15.02.2022
  235


Автор: Абдрахман Асылбек

Қурай

Күн күлімдеп көктемде,
Алтын нұрын төккенде,
Жасыл желек бал қурай
Жайқалады көк белде.
Жазғы мезгіл болады,
Қурай өсіп толады.
Дыраудай боп діңгегі,
Жапырағы солады.
Көрсең сонда қурайды.
Бірте-бірте қурайды
Жасап одан сыбызғы,
Халық үнін тыңдайды.
Күйші күйге басады,
Көңіл шалқып, тасады.
Тамылжыған тәтті әуен
Алты қырдан асады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу