Өлеңдер ✍️

  15.02.2022
  201


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАҺАРМАН ҚАДАМ

Ленин, Қызыл Ту, І-дəрежелі Отан соғысы ордендерінің иегері, 1941 жылы қыршын кеткен украинның батыр баласы Вася Коробкоға арнаймын.
Автор



Адамды қан ғып таптаған,
Құралын соғыс баптаған,
Қырық бірдің жазы еді,
Қызыл көз ажал қаптаған.
Қасірет келді жүз батпан,
Жүрегін халық сыздатқан.
Қаншалық жаз болса да,
Қаһары қатты мұздатқан.
Болмасын қалай менде кек,
Бүлікті салды елге көп.
Күл қылып жатты қаланы,
Күркіреп күндей зеңбірек.
Қанжармен турап ананы,
Қасап қып жатты баланы.
Өлтірмек болып Отанды,
Ойрандады орман, даланы.
Батыстан сонау басталған,
Бағына Өмір қастанған.
Болмаған тарих бетінде
Бомбалар жауды аспаннан.
 Жүргізді жаулар билігін,
Жүдетті əрбір үйді мұң.
Елдегі болған азапқа,
Есінен танып күйді Күн.
Безбүйрек солай шақ туып,
Бесігін ұлдың шақты үгіп.
Ауылдан безіп ит біткен,
Аулаққа кетіп, жатты ұлып.
Үрейге қалың бақ толды...
Құстар да ұшпай сап болды.
Погорельцы селосы1
Осындай халге тап болды.
Басылмай бір сəт толасып,
Боранды қара боратып.
Өңірді осы ойрандап,
Опасыздықпенен оқ атып.
Фашистер келді анталап,
Көздері доңыз қанталап.
Быт-шыты шығып талқан боп,
Бүлініп жатты қанша алап.
Өртеніп жатты баспана,
Үптеліп жатты асхана...
Далада жүрген баланы
Дарға асты.
Масқара!!
Қасына келіп күлімдеп:
«Советтік солдат ұлың» деп,
Қансыратты қарттарды
Қанжарменен тілімдеп.
Бетке ұстап осы орайды
Кез-келген үйді тонайды.
Бір тобы шошқа қорада
Шыңғыртып жатты торайды.
1 Украинадағы Чернигов облысының Погорельцы селосы – В.Коробконың
туған ауылы.
 Мұңайды орман мол қайың,
Ешкім жоқ оны қорғайтын.
Фашистер атып мəз болды,
Ұясын қараторғайдың.
Иесіз ауыл бар малын
Тонады.
Туды қандай Күн?!
Тағы бір тобы еліріп,
Тартады ауыз карманын...
Осылай құрып «сауықты»,
Демалар жерін тауыпты.
Автоматпенен атып жүр,
Жұмыртқа басқан тауықты.
Қарамай Вася əліне,
Кектене мінді кəріне.
Құлаған қора қуысынан,
Отырды көріп бəрін де.
Жалындап аспан күйеді,
Үйлердің қалып «сүйегі».
Жайғасты келіп мектепке,
Жазалау батальоны.
Ширақтай түсіп жүрісін,
Реттеп фашист жұмысын.
Тұрғыны осы селоның,
Сөйлеп тұр сатқын Крисин.
Шатынап маса көздері,
Шашырап айтқан сөздері.
Жаулардың болды пайдасы,
Жан-жақтан біліп сезгені.
Көрсетіп қажет жолдарын,
Еліре сілтеп қолдарын.
Бұрыннан осы алқаптың
Білетін еді ол бəрін.
– Қаруланған шетінен,
Партизан сонда бекінген.
 Аттанайық ертемен,
Қазір кеш болды.
Өтінем!
Білетін еді ол бəрін,
Сырларын анау орманның.
Көпірге төте баратын,
Көрсетті тағы жол жағын.
– Солдатқа бармай қашқанда,
Сол орман болған баспана.
Тығылып талай жүрдім ғой,
Коммунистерден жасқана,-
Деді əлгі сатқын Крисин,
Реттеп жайдың жұмысын.
Иелік еткен фашиске,
Ит болып үрді күні үшін.
Қарамай Вася əліне,
Кектене мінді кəріне.
Отырып «жайлы» орнында
Естіді сөздің бəрін де.
Шынында міне, кеш болды.
(Күннің де көзі өшті енді).
Шығам деп Вася далаға,
Күзетшілерден сескенді.
«Таңертең олар кетеді,
Əп-сəтте барып жетеді.
Партизан жатқан орманды,
Паршалап ойран етеді.
Қазірден бастап кетем бе?
Хабарлап тездеп, жетем бе?
Айналам толған аңдушы,
Аман-сау одан өтем бе?
Васямыз қатты толғанды,
Түйді де шыбын ол жанды.
 Қорғауға мықтап бекінді,
Партизан жатқан орманды.
Басы қатты əбден баланың.
Ойланды білген амалын:
«Машина дөңгелегіне
Шетінен шеге қағамын...?
Табылған əдіс бұл бөлек!
Мұндайда берер кім көмек?
Өткізбеу үшін ол жаққа,
Көпірді талқандау керек..!»
Шеге де ептеп табылды,
Дөңгелектерге қағылды.
Баллондар істен шықса да,
Алмады бала дамылды.
Алды да лом мен араны,
Көпірге енді барады.
Бел тіреулерді шетінен,
Аралап кетті бала əлгі.
Түсетін салмақ негізгі,
Тіреудің кесті сегізін.
Орманға қарай өтетін,
Көпір де осы ең ұзын.
Қызынып алған кезінде,
Құйылды тері көзіне.
Балиғатқа əлі толмастан,
Өмірдің түсті тезіне.
Қағылып тұрған бұрынғы,
Қарғашаларды суырды...
Таң сарғайып осы кез,
Түн пердесі түрілді.
Түн бойы алмай тынымды,
Бітті жұмыс бүгінгі.
Вася енді шығып шеткері,
Шоқ талға келіп тығылды.
 Құрылған темір қақпандай,
Қиыстап көкте сақтанды Ай.
Қараңғылық жарықтан,
Үркіп бара жатқандай.
Белгісіз не болары,
Алаңдатты баланы.
Селодан шықты шұбырып,
Фашистің машиналары.
Адамның ала аяғы,
Алдында Крисин баяғы.
Келеді бастап
қол сермеп....
Көпірге келіп таяды.
Мотоцикл өтті зыр етіп,
Машина өтті гүр етіп.
Көпір сол қалпы тұрғаны,
Васяны қатты жүдетті.
«Көзіме дағы сенбедім,
Өзіме тағы сенбедім.
Мехнат тартқан түнімен,
Еңбегім қайда, еңбегім?!
Орындалмай арманым,
Қолымды неге қармадым.
Одан да партизандарға,
Хабарлап неге бармадым?!
Ызадан Вася жылады,
Дөңбекшіп жерге сұлады.
Бронетранспортер өткенде
Бүлініп көпір құлады.
Сатыр да сұтыр шаң шықты,
Фашистер қапты шалшықты.
Жарылды бензин бактары,
Көрінбей кетті маң тіпті.
 Сартыл да тұрсыл......
Шу шықты...
Ұғылды мəн-жəй.
Ушықты.
Крисинді енді шақырып,
Капитан неміс қырсықты.
Қан қылып ұрды...
Ақырды...
«Түсірдің орға ақыры.
Бұл сенің ісің «Қызыл ит!»
Бұйырды дереу атуды.
– Боларын біліп осының,
Қондырып алдап отырдың.
Түнімен қастық жасаттың,
Тіреуін кесіп көпірдің.
Шыныңды айт, – деп
ақырды,
– Тұтылдың міне ақыры.
Орыстың қызыл шошқасы,
Қызылдың қатын «батыры»...
Безектеп сонда шерменде:
«Ең артық туған жерден де
Сіздерді сүйгем,
Шыным бұл,
Артық туған елден де!!
Жалынам!
Ая!!
Ақпын мен?!
Дегенде
Атты қатқыл өң.
Вася да байқап деп жатты:
«Бəрібір сен сұм – сатқын ең!».
Васядай шындап сүйсе елін,
Артады алғыс, сый, сенім.
Крисин құсап жүргенге,
Болары анық ит өлім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу