15.02.2022
  104


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БАЛА МЫСЫҚ

Ертемен,
Күннің кешінен,
 Əдетімен əр күнгі,
Ұйқысынан тұрады.
Аяғымен алдынғы,
Беті-қолын жуады.
Қылығы адам күлетін,
Жылы орнынан түспейді.
Сырлы еденнен суретін,
Көре қалса иіскейді.
Елеңдеп қос құлағы,
Екі көзі жайнайды.
Батыл əрі қырағы,
Еш нəрседен таймайды.
Сыбдырлатсаң жапырақ,
Сылдырлатсаң селеу шөп.
Бас салуға жақындап,
Тұрғаны сол елеуреп.
Ойынға əсте тоймайды,
Сені тыныш қоймайды.
Шыр көбелек айналып,
Құйрыгымен ойнайды.
Мияуласаң мысық боп,
Елеңдеп бір жүргені.
Үрсең егер күшік боп,
Үрпиеді жүндері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу