14.02.2022
  198


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҮНГІ АСПАН

Жұлдыздары ымдасқан,
Көз тартады түнгі аспан.
Маңай мүлгіп
Байғыздың
Мұңды үнін тыңдасқан.
Жанарынан от тамып,
Ақбозат тұр шоқтанып.
Алты күміс шегедей,
Үркер туды топтанып.
Ай асқардан қарады,
Ақ сəулесі тарады.
Ұясына ұмтылып,
Үкі ұшып барады.
Қызықтырған жанымды,
Жұлдыздардың жарығы.
Алқасы боп аспанның,
Құстың жолы тағылды.
Түнгі аспан ғаламы,
Таңдандырып барады.
 Ордені көп атаны,
Ойыма əкеп салады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу