ қыртыстарын жете зерттеп, сол учас­ кенің терең қойнауының үлгісін жасап алу қажет. Бұл ай­ туға ғана жеңіл. Әйтпесе, түрлі аспаптарды, аппаратура­ ларды қажет ететін күйбеңі көп күрделі жұмыс. Осыған байланысты жекелеген кен көздерінің аймақтық геология­ лық жағдайын коммерция негізінде шетелдік фирмалармен қосыла жүргізу көзделуде. Және де осы тәсілмен жасалған геологиялық құжатты кейін республикамыз бірлескен кә­ сіпорын құруға келісімге отырған шетелдік фирмаларға валютаға сататын болды.


Мұндай барлаудың тағы бір пайдасы – кеннің негіз­ гі түрімен қатар, оның маңайында жиі кездесетін басқа да минерал шикізат қорларын да анықтап алуға болады. Мәселен, біз жоғарыда айтқанымыздай, ірі кен көздері маңайынан туристер, шетелдік және тұрғын халықтар үшін табиғи және асыл тас бұйымдарын, түрлі әшекей заттар шығаратын шағын­шағын кәсіпорындар салуға бо­ лады. Кейін мұндай кәсіпорындарды көбейте келе, қадау­қа­ дау көмбе секілді бұғып жатқан алтын, күміс, мыс, қорғасын, мырыш, барит сияқты шағын кеніштерді қалдықсыз тех­ нология арқылы түгелдей игеріп алуға болар еді.


Жалпы республиканың салалық және академиялық ғы­ лымы алдында минералды шикізаттарды өндіру және байы­ ту, тау­тау болып үйіліп жатқан өндіріс қалдықтарын пайдалану, пайдалы қазбаларды жер асты скважиналары арқылы ұқсату жөнінде көптеген келелі міндеттер тұр. Қазір біз Қазақстанның шикізат қорының жартысына жуы­ ғынан қазып алу, тасымалдау, байыту және балқыту кезін­ де айрылып қалып отырмыз. Бұл дегеніңіз табиғатқа, келер ұрпаққа жасалынып отырған үлкен қиянат. Есепсіз дүние жоқ. Судың да сұрауы бар.


Қазып алынатын шикізатта, әдетте, негізгі құрамнан басқа 10­25 проценттей басқа да элементтер кездеседі. Бү­ гінгі заманда жетілдірілген технологияның жоқтығынан оларды кәдеге жарата алмай отырмыз. Ал, ондай озық техника мен технологияны сатып алу үшін валюта керек. Егер біз қысқа мерзімде халықтың әл­ауқатын көтеруге ба­ рынша ұмтылып отырғанымыз рас болса, онда міндетті түрде осы валюта мәселесін шешіп алуымыз керек. Онсыз іс бітпейді. Бұл орайда республиканың басты фирмаларына


 


тау­тау болып үйіліп жатқан қалдықтарды сол жерде­ақ ұқсатуды ұсынып, сыртқы рынокқа батыл қадам жасағаны жөн. Ал, одан түскен капиталға әлгіндей озық технология, түрлі машиналар мен құрал­жабдықтар сатып алар едік.


Алайда, бұл жерде мықтап ескеретін бір жәйт бар. Біз қызды­қыздымен шетелдіктердің негізгі шикізатымызға қол салуына әсте жол бермеуіміз керек. Оларға тек ерек­ ше өңдеуді, қалдықсыз, жоғары технологиямен байытуды және металлургиялық өңдеуді қажет ететін қалдықтарды яки төменгі сортты шикізаттарымызды ғана ұсынуымыз керек. Онда да олардың сол шикізаттан халық тұтынатын товар шығарып беруі жағын қарастырған жөн».


(«Қазақстан коммунисі», 1990 жыл,№10)


 


Бұдан артық не айтуға, қалай жазуға болады. Естір құ- лақ, тыңдар пейіл болса бәрі де баяндалып тұр. Егер Есенов айтқан жолмен жүріп, айтқандарын іске асырған болсақ, біз бүгін шын мәнінде өзіміз айтып жүрген үздік 50 мемлекеттің қатарына қосылып-ақ қалар едік. Әзірге ол елу елдің қарасы көрінбейді. Соған қарағанда, Есенов айтқан кен байлығын ел игілігіне айналдыру әдістері, іс-шаралары еске алынбаған болып тұр-ау!


Мұндай ойларын ол талай-талай газет-журналдарда жа- риялады. Үкіметке хат та жазды. Баяғы жартас, сол жартас, жауап болмады.


Өткен ғасырдың сексенінші жылдарына көз жіберіп көрейікші. Бұл кезде Кеңестер Одағындағы хал-ахуал әбден тұралаған кез еді ғой. Одақтың қай тарапына барсаңыз да дүкендерде күнұзаққа кезекте тұрған халық. Жоспарды екі жүз процент асыра орындадық деп жаһаннамға жар са- лып жатқан Саяси бюро мүшелері. Бірақ одан дүкендердегі азық-түліктің көбейер түрі жоқ. Баяғыда домбыраның құ- лағын дауысына келтіре алмаған біреу домбырам не дей- ді, мен не деймін деген екен. Біздің де «өмір салтымыз» дәл сол болды да қойды. Съездер мен пленумдарда сөйлеген ел басшыларының сөзі бір басқа да, өмір мүлдем кері кет- ті. Көзді бақырайтып қойып өтірік айту етек алды.Халықтың емес, өзінің «қан қысымын, жүрек талмасын» ойлап тұрған мінбердегі қаусаған шалдарды көріп халықтың ызасы келді, наразылығы оянды. Қазақстанда сол тоқыраудың көрінісі болып – 1986 жыл келді тарих сахнасына.


Бұл көптің күткен серпілісі мен сілкінісі еді.


Есіңізде ме, баяғыда көмекшісі Асанов Мәдениетке:


«төрт жылда дүние өзгермейді деп кім айтты саған» демеп пе еді Есенов. Бірақ ол күткен төрт жылда дүние өзгермеді, ұзаққа созылды. Бірақ, ақыры келді. Дүниені дүркіретіп Жел- тоқсан оқиғасы келді, 25 жыл отырған бірінші хатшылықтан Қонаев түсті, оның айналасындағы «сенімді» деп жүргендері істі болды, қылмыскер атанды. Алынбайды деп жүрген қа- мал, Кеңес өкіметі қарап тұрып, қақырап түсті. Есеновте үміт оты жанды, енді қоғамда өзгеріс болып, жер байлығын халық игілігіне жаратармыз деп үміттенді, ерекше бір бел- сенділік, құлшыныс пайда болып, екінші бір тынысы ашыл- ғандай еді.


Содан ол Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайлан- ды. Оның депутаттыққа өтуі де қызық, тосыннан туды. Ғы- лым Академиясы өз тарапынан депутаттыққа бір адамды ұсынуға хақылы болатын. Кандидатты анықтау мақсатында Академияда жиын өтіп жатқан-ды. Әрине, «мені ұсынса екен» деп мысық дәмемен отырғандар аз емес еді. Бір кез- де бір жас жігіт орнынан атып тұрып: «Мен академик Шах- мардан Есеновті ұсынамын!» деді. Сол сол-ақ екен, тура бір осы ұсынысты күтіп отырғандай залдағылар дүркірете қол соғып жіберді. Кім білсін, басшылардың діттеп отырған өз кандидатурасы болған да шығар, бірақ, мына ықыластан кейін олар үнсіз қалды.


Жаңағы, Есеновті ұсынған жасты кім дейсіз ғой, ол Қы- зылорданың шалғай аулынан Мәскеудің атақты универси- тетіне түсіп, оны үздік бітіріп, аспирантураға қалып, отызға жетпей кандидаттығын да, докторлығын да қорғаған, ең жас ғалым, математик Жұмаділдаев Асқар еді. Сол бір сәтті ол бүгінде былайша еске алады:



  • Ол кезде мен Есеновті жыға танымаймын да. Бірақ жерлес екенімді, тіптен туыстығымыздың да бар екенін сырттай білетінмін. Ал мықты ғалым екенін, отыз үш жасында министр болғанын, отыз алты жасында Ленин­ дік сыйлық алғанын, отыз тоғыз жасында Ғылым Акаде­ миясына президент болғанын газет­журналдардан оқып танысқанмын. Байқаймын, сондай адамға сол кездегі ор­


 


таның көзқарасы салқын. Жоқ, бұлай болмайды деп түй­ дім. Қызық бір түсінік бар еді ғой сол кездерде, лауазымды қызметтен түссең, партбилеттен айрылсаң болды, тура бір сенің бар қасиетің, адамгершілігің, ақылың сонда тұр­ ғандай­ақ жұрттың теріс қарай қалатыны. Сондай сәтті Шахмардан ағаның басынан кешіріп жүргенін сездім де, сәті түсіп тұрған соң депутаттыққа ұсынып жібердім. Ол кісінің мықты ғалым, басшы, азамат екенін, басқа­басқа, ғылыми орта біледі ғой, олар мені қолдап кетті. Негізін­ де Ғылым Академиясынан депутаттықа мен де түсуім ке­ рек болатын, «жоқ, Есенов тұрғанда мен түспеймін!» деп, қарсылық білдірдім. Менің де отыз екі жасымда матема­ тика ғылымының докторы атанып, атағымның дүрілдеп тұрған кезі болатын. Бірақ, әр нәрсенің жөні мен әркімнің жолы болуы керек. Көп тобыр болды екен деп, бәріміздің де сол тобырға қосылып кетуімізге болмайды ғой. Жол да, жөн де Есеновтікі болатын, мен тек соны сақтадым. Содан мен Жастардың қоғамдық ұйымынан депутат болып сай­ ландым. Ол кезде Жоғарғы Кеңес Алматыда, содан, мәжіліс кезінде кездесіп тұрдық, анда­санда әңгімелесіп қаламыз. Шахмарданмен әңгімелесу сондай бір, қалай айтсам екен... приятный болатын. Кейбіреулер болады ғой, атағы, даңқы жер жарады, сөйлесе, әңгімелесе келсең, жәй дырылдақ, популист болып шығады. Шахмардан ондай емес, ол нағыз кемеңгер және соған ылайықты сыр мен сымбаты болған адам еді.


Таң қалатыным, қаншалықты жәбір көрсе де, әсіресе, Қонаевтың атына бірде­бір рет жаман сөз, «анау андай еді, мынау мұндай еді» деген емес. Бұны мен тектілікке, нар мінезді адамға балаймын. Қазақ айтпай ма, «Жамандыққа жақсылық нар адамның ісі, жамандыққа жамандық әр адамның ісі» деп. Ол көптің бірі болған жоқ, көптің бірі жасаған өзіміз, сол кездің шенеуніктері. Олар Шахмардан­ дай бола алмады, болғанды көре алмады, қысқасы, орны­ мызды алып қояды деп қорықты.


Содан екеуміз де депутатпыз. Мәжілістің ішіндегі түрлі комитеттерге төрағалар сайлап жатырмыз. Мен мәжілістегі экология комитетінің төрағалығына Есенов Шахмарданды ұсындым. Тағы бір кандидатура болды, Қа­ рағандыдан келген кенші, өзі сондай бір сөзуар, бір нәрсені


 


білсе де, білмесе де соға береді, орысшасы мықты. Біреу­ лер соны ұсынды. Сөйтсем оны жоғарғы жақ рекемендо­ вать етіп, бар мәселе шешіліп тұр екен ғой. Мен оны қайдан білейін, демократия келді екен деп Есеновті ұсынып жүрмін ғой. Қараңызшы, экологияның проблемасын қарапайым кен­ ші біле ме, жоқ әлде бар өмірін ғылымға арнаған ғалым бі­ ле ме? Залда 360 депутат отыр, олардың басым көпшілігі


«еңбекші мен жұмысшы» табы, олар экологияның не екенін түсініп те отырған жоқ.


Бұл жолы мен жеңілдім, Шахаңды өткізе алмадым...»


* * *


Мінберден айтты. Үкіметке хат жазды. Хабар болмады. Ақыр соңында, шыдай алмай бар үмітін алға салып акаде- мик Шахмардан Есенов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды.


 


Қазақ ССР Президенті Н.Ә. Назарбаев жолдасқа


 


Ғылыми­техникалық прогресті қаржыландыру көздерін қалыптастыру туралы


 


Қадырлы Нұрсұлтан Әбішұлы!


Республиканың базар қатынастары жүйесіне көшуі қо­ ғамның ғылыми­техникалық қызметін қаржыландыру ме­ ханизмін қайта қарап, жаңғыртуды талап етеді.


Республиканың зияткерлік меншігін ұйымдық және заңдық тұрғыдан қорғау; ғылыми­зерттеу және тәжірибелік­конс­ трукторлық жұмыстарды мемлекеттік қаржыландырудың басты бағыттарын іріктеп алу механизмін оңтайландыру, сондай­ақ алынған нәтижелерді қадағалап отыру; ғылыми­ техникалық дамуды қаржыландыру көздерін қалыптастыру міндеттері туындап отыр.


Осы жағдайды, республиканың халық шаруашылық кеше­ нін тиімді дамыту проблемасының мемлекеттік мәнділігін ескерсек, жоғарыда аталған міндеттерді іске асырудың ең оңтайлы пошымы Қазақ ССР ғылыми­техникалық прогресінің мамандандырылған қаржыландыру қорын құру бола алар еді.


 


Оның құрылтайшылары: бір жағынан, мемлекеттік мен­ шіктің жұмсаушысы ретінде мемлекеттік басқару орган­ дары, екінщі жағынан, зияткерлік меншікті коммерциялық тұрғыдан өткізу мен республиканың жұмсалатын күрделі қаражатын өрбіту ісін ұйымдастырушылар ретінде ғылы­ ми­өндірістік­коммерциялық құрылымдар болуға тиіс. Ми­ нистрліктер мен ведомстволар, ғылыми­зерттеу және жо­ балау­конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар мен басқа да заңдық және жеке тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұл­ ғалар Қордың мүшелері бола алар еді.


Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар бола алады:



  • мемлекеттік қаржылай жәрдемді жинақтау, ғылы­ ми­техникалық саладағы қаржыландыру саясатын қалып­ тастыру мен іске асыру;

  • инновациялық жобалар мен бағдарламаларды вен­ чурлық қаржыландыру;

  • республиканың зияткерлік меншігін заңдық және қар­ жылық тұрғыдан қорғау;

  • республиканың ғылым мен техника саласындағы қар­ жы­қаражаттық және зияткерлік меншігін факторинг­ тік, аукциондық­биржалық, соның ішінде халықаралық, ли­ зингтік тұрғыдан дамыту;

  • ғылыми­техникалық прогрестің инновациялық жоба­ ларының конкурстарын, сатылуын, аукциондарын ұйым­ дастыру;

  • ғылыми­техникалық прогресс саласында республиканың халық­шаруашылық кешенін маркетинг, консалтинг, па­ тент­лицензия тұрғысынан қамтамасыз ету;

  • инновациялық жобалар мен бағдарламалар әзірлеу­ шілерге дотация, субсидия. субвенция түрінде қаржылық көмек беру;

  • республиканың ғылыми­техникалық прогресінің сақ­ тандырушы және резервтік қорларын құру мақсатымен ин­ новациялық лотереялар, теле­радио марафондар ұйымдас­ тыру, акциялар, құнды қағаздар шығару, садақалар жинау;

  • компьютерлік технология негізінде ғылыми­техни­ калық прогресс саласында коммерциялық, соның ішінде ха­ лықаралық ақпарат жүйесін құрып, дамыту.


 


Қазақ ССР Ғылыми­техникалық қаржыландыру қоры­ ның («ҒТҚҚ – Қазақстан») қаражаты:



  • ғылыми­техникалық прогрестің Республикалық мақ­ сатты бағдарламаларын қаржыландыруға бөлінетін мем­ лекеттік бюджеттік ассигнациялар;

  • Қорға қатысушылардың кіру және мүшелік жарна­ лары;

  • заңдық, және жеке тұлғалардың, соның ішінде ше­ телдік тұлғалардың, қоғамдық, соның ішінде халықаралық ұйымдардың ерікті (шапағатшыл) жарналары;

  • мемлекеттік бюджеттің, немесе Қордың өзінің есебі­ нен қалыптастырылған ркспубликаның зияткерлік меншігін пайдаланатын заңдық және жеке тұлғалар пайдасының бір бөлігі;

  • зияткерлік меншік саласындағы факторингтік опера­ циялардан, аукциондық, брокерлік, биржалық операциялар мен қызмет көрсетуден, ақпараттық­коммерциялық қам­ сыздандырудан түсетін пайда;

  • Қордың төл қызметінің кірістері есебінен қалыптас­ тырылуға тиіс.


Қор қаражатының дұрыс қалыптастырылуы мен пай­ даланылуына пәрменді бақылау болуының қоғамдық­сая­ си мәнділігін ескере отырып, мемлекеттік құрылымдар, қо­ ғамдық ұйымдар өкілдерінен, халық депутаттарынан, рес­ публиканың ғалымдары мен мамандарынан «ҒТҚҚ­Қазақ­ стан» мекемесінің Бақылаушы және Сарапшы кеңестерін құру жоспарланады.


Қоғамның ғылыми­техникалық дамуының өзекті эле­ менті ретінде зияткерлік меншікті дамытудағы басым­ дықтар жүйесін құру мақсатында Қор мен оның құрылым­ дық бөлімшелері салық салудан, кедендік және өзге пошли­ налардан босатылуға тиіс.


Қосымша ретінде:



  1. Қазақ ССР Президенті жарлығының жобасы

  2. Қордың құрылымдық схемасы.


 


Қазақ ССР халық депутаты                             Ш.Е. Есенов


 


Осы арада біз қосымшалар мәтіндерін де қоса беруді орынды санадық, олар мынадай:


 


 


Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Президентінің ЖАРЛЫҒЫ


 


Қазақ ССР Ғылыми-техникалық прогресінің қаржыландыру қорын құру туралы


 


Базар қатынастарына көшу жағдайында ғы- лыми-техникалық прогресті іске асыруда рес- публиканың қаржыландыру ресурстарын пайда- лану тиімділігін арттыру мақсатымен


 


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


 



  1. Қазақ ССР Ғылыми-техникалық прогресін қаржыландыру қорын («ҒТҚҚ-Қазақстан») құру орынды деп саналсын.


«ҒТҚҚ-Қазақстан» қызметінің негізгі бағыт- тары мақұлдансын.



  1. Қазақ ССР Министрлер Кабинеті «ҒТҚҚ- Қазақстан» мекемесін құру үшін тиісті норма- тивтік құжаттар жасап, қабылдасын.


 


Қазақ ССР Президенті                       Н. Назарбаев


 


«ҒТҚҚ-Қазақстанның» құрылымдық схемасы



 


 


Амал қанша, бұл хатқа да жауап болмады. Бірақ акаде- мик Есенов бұнымен тоқтамады, ой-пікірлерін баспа бет- терінде жариялап, ретті жерде айтып жүрді, көптің санасын оятып, сауатын ашуға күш салды. Академикті мазалаған проблемалардың бірімен сол жылдары «Егемен Қазақстан» тілшісіне берген сұхбаттан танысамыз:


«Парламентке сайланған депутаттар Қазақстандағы бүкіл халықтың өкілдері екенін ұмытпауы керек. Қалың көпшілік бар аманатын соларға жүктеп отыр. Мемле­ кеттік маңызы бар ірі­ірі мәселелерді шешу міндеті Жо­ ғарғы Кеңеске жүктелгені де сондықтан. Алайда, Жоғарғы Кеңестің құқығы мен мүддесін қорғай отырып, Президент­ тің де қолын байламау жағын ойластыру қажет. Нұрсұл­ тан Назарбаевтың қай мәселені болсын жедел шешуі, жа­


 


сап жатқан ұсыныстары маған ұнайды. Жалпы , мемлекет­ ті бір адамның басқарғаны жөн демекпін. Әрине, бұл жеке басқа табынушылық немесе диктатуралық билік орнату­ ды көздейтін мақсаттан емес, мемлекеттік, халықтық проблемаларды мүмкіндігінше дер кезінде шешіп отыруды қалайтын райдан туындауы керек.


Тағы бір айта кететін жәйт, осы сессияда Республи­ ка Күнін 16­желтоқсаннан 25­қазанға ауыстыру жөнінде мәселе көтерілген еді. Сенбі күнгі мәжілісте мұны депутат Мұхтар Шаханов тағы да қозғады. Өкінішке қарай, ол күн тәртібіне ұсынылған заң жобасын талқылаудың тасасын­ да қалып отыр. 25­не дейін санаулы ғана күн қалғанын ес­ керсек, тездетіп бір шешімге келуге тиіспіз».


Осы тектес қадау-қадау ойларын Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты кезінде жоғары мінберден талай-талай айтты. «Сайландым ғой», жайланып отыра берейін деген


«күнім өтсіндік»Шахмарданда болмады. Оның өмірінің сәтті тұстары да, сәтсіз кезеңдері де еңбекпен қайнап, буырқанып жататын. Халқы үшін ол қандай қиындықтарды болса да кө- тере білді. Өйткені оның алдындағы ағаларынан, әсіресе, ұстазы Сәтбаевтан алған тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі сон- дай еді. Талай рет құласа да, тұра алмай қалған кезі болған жоқ, рухы күшті азаматтық танытты, тұрып кетті. Өйткені оның ойлағаны өз қамы емес, ел мен жұртын бар мен бай етсем деген асыл арманы болды. Қай заманда, қай уақытта шындықты айтқан адамның жолы болып еді?! Әділдік із- деген адам да бір, жоғын іздеген адам да бір. Екеуінің де жолы шырғалаң. Соған қарамастан, ол кезі келгенде сөзін өлтірмей, ұсыныстар жасады, бастамалар көтерді, сын айт- ты. Ол: ...«Біз, геологтар, жер қойнауынан қаншама кен көзін ашып, байлық таптық, алтын көмбенің үстінде отыр- мыз, бірақ, ең кедей елміз. Неге?» деген сауал тастады. Қа- зақстандағы байлықтың қаншалықты барын білетін оның, әсіресе, тәуелсіздік алған жылдары күндіз-түні ойлайтыны соның талан-таражға түсіп кетпей, халық игілігіне жаратылу жолдары болды. Мүмкін, ел үшін, жер үшін жаралған нағыз Азаматтың миына осы да салмақ түсіріп кеткен шығар, кім білсін?!


 


Нақ осы жерде алдыңғы беттерде біз бірталай лебізін, риясыз ойын келтірген Садуақас Құрмановтың әңгімесінің бір тұсын тағы келтіре кеткен орынды.


... Шахаң Қазақ политехникалық институтының кафед­ ра меңгерушісі қызметінде жүр екен. Еш нәрсе болмаған, ешқандай соққы жемеген адамдай, бұрынғы ақжарқын қал­ пында. Тек Ғылым Академисында жүрген кезінде мұнай­ газ институты қажеттігін мәселе етіп көтеріп, оны ше­ шуге жақындатып қалғанда, президенттіктен кеткенді­ гін, бастаманың аяқсыз қалып қойғанын ренішпен айтты. Сондай институт құрылып, оған түбегейлі ауысу ниеті де аңғарылды. Сол кезден бастап Шахаң екеуміз Респуб­ лика Ғылым Академиясы жанынан мұнай­газ проблема­ ларымен айналысатын институт ашылса көптеген қиын­ дықтардан құтылуға мүмкіндік туар еді деген байламға келіп, оны іске асыру жолын ойластыра бастадық. 1988 жылдың көктемінде Қазақстан компартиясы Орталық Ко­ митетіне бізді қабылдап, сөйлесуін өтіндік. Ол жылдары сол құдіретті органның күйі кетіп, беделі азая бастаған кез. Бізді қабылдап, әңгімелескен Р. Бердіғожин есімді бөлім бастығының орынбасары мәселенің маңыздылығымен келі­ сіп, «қағаздарыңызды Орталық Комитеттің өнеркәсіпті басқаратын хатшысы С.В. Уржумов жолдастың папка­ сына саламын. Бірақ қазір институт ашатын уақыт емес, мынандай қағазға ешкім көңіл бөлмейді. Сондықтан, көте­ ріп отырған мәселелеріңізді баспасөзде жариялаңыздар, сон­ да тезірек шешілуі мүмкін» деген ақылын айтты.


Сол жылдың шілде, тамыз айларында «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде Шахаң екеуміз шешілмей жүрген мұнай мәселелерін, оларды тез­ детіп шешу үшін республикада мұнай­газ институты қа­ жеттігі туралы көлемді мақалалар жарияладық. Ол мақа­ лаларда Қазақстан үшін мұнай мен газдың өлшеусіз маңы­ зын, бұл салада қиындықтар көп екендігін, оларды дұрыс және тез шешсе, ел экономикасының ілгерілейтіні тура­ лы әңгімеледік. 1989 жылдың 31 желтоқсанында «Казахс­ танская правда» газетінде жарық көрген кезекті көлемді мақаламызда «Басқа кен орындарының проблемаларын айт­ пағанда, тек Теңіз бен Қарашығанақтың техникалық, тех­нологиялық, өндірістік қиындықтарын шешу, сол мұнай­ газ институтының құрылуын, оған шығатын шығындарды ақтайды» деп жазыппыз. 1990, 1991, 1992 жылдары бұл тақырыпқа, мұнай мен газ саласының бұдан басқа да кө­ кейтесті мәселелеріне баспасөз беттерінде тағы әлденеше рет оралдық. Бірақ, өкінішке қарай, Шахаң екеуміз көтер­ ген маңызды мәселелер шешімін таппады, керектігін талай айтып, дәлелдеген институт та ашылмай­ақ қалды. Бар институттар жабылып жатқанда, жоқ институт қай­ дан ашылсын».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу