14.02.2022
  122


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТАҢЕРТЕҢ

Оянған соң ұйқысынан күнде ертемен,
Ойнаймын деп қам жемейді кімдермен.
Түрлі түсті құмсауытқа өсірген,
Су құяды,
«сөйлеседі» гүлдермен.
 – Мына бірі ашылыпты тап бүгін,
Анау бірі көбелектей ақ гүлім.
Ал, мынаусы бантігімдей қып-қызыл, –
Деп Айгерім жасырмады шаттығын.
Сары гүлдер
Көз тартады нұрланып,
Самал лепке теңселеді, ырғалып.
Айгерімнің өзі де гүл сияқты,
Келе жатқан сол гүлдердей бүр жарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу