👈 қаріп өлшемі 👉

  14.02.2022
  37


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаңа жыл жыры

Әні: Аркадий Островскидікі

Жаңа жыл,
Жаңа жыл!
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл елка жанында
Билеп барлық бала жүр.
Тамаша,
Тамаша!
Елкамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы –
Көз тоймайды қараса.
Шаттық жыр,
Шаттық жыр!
Дидарында шаттық нұр,
Аяз ата ортада –
Арқасында қапшық жүр.
Келіңдер!
Келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер.
Дала нұр,
Қала нұр!
Құтты болсын жаңа жыл!
Жасыл елка жанында
Билеп барлық бала жүр.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы