15.02.2022
  216


Автор: Абдрахман Асылбек

Мәлике

Айналайын қызымыз –
Артта қалар ізіміз.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Айдай жарқын жүзіміз.
Айналайын Мәлике,
Еркемізсің, әрине.
Үзілмейді ән мен күй
Сендей қызы бар үйде.
Нұр жүзіңе қараймыз,
Бағымызға балаймыз.
Бойжетсе деп ертерек,
Әр күніңді санаймыз.
Сәулесі мол санаңның,
Бір гүлісің далаңның.
Ақтай білгін сенімін
Атаң менен анаңның.
Сәулесі мол сананың
Бір гүлісің далаңның.
Ақтай білгін сенімін
Атаң менен анаңның.
Айналайын Мәлике,
Еркемізсің, әрине.
Үзілмейді ән мен күй
Сендей қызы бар үйде.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу