14.02.2022
  113


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АНАМА

Жұмбақ еді жаныма барша ғалам,
Кездеріңде əлпештеп арқалаған.
Таңғы ұйқыңды бөлдің-ау,
 талай-талай,
Болмашы бір жөтеліп қалса балаң.
Көріп едім шуақты көзіңнен күн,
Мейіріміңді бақыт қып сезінгенмін.
Тіршіліктің тізгінін қолға ұстатып,
Күлдіруді үйреткен өзің едің.
Бала бабын бəрінен ерте білдің,
Базар еді-ау жаныңа еркелігім.
Маңдайыңды самалға тотықтырып,
Пайдалығын үйреттің тер төгудің.
Құлыныңмын асаудан байланбаған,
Алақаныңды айдын ғып сайрандаған.
Мезгіл шіркін, есейтіп өткен сайын,
Сағындырып барасың қайран, Анам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу