16.02.2022
  201


Автор: Гүлсім Оразалықызы

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАЗАҚСТАН

«Бұрын жерінің көбі ақ селеулі боз дала болып көрінетін қасиетті қазақ жері талай сырды бойына бүгіп келіпті-ау! Са- ғымға бөккен сары белдері, тобылғысы мен тораңғысы та- ралып өскен қазақтың өзі сияқты момақан қоңыр төбелері ғасырлар бойы қыңқ демей талай байлықты бауырына басып жатыпты. Әрі кетсе сұр жебелі сары садақ пен ақ сойылды қару қылған қайран бабам, сөйтіп жүріп-ақ кейінгі ұрпағына алтынға толы ақ сандықтай жерін сары майдай сақтап келіп, аманат етіп кеткен екен...


Енді келіп қарасақ, жерімізде не жоқ десеңізші! Тек өндіріске жарамды сынап пен платина демесеңіз, әлгі айтып жүргеніміздей,


«Менделеев кестесіндегілердің бәрі бар» ғой, бәрі бар. рево- люциядан кейін қара жердің қойнын ақтарып, талай көмбенің үстінен шықтық. Сөйтіп, қазіргі біздің республикамыз, міне, бірне- ше ондаған жылдардан бері қорғасынның, мырыштың, күмістің, вольфрамның, хромның, висмуттың, ванадийдің, бариттің, мыс- тың, молибденнің, марганецтің, кадмийдің, бокситтің, фосфо- рит пен аққеріштің қоры жағынан Одақта бірінші орында келеді. Елімізде өндірілетін мыстың, мырыштың, қорғасынның да дені бізде. Қазақстан бұл үшеуін англия мен Францияны қосқанда өндірілетін өнімнен көп береді.


Сөйтіп, бүгінде Одақта өндірілетін қорғасынның 60, мы- рыштың 40, фосфордың 90, минералды тыңайтқыштардың


 


80 проценті біздің республиканың еншісінде болып отыр. Қа- зақстан көмір өндіру жөнінде аҚш-ты, ГФр-ды және Фран- цияны қуып жетіп, мұнайды англия, ГФр, Франция мен Жа- понияны қоса алғанда көп өндіретін болды. ал, темір руда- сын Болгария, Венгрия, Полша, румыния мен Чехословаки- яны қоса алғанда 5 есе, Ұлыбритания, ГФр мен Жапонияны қоса алғанда 2 есе артық өндіреді. Бұл жерде біз болашақ алыптар Теңіз мұнай кеніші мен Қарашығанақ газ конденса- ты жөнінде сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Олардың көрсетер қызығы әлі алда.


Түсті және сирек кездесетін қасиетті металдармен қатар қара металлургия үлесі де бізде осал емес. Қазақстанның кен- металлургия комплексінің Одақтың халық шаруашылығына қосар үлесі металдардың көптеген түрлері бойынша 10-70 процент аралығында.


Бір адамның ғана өмір жасына татырлық тарихтың аз уа- қыты ішінде-ақ Қазақстан Совет өкіметі жылдары «тұз басқан өңірден» (П.Семенов-Тяньшанскийдің берген бағасы) қойны толған қазына, индустриялы-аграрлық республикаға айнал- ды. алғашқы бес жылдықтың аяғында-ақ республика түсті металл қоры жөнінен жетінші орынға, сирек кездесетін ме- талдар жөнінен алғашқы қатарға шықты. Бұрын мұндай кен көздері бұл өңірлерде мүлдем жоқ деп есептеліп келген ғой. ал соғыс алдындағы және майдан жүріп жатқан жылдарғы Қазақстанда шикізат көздері бірінен соң бірі ашылып, жау төбесіне от болып құйылып, оқ болып борап жатты. Жауға атылған он оқтың тоғызының Қазақстанда құйылатын кезі осы тұс. Жезқазған, Қоңрат, риддер, Зырян, ащысай, ақсу, Жо- лымбет, Бестөбе сияқты қазыналы кеніштер өз қойынын айқара ашты. Орал-Ембі өңірінен табылған мұнай көздері еліміздің энергетикалық күш-қуатын еселеп арттырды. Жал- пы, 1940 жылдарға дейін Қазақстан жерінің 70 проценті гео-


логиялық тұрғыдан толық зерттеліп, қартаға түсірілді.


Қазақ ССр-ының Одақтық көмір өнеркәсібін өркендетуге де қосқан үлесі аса зор. Бұл жағынан ол рСФСр мен украи- надан кейінгі үшінші орында. Қарағанды, Екібастұз, Торғай, Майтөбе бассейндері сияқты республикада 42 миллиард тон- надан астам көмір қорын қойнына басқан 500 кеніш бар. Мұ- ның сыртында соңғы кездері шерубай-нұра, Саран, шұбар- көл сияқты аса қорлы көмір қабаттары табылып отыр.


 


Қазақстанның темір рудасы көздерінің де бүкіл еліміз эко- номикасы үшін маңызы зор. Бүкілодақтық қордың 12 процен- ті біздің жерімізде. Бұл жөнінде де республика рСФСр мен украинадан кейін үшінші орында.


1949 жылы Торғай ойпатында темір қорының табылуы ірі жаңалық болды. Бүгінде республикамыздың темір рудасы қорының 90 проценті, Одақ қорының 11 проценті осы өңірде жатыр. ал, қазір Қазақстан алтын мен күміс қоры жөнінен де Одақ бойынша үшінші орында. негізгі алтын кеніштері көкшетау мен Целиноград өңірлерінде. алтын мен күмістің едәуір бөлегін алтай полиметалл кеніштері береді. Сондай- ақ, бұл бағалы байлықтың барлығы Қалба жотасы мен шы- ғыс-Тарбағатай өңірлерінде, Оңтүстік Қазақстан мен шу-іле тауларында да байқалып отыр.


Қазақстанның, сондай-ақ, қара және түсті металлургияны өркендетуде де орны өлшеусіз. Түсті металдан, әсіресе, мыс, қорғасын, мырыш қоры бізде басым. республикамыз қорғасын мен мырыш қоры жағынан 1941 жылы-ақ Одақта бірінші орынға шыққан. Қазақстанда орасан зор мыс рудасының шикізат ба- засы жасалған. Бүгінде белгілі мұндай 48 кеніштің 19-ы жұмыс істеп тұр. Соның ішінде өте-мөте ірісі – Жезқазған-Балқаш кен көздері. республикамыздың мыс қорының 46 проценті осы өңір- де. Сондай-ақ, соңғы кезде полиметалл және түсті металл ру- да өндірісі шығыс Қазақстанда да жедел өркендеп келеді. Бізде рудаға жатпайтын шикізаттар, кенхимиялық және агрономиялық шикізаттар мен құрылыс материалдары да жеткілікті. Бұл сала- да фосфор қоры жағынан Одақта екінші орындамыз. Бір ғана Қаратау бассейнінде фосфор шикізатының 40-тан астам кеніші бар. ал, ақтөбе өңірі ше?! Онда қазіргі геологиялық деректер бойынша 1,0 миллиард тонна фосфор шикізаты бар.


Батыс Қазақстанда халық шаруашылығына маңызы зор, аса мол бор тұзы қоры табылып отыр.


Міне, мейлінше қысқартып айтқанда, республикамыздың басты байлық көздері – осылар. Бұл – барынша ширатып айтқандағымыз. ал, жеріміздің барлық байлық көздерін кар- та бетіне түсіріп, солардың әрқайсысын электрмен жанатын жарықпен белгілесек, ол түнгі аспандағы жұлдыздай жыпыр- лап шыға келер еді!»


Қазақстанның байлығы жайлы бұдан артық қалай айтуға болады. Халық несібесі қайда, қалай бөлініп жатыр?.. Бірін-


 


шіден, бұл бөлек әңгіме, екіншіден, бұл тақырыпты қозғасақ әңгіме төркіні басқаларға ауып, өзекті әңгімемізді өзгертіп алармыз. Сондықтан да бұл тақырыптың нүктесін осы жер- ден қоя тұралық.


Одан да біз жиырма үш жасында Жезқазғанға Қаныш Сәтбаевқа атқосшы болып барып, аға ақылын тыңдап, сонда қалып, ақырында ұлы ғалымның ісін жалғастырып, білікті ғалым, мықты ұйымдастырушы атанған Есенов Шахмардан туралы айталық. Өз қатар-құрбыларының алды болып, заман- дастарының ішінен оқ бойы озып шыққан ол туралы геоло- гия-минерология ғылымының докторы, пофессор, Ш. Есенов атындағы арнаулы сыйлықтың иегері Сейітов Нәсіпқали бы- лайша сыр толғайды:


– Шахмардан Есенов өмір жолын саралап қарасаңыз, ол Жезқазғанда маман ретінде жетіліп қана қоймаған, алуан түрлі қиын­қиын шарулардың дұрыс тетігін таба білетін ғаламат ірі ұйымдастырушы, шын мәніндегі қайраткер ре­ тінде қалыптасқан. Жезқазған кешенді геологиялық бар­ лау экспедициясында аға геолог, бас геолог, бас инженер болып жұмыс істеген он бір жыл ішінде (1949­1960) Шах­ мардан Есенов тындырған жұмыстарды түгел санап шығу да мүмкін емес. Бұл орайда, сол жылдардағы «Жезқазған» өнеркәсіптік бірлестігінің, тіпті бүкіл Жезқазған – Ұлытау кенді ауданының кенді шикізат базасын одан әрі нығайту және кеңейту сияқты ұланғайыр міндетті орындау пары­ зы түгелдей дерлік Шахмардан Есеновке жүктелгендігі рес­ публиканың геологиялық жұртшылығына кеңінен мәлім. Жас инженер осыншама ауыр жүкті қайыспас қара нар­ дай­ақ көтере білді. Комбинатты шикізатпен уақтылы да толық қамтамасыз етіп тұру міндеті аздық еткендей, ол рудалы аймақты іздеу, картаға түсіру жұмыстарына да басшылық етті. Сөйтіп бұл өңірден мыстың, қорғасынның, мырыштың, марганецтің, темірдің, кобальттың, никель­ дің... жаңа кен орындары ашылды. Оның басшылығымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінен ауыз суға өте зәру Жезқазған­Ұлытау өңірінен Жанай және Айдос жерасты суларының мол қоры табылды, өнеркәсіпке өте қажетті көгілдір кендіртас (голубой асбест) кен орны ашылып, иге­ руге ұсынылды...» десе, дала төсінде, экспедицияда болған


 


бар жағдайды көзімен көрген, ғалымның жанкүйер әріптесі Т. Ақышев тебірене тұрып толғайды:


...1966 жыл. Жазда Жезқазғаннан бізге, Ақадырға, экс­ педицияға АН­2 ұшағымен КСРО Геология министрі, ака­ демик А.В. Сидоренко және Қазақ ССР Геология және жер қойнауын қорғау министрі Ш.Е. Есенов ұшып шықты деп хабарлады. Олар соңғы жылдары ашылған кен орындарын көру мақсатында Ақадыр­Қоңрат­Саяқ маршрутымен ке­ леді екен. Үш сағат өткенде Ағадыр станциясына та­ яу жерде орналасқан экспедициялық мекенде дайындалған қону алаңына пошталық АН­2 келіп қонды. Қарсы алушы­ лар арасында қазір о дүниелік болып кеткен белгілі геолог­ барлаушы, геологиялық­барлау экспедициясының бастығы С.Б. Мыңбаев, бас инженерлер, екі экспедицияның геологта­ ры бар­тын. А.В. Сидоренко мен Ш. Есенов ұшақтан түсіп, бізбен амандасты, бірден геологиялық материалдармен, тау­ жыныс түрлерімен, руда үлгілерімен танысуға кірісіп кет­ ті. Күн күйіп тұрған, 40 градустай ыстық. Одақтық ми­ нистрді ілестіріп келген Ш. Есеновте шаршағандық белгі­ сі бар. Сөйтсек, ұшақта ол лоқсыпты, ұшу үдерісін ауыр қабылдапты.


Ал, А.В. Сидоренко әзілге салып ұшар алдында жүз грамм тартып алса АН­2­де адам өзін жақсы сезінеді деп қалды. Баршамыз оған күлдік. Екі министр де біз берген түсініктерді мұқият тыңдады, көруге қойған геологиялық материалдармен, руда үлгілерімен танысып әбден риза болысты. Оларды әсіресе қызықтырған Көктіңкөл, Қа­ раоба, Ақшатау, Ұзынжол, Қайрақты және т.б. кен орын­ дары еді.


Біз министрге Ақадырда қонып, ертеңіне ұшып шығуды ұсындық. Бірақ олар бізге алғысын айтып, жемісті еңбек­ тенуімізге тілек білдіріп, Балқаш қаласына ұшып кетті.


Ұшақта екі ұшқыш, екі министрден басқа ешкім болған жоқ. Олар бізге министр лауазымында емес, кәдімгі маман геологтар сияқты әсер қалдырды.


Біз геологтардың шенеунік те, партократ та емес, ғы­ лым мен халық үшін жер қойнауын зерттеушілер екендігіне көз жеткіздік. Бізге олардың қарапайымдылығы, дала гео­ логтарына деген шынайы, сыйластық мейірімдері қатты ұнады.


 


Экспедицияға екі министрдің келуі дала геолог­барла­ ушылары үшін ірі оқиға еді, содан болар, біз жұмысымызға көтеріңкі көңілмен кірісіп кеттік. Осылайша, біз, геологтар далалық жұмысымызды жалғастырдық, бізді жақындар­ дың, отбасының, тіпті өзіміздің болашақ тағдырымыз еш­ бір алаңдатпаушы еді.


Мен Шахмардан Есенұлымен кейіннен осы экспедицияның далалық партиясында кезіктім. Ол мұнда Қаратас мыс­мо­ либусы кен орнында жүр екен. Айнала құм, бұта­тікен, шаң, ыстық 40° С жетеді, ауыз судың өзі 150 км. қашықтықтан, Балқаш қаласынан тасып әкелінеді. Адамға жайлы климат­ тан гөрі Сахаралық жағдайға жақын болатын. Дегенмен де Шахмардан мені өзіне тән ғажайып жымиысымен қар­ сы алды. Кездескенімізге екеуміз де қуанып қалдық, ұзақ әңгімелестік, ол менен Солтүстік Балқаштың геологиясы, тектоникасы, магматизмі, метоллогениясы туралы тәп­ тіштеп сұрады. Ол бұл аймақтан мыс кен орындарын іздеу­ дің әдістемесін өзгерту қажеттілігі туралы, Балқаш кен­ металлургия комбинаты үшін жаңа, ірі кен орнын табу ке­ ректігі туралы пікірін білдірді.


Бетпақдаланың қатал климаты мен сараң ландшаф­ ты жағдайында мен жігері темірдей адамды көрдім. Пор­ тократтар ұйымдастырған «қан ішуден» кейін, құмды да­ лада ол өзін тәп­тәуір сезініп, сабырлы қалыпта ұстады. Ол осы аймақ халқының өмір сүру деңгейіне қынжылды. Ел­ ді мекендер арасын қосатын жол жоқ, телефон байланы­ сы туралы жергілікті тұрғындар естіген емес, білмейді де, көлік ешқайда қатынамайды...


Келесі күні мен Орталық Қазақстандағы Қараоба кен орнынан Көктіңкөл арқылы Баянауыл таулары мен Ертіске қарай тартылған бағытпен геофизикалық профильді бет­ ке алып жүріп кеттім. Шахмардан Есенұлы мұндай геофи­ зикалық терең зерттеулерді құптады әрі жаңадан талдап жасалған әдістемені де қолдады.


* * *


Сарыарқа төсінде «Шахмардан шоқысы» деген жер бар. Әдетте қазақ қанша жері кең болса да кез келгеннің атын, шо- қысы түгілі, төбесіне бермеген. Жезқазғандықтар болса елі- не, жеріне, оның ішінде Сарыарқаға сіңірген еңбегін, нағыз


 


азаматтығын қадірлеп, ұлы Ұлытаудың етегін ала жатқан бөктердің бір шоқысына Шахмардан есімін қиыпты. Біздің ойымызды әріптесіміз Өтеген растай түседі.


«1983 жылдың маусым айы. Күн ауып, қоңыр самал соқ­ қан кезде шопандар тойы тарап, күнімен сұхбаттас, дәм­ дес болған аудан басшыларымен бірге қайттым. Дала жолы ойқы­шойқы, 50 шақырымдай жүрген соң биік адырлардың арасына келіп, бұлақ басына аялдадық.



  • Мынау «Суық бұлақ» деген бұлақ. Осыдан шөл ба­ сып, сосын мына «Шахмардан шоқысына» шығамыз, – деп Ұлытау аудандық ауатком төрағасы Қапанов Белгібай оң тұстағы биік жотаны нұсқады.


Айналаның бәрі биік­биік шың­құз. Жаяулап бәріміз со­ ның ұшар биігіне шықтық. Әп­сәтте салқын леп соғып, сер­ гіп сала бердік. Шалғын үстіне газет­дастарқан жайылып, шөл басар кәде жасадық. Аупарткомның біріші хатшысы Төрегелдин Мәкен сөз сабақтады:



  • Тілші інім, қонақ болған соң (онда мен «Социалистік Қазақстан» газетінің Жезқазған облысындағы тілшісі едім) өзіңе жер жағдайын таныстыра кетейін. Мына біз тұрған биік «Шахмардан шоқысы» деп аталады. Бұл анау Ұлытау­ дан кейінгі биік жотаның бірі. Осы биіктен бұл маңайдың бәрі анық көрінеді. Анау түтін атақты Қарсақпай зауы­ тынікі, мына беткейде көсіле жатқан Жезқазған, одан әрі­ ректе кеншілер қаласы Никольский мен Рудник, ал, мына арттағы қоныс Жезді кенті.

  • Тамаша екен. Ал, енді «Шахмардан шоқысы» болып қалай аталған?

  • Есенов Шахмардан деген геолог­академикті білетін шығарсың?

  • Хабарым бар, ептеп...

  • Ол кісі осы Жезқазғанда геологиялық партияға бас­ шы болып он жылдай қызмет істеді. Талай кен ошақтарын ашты, әлі аузы «тігулі», яғни, жабулы жатқандары да бар­ шылық.

  • Қанекеңнен кейінгі осы төңіректің бағын ашқан сол Шахаң еді ғой, бұл маңда ол барламаған, ізі түспеген жер жоқ, – деп, ертеде сапарлас болып жүрген кен иеженері Мүсілім Тоқтамысов сөзге араласты. Хатшы тағы сөз са­ бақтады.


 



  •  
















62



 


  • Жақсы қатысамыз, сыйласпыз. Құдай өзіне келбетті де бере салған ғой. Адами парасатын айтсаңшы! Сол Шах­ мардан осында жүргенде ертелеп шығып, мынау тау­тасты ерінбей жаяу аралайтын. Жұмыстан кейін әріптестерімен бірге күнде кешқұрым осы шоқы басында отырып демала­ тын. Осы жерде отырып күні бойы жазған­сызғандарын, жиған­тергендерін, ойларын қорытатын. Келесі күні, арғы күні ...осылай жалғаса беретін. Кейін Алматыға қызметі өсіп кеткен соң бұл қыратты «Шахмардан шоқысы» атап кеттік. Сол дәстүрмен әліге дейін қалт еткенде осында келіп демалып тұрамыз.


...Сөйтіп, Алаш ардақтысы, ұлы ғалым есімімен атала­ тын шоқы басынан қимай­қимай амалсыз етекке түстік» – дейді, журналист Өтеген Жаппархан.


Қандай? Керемет емес пе?! Сенің еңбегің асылданып, есі- мің мәңгілік жер бетіне өшпестей болып «жазылып» жатса бұ- дан артық не керек. Жарық дүниеге босқа келіп, тіршіліктің қазанында босқа қайнамаған екенсіз де. Шахмардан нақ со- лай болды. Құлшына еткен еңбегі, ашқан жаңалықтары мен белсенді бастамалары бедел әкелді, өмірдегі орнын анық- тады, нәтижесінде Сарыарқаның төсінде «Шахмардан шо- қысы» деген аты қалды. Ұстазының ақылын тыңдағаны дұ- рыс болыпты. Адамзат адамзат болғалы бір сұраққа нақ жа- уап тауып, дөп басқан ешкім жоқ әлі. Ол өмір сүрудің мәні не деген сауал. Артыңда өшпестей боп белгі – «Шахмар- дан шоқысы», ашқан ғылыми жаңалықтары, ел-жер үшін ат- қарған игі істері осылай ел аузында айтылып, жұрт жадында қатталып жатса, бұдан артық қандай мән керек! Мүмкін сол сұрақтың жауабы осы шығар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу