15.02.2022
  156


Автор: Абдрахман Асылбек

5 ПЕН 2

Жақсы оқып Есалды,
Сабағынан «бес» алды.
Осыдан соң Есалды
Оқулығын кеш алды.
Екінші күн «бес» әлгі
Есалдыдан өш алды.
Аунап түсіп секіріп,
Бола қалды «екілік».
Есалды оған өкініп,
Көп оқыды бекініп.
Осынысы ес болды,
«Екі» қайта «бес» болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу