14.02.2022
  93


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТƏТТІЛІК ТУРАЛЫ ƏҢГІМЕ

Ең алғашқы кезекті,
Маймыл алып сөз етті:
 – Қантқа əбден қанықпын,
Тəттілігін таныппын.
Дəмі қалып тілімде,
Жегім келер күніне.
Ал, екінші кезекті,
Аю алып сөз етті:
– Ынтық қылған көп мені,
Балдан тəтті жоқ, – деді.
Бұдан соңғы кезекті,
Лəйлек алып сөз етті.
Күндіз-түні баққаны,
Көлбақа етін мақтады.
Бірден бірге сағалап,
Жатты осылай жағалап.
Мұртын талдап,
Ширатып
Жіберердей қиратып!
Мысық өзін баптады,
Тышқан етін мақтады!
– Қандай жұмсақ тісіңе,
Күш қосады күшіңе.
Майлы десең майлы да,
Асқазанға жайлы да.
Деген кезде.
Қандала
Сөз сөйледі пандана:
– Бəрін айт та
Бірін айт,
Болған істің шынын айт.
Алып қуат жаныңа,
Адамдардың қанын да.
Тірлігімде тек маған,
Одан асқан жоқ тағам.
Бір жағынан ызыңдап,
Маса келіп құжынап.
 Басқа ештеңе қоспады,
Қандаланы қостады.
Ұшып-қонып дызылдап,
Сона дағы ызыңдап,
Ешкімді де тоспады,
Маса сөзін қостады.
Тауда туып марқайған,
Тауда жүріп қартайған.
Ендігі бір кезекті,
Құлжа алып сөз етті.
Шалғын екен аңсары,
Шөпті айтып тамсанды.
Мүйіздері иірілген,
Бір-біріне үйірілген.
Бірауыздан
осыған,
Төрт түлік мал қосылған.
Мекенжайы жағада,
Ұшып келіп шағала.
Кешкедейін баққаны,
Балық етін мақтады.
Шағаламен дос жаны,
Мұны ақ аю қоштады.
Болса дағы жол соқты,
Пингвин де қол соқты.
Сонда Сəтіш түрегеп,
Қайта отырды жүрелеп.
Жиналғандар жақындап,
Тына қалды атырап.
Бір сəттен соң
дүр етті:
– Айтады деп сүр етті.
Ірімшігін мақтайды
– Маймыл сөзін жақтайды.
349
– Бал қаймағын айтады
– Сары қымыз айтары, –
Деді гулеп өзара,
Отырғандар сөз ала.
Ешқайсын да айтпады,
Басқа еді айтпағы.
Жиналғандар тұрды бақылап.
Тынды атырап.
Желмен толқыр жейдесі,
Сəтіш бала сөйледі:
– Солай шығар шындарың,
Сөздеріңді тыңдадым.
Аң емеспін,
Адаммын.
Қызықты əрбір қадамым.
Ақ сүтіне анамның,
Балдай сүйіп қанамын.
Бұған жетер тəтті жоқ,
Болса дағы тəтті көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу