14.02.2022
  83


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КЕШКІЛІК

Ақша бұлттың пұшпағы,
Ал қызыл боп түрленді.
Ұшты түннің құстары,
Аспан күңгірт түрге енді...
 Құсбазары тарады,
Ойланды көл толқыны.
Қарауытып барады,
Таудың сонау қолтығы.
Кешкі самал уілдеп,
Қанаттарын сермейді.
Жас бұлақтың дірілдеп,
Жапырағын тербейді.
Малшылардың дабыры
Алыстан жүр естіліп.
Кең алқапқа сабырлы,
Келе жатыр кешкілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу