14.02.2022
  444


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КҮЗ

Күз келді,
Алтын күз келді.
 Көбейіп мая тізбегі.
Нұрына күннің тотыққан,
Диқаншылардың жүздері.
Əбігер етіп кешкілік,
Төлдемес енді еш түлік.
Түрлентіп жазда көз тартқан,
Жапырақ жатыр ескіріп.
Гүлдер де енді гүлдемес,
Бақа көлден үндемес.
Тауларға түсті ақша қар,
Қайтатын ойнап күнде кеш.
Күз келді,
Қоңыр күз келді.
Азайды құстың тізбегі.
Еңбегі артып бағбанның,
Нұрланды алма жүздері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу