15.02.2022
  107


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АҚҚУ

Бота мойны иілген,
Көрген көздер сүйінген.
Саған біреу тиіссе,
Барлық адам күйінген.
Аққумысың, əлде, сен.
Ақ нұрмысың, əлде, сен.
Əлемінде құстардың,
Сенен артық бар ма əсем?!
Көз айырмай түсіңнен,
Көп нəрсені түсінем.
Айдын көлге орнатқан,
Ақ күмістен мүсін бе ең!
Суретпісің жасалған,
Ақ мəрмəрдан қашалған.
Сұлулықпен тамсантып,
Сүзілтесің қашаннан?!
Көрінесің сақтықпен,
Көңілімді шат қып сен.
Құбылып кеп аспаннан,
Құс боп қонған ақ бұлт па ең?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу