Өлеңдер ✍️

  15.02.2022
  253


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

Қуыршақ

Қуыршағым жүгіріп,
Құланды ұстап алыпты.
Табанында тас үгіліп,
Топырақ боп қалыпты.
Мініп алып құланға,
Ойлы-қырлы шауыпты.
Құсжолының құмына
Көкпар тартып барыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу