15.02.2022
  186


Автор: Абдрахман Асылбек

Тасбақа

«Асты-үсті тарғыл тас,
Ортасыңда шандыр бас»,
Анау-мынау жауына
Оңайлықпен алдырмас.
Асықпайды үнемі,
Аяқтары – тірегі.
Сағатына тасбақа
Жүз-ақ метр жүреді.
Түздің тағы түлегі
Теңбіл-теңбіл түр-өңі.
Тасбақалар өз үйін
Өзі арқалап жүреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу