15.02.2022
  159


Автор: Абдрахман Асылбек

Бұлбұл мен тоты

Торда тұрып Тоты құс,
Сан құбылтып сайрады.
Бip қуаныш, өкініш
Еске түсті қайдағы.
Келе-келе өзінің
Қайда екенін ұмытты.
Өзі мақтап өз үнін, Деді:
– Әншімін шын мықты.
Тоғайда да, торда да,
Шырқай алам табанда.
Секілдімін қолбала,
Ақылы асқан адамға.
Бірге отырған қасында
Сонда бұлбұл үн қатты:
– Жақсы әншісің расында,
Біл, бірақ та, қымбаттым:
Өз еркіңмен салмаған
Ән жүрекке жетер ме?
Торда тұрып сарнаған
Сенен сорлы өтер ме?
Кессе-дағы басымды,
Сайрамас ем торда мен.
Адам нағыз асылды
Шатастырмас қордамен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу