14.02.2022
  210


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақ тілек

Арайланса ғалам бар,
Ағарып таң атты деп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Гүлге толып бар аңғар,
Құлпырса да бақ түлеп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Аттанса да сапарға,
Жолға шыға қапты деп,
Бір-біріне адамдар
Айтып жатар ақ тілек.
Сүйіп-құшып сәбиді,
Тілі қандай тәтті деп
Жайсаң жандар бар игі
Айтып жатар ақ тілек.
Адал, жақсы ниетпен
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі – АҚ ТІЛЕК.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу