Өлеңдер ✍️

  15.02.2022
  13268


Автор: Таныстыру сөздері

Таныстыру (ұлдарға)

Жігіт жігіт бола ма шабан болса,
Ештеңені білмейтін надан болса.
Ассалаумалейкум дана халқым,
Қуанамын ел-жұртым аман болса.

Айдар менің есімім сұрасаңыз,
Қыр асамын шапқылап өнеріммен.
Кіші жүздің ұлымын өр мінезді,
Әділдіктің орнауына сенемін мен.

Ардақұлы боламын арманы асқақ,
Шындық үшін шырылдап үн қататын.
Алтынайдай ананың ұлымын мен,
Жақсылыққа шынайы құмартатын.

Бұл жарысқа келгенмін бақты сынап,
Дайынды шыңдаумен бапты құрап.
Қарсыластар тілеймін тек сәттілік,
Жаратқаным жар болып, берсін қуат.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Кәусар
Кәусар 22.11.2022 00:45
Зор маған ұнады көп рахмет
Жансая
Жансая 12.10.2022 21:55
Зор
Талғат Сырым Ербұланұлы
Таныстыру

Пікір жазу